Өң-түс туралы мақал-мәтелдер
«Өң-түс» тақырыбындағы 114 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абыройды ақ отау жапты.
- Ағын су бал татыр, Ақ шабағы май татыр.
- Адалдың арқаны үзілмейді, Қара су сүзілмейді.
- Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.
- Адам аласы ішінде, Хайуан аласы сыртында.
- Адамды тұрар адам қып Ақ жүрек, кең адалдық.
- Адамды түсіне қарап таныма, Істеген ісіне қарап таны.
- Айғыр-үйірлі жылқыдан Сарытабан ат артық.
- Айғырды аладан салсаң, Атты аладан мінесің.
- Айғырды аладан салсаң, Атты аладан мінесің. Айғырды құладан салсаң, Атты құладан мінесің.
- Айхай менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
- Айхай өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
- Ақ айналар, қара байланар.
- Ақ айраның болмаса, Тілге ақ бозың болсын.
- Ақ аста қалмас.
- Ақ бидайдың қадірін Ашыққанда білерсің. Ағарғанның қадірін Қыс шыққанда білерсің.
- Ақ болсаң, ант ішпе, Айрандай жұғады бойыңа.
- Ақ болсаң, қараға жуыма, Аққа қара тез жұғады.
- Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен.
- Ақ дегені – алғыс, Қара дегені – қарғыс.
- Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, ақылды бастың өзі болмасақ та құлағымыз.
- Ақ жаулығы ананың – Ақ көрпесі баланың.
- Ақ жүрген адам азбас.
- Ақ ит, қара ит – бәрі бір ит.
- Ақ иіліп сынбайды.
- Ақ көт, қара көт суға түскенде мәлім болар.
- Ақ кіреуке сауыттың Жағасы болады, жеңі болмайды.
- Ақ қалпақты көрінсе, Ата екем менің демейім бе. Ақ жаулықты көрінсе, Енекем менің демейім бе.
- Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
- Ақ қошқар бүгін сойылар, Алдыңа басы қойылар, Ашыққан қарын тойынар.
- Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
- Ақ пен қара жарысар, Аққа әділдік болысар.
- Ақ пен қара жарысар, Аққа Құдай болысар.
- Ақ сәлделі қожадан, ақ жаулықты әйел артық.
- Ақ сұңқардың баласы, Алдына қоймай жем жемес.
- Ақ та болсаң, ант ішпе, Айрандай жұғар.
- Ақ үйдің айбары бар, Қара үйдің қарын-қарын майлары бар.
- Ақ үйдің жаппа болуы да сәт, Жаппаның ақ үй болуы да сәт.
- Ақ шағала көрінді – Алыс емес су жақын.
- Ақ шашты ана: «Жастығым – балам» дейді. Ақылды бала: «Ай-күнім – анам» дейді.
- Ақбозат пен Көкбозатты Жетіқарақшы ұстаған күні ақырзаман болады.
- Аққа зауал жоқ, Ақ иіліп сынбайды.
- Аққа зауал жүрмейді.
- Аққа қара жоқ, Қараға шара жоқ.
- Аққа Құдай жақ.
- Ақта қара жоқ, Қараға шара жоқ.
- Ақты қаралаған өзін жаралайды.
- Ақша қарда көп жүрсең, Көзің бір күн қарығар. Алыс жерде көп жүрсең, Көңілің бір күн тарығар.
- Ақымақтың ала-құласы болмайды.
- Ақырын-ақырын мінсе, болар торы атқа, Ақырындап барып жетсе, болар мұратқа.
- Ала айғырдан ала аяқ тумаса да, ала тұяқ туады.
- Ала айғырдан ала аяқ тумаса да, тұтас аяқ туады.
- Ала ат мінгеннің көзі тыныш, Шұбар қатын алғанның көңілі тыныш.
- Ала жылқы жоғалмайды.
- Ала жылқы жоғалмас.
- Ала қарғада алажағың болсын.
- Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.
- Алалы жылқы, ақтылы қой, Аңдыған бөрі жемей ме.
- Алалы жылқы, ақтылы қой.
- Алғаның жаман жолықса, Тез ағартар шашыңды.
- Алғыс алған ағарады, Қарғыс алған қараяды.
- Алғыс түбі – ақ май, Қарғыс түбі – қара қан.
- Алқызыл гүл жердің сәулеті, асыл жар ердің сәулеті.
- Алма алмадан реңдік алады.
- Алыстан қара көрінсе, Жүйірік озар созылып. Қаба-қаба қар жауса, Атан тартар бүгіліп.
- Алыстан қара көрінсе, қаша бер, Қаша берсең, амансың. Некеп-некеп қоймаса, Қайрылмасаң, жамансың.
- Ана алақанының аясы – Ақ шынардың саясы.
- Анаға баланың алалығы жоқ.
- Ананың алды – ақ жайлау.
- Ананың төсегі ақ мамық.
- Арғымақтан жал кетсе, Қарға адым жер мұң болар. Қара көзден нұр тайса, Жарық күнің түн болар.
- Арпа, бидай ас болады, Сары қауын қақ болады. Сарымайға жаншыған Сөктің дәмі көп болады.
- Ары өткенде ақ атты, Бері өткенде қара атты.
- Арыстанды тырнағынан танимын, Көк есекті құлағынан танимын.
- Асығыстық пен ашудан ақыл күңгірт тартар.
- Ат жақсысы боз болар, Ер жақсысы таз болар.
- Аттан аттың несі кем, Өзі тарлан көк болса.
- Ауызынан ақ ит кіріп, Қара ит шығады.
- Ашамай нарға жарасар, Ақ түйе барға жарасар.
- Аю баласын «аппағым» дер, Кірпікшешен баласын «жұмсағым» дер.
- Аю баласын жұмсағым дер, Қарға баласын аппағым дер.
- Әсіре қызыл тез оңар.
- Бай малының ағымен бұлданады, Ағы үшін жарлылар құлданады.
- Байыдым деме, Кедейлік сіңіріңе жетер. Жетістім деме, Қара жер түбіріңе жетер.
- Бақыт берсе Құдайым, көргенде білерсің, Дәулет берсе басыңа, ақ тұйғындай түлерсің, Оныменен кетпессің, ақырында өлерсің.
- Бақыт қонса басыңа, Білмесең де, данасың. Бақыт ұшса басыңнан, Ақ та болсаң, қарасың.
- Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.
- Басы қараның байы көп, Басына пайдасы жоқ.
- Басы қараның бары игі, Ұлсыздан да қызды игі.
- Басы қараның бәрі игі, Барып келсе, тағы игі.
- Басы қараның көңілі жаралы.
- Батыр деген – бір-ақ ат, Би деген – ақ шариғат.
- Бейшара «көндім» дейді, Беті қара «жеңдім» дейді.
- Бермесіңді қызартпа.
- Беті аппақ болса, Денесі салтақ болады.
- Беті аппақ болса, Көті сатпақ болады.
- Бидің жолы – ақ, судың жолы – сара.
- Биеден ала да, құла да туады.
- Болар іс болды, бояуы сіңді.
- Болар іс болып, бояуы сіңді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ