Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (8-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Көп қыдырған – кезбе, Көп сөйлеген – езбе.
  2. Көп сөз – бос сөз.
  3. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
  4. Көп сөз – құлақ сарсытар бос сөз.
  5. Көп сөз есекке жүк.
  6. Көп сөз күлгенге жақсы, Аз сөз білгенге жақсы.
  7. Көп сөз ұтпайды, Дөп сөз ұтады.
  8. Көп сөздің азы жақсы, Аз сөздің өзі жақсы.
  9. Көп сөйлеген – Көптен айрылар.
  10. Көп сөйлеген білімді емес, Дөп сөйлеген білімді.
  11. Көп сөйлеген Иә жолдасынан, Иә құрдасынан айрылады.
  12. Көп сөйлеген көптен айырылар.
  13. Көп сөйлеген не жолдасынан, Не құрдасынан айырылады.
  14. Көп сөйлейді залым би, Аз сөйлейді әділ би.
  15. Көп сөйлесең – тақылдақ дер, Аз сөйлесең – ақымақ дер.
  16. Көп сөйлесең, тақылдақ дер, Сөйлемесең, ақымақ дер.
  17. Көп талқысы – аққан сел.
  18. Көп тыңда, аз сөйле.
  19. Көп ішінде сөйлеген, Көсемдіктің белгісі. Көпке сөзі ұнаған, Шешендіктің белгісі.
  20. Көпке күл шашпа.
  21. Көпке сөзің ұнаса – шешендіктің белгісі, Көп ішінде сөйлеген – көсемдіктің белгісі.
  22. Көптің аузы – зеңбірек.
  23. Көптің сөзі – темір талқы, Қисайғанды түзетер.
  24. Көр топырағы көзіңе түспесін, Сөз салмағы өзіңе түспесін.
  25. Көрген жоқ болса, естіген куә.
  26. Көрген көзіме сенемін бе, Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе.
  27. Көргенінен көз ақы алады, Сөйлегенінен сөз ақы алады.
  28. «Көрдім» деген көп сөз, «Көрмедім» деген бір сөз.
  29. Көре-көре көсем болады, Сөйлей-сөйлей шешен болады.
  30. Көршің үшін намазыңды бұз.
  31. Көріп айтқан – куәлі сөз, Естіп айтқан – шүбәлі сөз.
  32. Көсем – қиында, шешен – жиында.
  33. Көше білмеген көлік өлтірер, Сөйлей білмеген өзіне сөз келтірер.
  34. Көшпелі ел, Тоғанақсыз, бұраусыз болмайды. Той мен ас, Айтыссыз, жыраусыз болмайды.
  35. Күлкі сөз – көңілді тындырар, Қас сараң сағыңды сындырар.
  36. Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
  37. Күнде бір сөз есітпесең Құлағың қалқандай болады.
  38. Күніне мың сөйлеген адам өледі.
  39. Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі.
  40. Қағынған ауыздан Ұшынған сөз шығады.
  41. «Қазақ» десең, өзіңе тиеді, «Соқыр» десең, көзіне тиеді.
  42. Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде.
  43. Қайғылы сөз Қаза үстінде туады. Қаһарлы сөз Жаза үстінде туады.
  44. Қалжыңды түсінбегеннің қасында жүрме.
  45. Қаңқу сөздің қоспасы көп.
  46. Қап түбінде біз жатпас, Ел ішінде сөз жатпас.
  47. Қара сөзді қамшы қылды.
  48. Қара түсті ағарта алмайсың, Былапыт сөзді тазарта алмайсың.
  49. Қарағым деген жылы сөз Тон болып тәнді жылытпаса да, Жанды жылытады.
  50. «Қарағым» деген жылы сөз, Тон болып төнді жылытпаса да, жанды жылытады.
  51. Қарғыс жеті атаға жетеді.
  52. Қатты айтқан қарындасқа жақпайды.
  53. Қатты айтсаң, қарындасқа жақпайсың, Ақырын айтсаң, ақың кетеді.
  54. Қатты айтсаң, Қарындасыңа жақпайсың. Ақырын айтсаң, Ақың кетеді.
  55. Қатты-қатты сөйлесең, Мүмін діннен шығады. Жылы-жылы сөйлесең, Жылан іннен шығады.
  56. Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
  57. Қауым елді жамандама – қарғысына қаларсың.
  58. Қаһарлы сөз – қамал бұзар.
  59. Қаһарлы сөз қамал бұзады.
  60. Қисық отырсаң да, түзу сөйле.
  61. Қиын жерде жол тапқыш, Түйін жерде – сөз тапқыш.
  62. Қиыстырып қаласаң, отың жанар, Қиыстырып айтсаң, халқың нанар.
  63. Қиял – ой қанаты, Ой – тіл қанаты.
  64. Қожамен көрші болсаң: «Бер-бер» дейді, Шебермен көрші болсаң: «Көр-көр» дейді.
  65. Қойын-қойын сырыңды Түбінде келіп шын табар.
  66. Қол жүйрігі – етке, Тіл жүйрігі – бетке.
  67. Қол жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа.
  68. Қол, аяғы бар кісі – Жүк көтергіш нар кісі.
  69. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, Ауызы қимылдаған адамға аштық жоқ.
  70. Қолың ұста болсын, Сөзің қысқа болсын.
  71. Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.
  72. Қу тіл – қоңылтақ етік.
  73. Құлақ не естісе, ауыз соны айтады.
  74. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
  75. Құлақтан кірген суық сөз көңілге барып мұз болар.
  76. Құрғақ сөз бас ауыртар, Құрғақ қасық ауыз жыртар.
  77. Құрғақ сөз құлаққа жақпас.
  78. Қыдыр сөз – күйдіргі.
  79. Қызыл сөзге салыну, Қызған отқа қарыну.
  80. Қызыл тіл – жанның мияты, Абырой – ердің қуаты.
  81. Қызыл тілден, ашынғанда у тамар, Басылғанда бал тамар.
  82. Қылыш жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес.
  83. Қысыр сөзге мініп, Қысырақ қумас болар.
  84. Қысыр сөзде қырсық көп.
  85. Қышыған жерден қол кетпес, Қышытқы жерден сөз кетпес.
  86. Мағынасыз сөз болмайды, Мақалсыз ел болмайды.
  87. Мадақ – жел сөз.
  88. Майда сөйлеп, ірі шық, Ақылдының бірі шық.
  89. Мақал – сөздің атасы, Уәде – ердің опасы.
  90. Мақал – сөздің мәйегі.
  91. Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киіз қайдан шығады, Қой болмаса.
  92. Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.
  93. Мал басынан байланады, Адам тілінен байланады.
  94. Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.
  95. Малға кедей – жарлы, Тілге кедей – сорлы.
  96. Маңғыт, аузыңа саңғыт.
  97. Ми ойлағанды тіл тындырады.
  98. Ми ойланғанды тіл тындырады.
  99. Мұңайғанда мұң бар, Жымиғанда сыр бар.
  100. Мылжың үндемесе, басы ауырады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ