Сандар туралы мақал-мәтелдер
«Сандар» тақырыбындағы 466 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағайында алтау босаң, адам тимейді, Тура жүрсең, лебізің күймейді.
- Ағаш бір жерде көгереді.
- Ағаштың басы сынса, түбі қалар, Екеудің біреуі өлсе, бірі қалар. Жалғыздың өзі өлсе несі қалар? Киген киім, мінген ат жауда қалар.
- Адал жанға мың дос аздық етеді.
- Адам бір оқтық, өлтіру оңай, Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.
- Адам бір оқтық.
- Адам жылқы мінезді: Бір күнде түлейді, Бір күнде жүдейді.
- Адам соңында алты сауысқан.
- Адамгершілікке арналған Үш сауап бар, Шөлге құдық қазған, Өзенге көпір салған, Жолға ағаш еккен.
- Адамды екі нәрсе қартайтпайды: Бірі – жақсы мінез, Екіншісі – жақсы сөз.
- Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады.
- Адамнан сұрасаң, Екі көзің шығады. Алладан сұрасаң, Екі бүйірің шығады.
- Адамның көңілі Бір атым насыбайдан қалады.
- Ажал ақымақ үшін алтау, Ақылды үшін біреу.
- Ажалдыға бір себеп.
- Аз-аздан үйреніп дана болар, Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.
- Ай қамын алты рет ойласаң, Жыл қамын он рет ойла.
- Айғырың жақсы болса, бір сай, Биең жақсы болса, бір тай.
- Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар.
- Айдағаның екі ешкі, Ысқырығың жер жарады.
- Айдың басынан қорықпа, Бесінен қорық.
- Айдың бір беті жарық, Бір беті қараңғы.
- Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
- Айла – алтау, ақыл – жетеу.
- Айла алтау, Ақыл жетеу, Айла мен ақыл қосылса Алдырмайтын екеу.
- Ақ деген қуда Бір шағым қу бар.
- Ақсары деген құс болады, Баласы алғыр бес болады, Қу ілері бір болады, Қу ілмейтін жаманы Құладын құсқа жем болады.
- Ақсұңқардың баласы алтау болар, Бесеу болар, ішінде біреуі қу болар. Қу ала алмаған жаманы Құладынға қор болар.
- Ақыл – алтау, Ой – жетеу.
- Ақыл – мың оқудың басы.
- Ақыл алты басты, Нәпсі жеті басты.
- Ақыл кіріп, қырықта әдеп білмесе, «Адам емес» болар еді, кім десе!
- Ақылды адам аптықпай, шыдап сөйлейді, Жаңғыртып екі айтпай, бір-ақ сөйлейді.
- Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
- Ақылды мың жасар, Ақымақ бір жасар.
- Ақылсыз бас екі аяққа дамыл бермейді.
- Ақылсыз достан мың сақтан, Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
- Ақымақтың жетпіс қателігін кешіруге болса да, Ақылдының бір қателігін кешіруге болмайды.
- Ақыреттің мың күнінен, Жалғанның бір күні артық.
- Алаңғасар астындағы атын алты ай іздейді.
- Аласыға алтау аз, Бересіге бесеу көп.
- Алған бір жазықты, Алдырған мың жазықты.
- Алған бір күнәлі, алдырған мың күнәлі.
- Алған сабағың біреу болсын, тарқауы мың болсын.
- Алғыс алған мың жасайды, Қарғыс алған оңбайды.
- Алдыңа ас қойдым, Екі қолыңды бос қойдым.
- Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
- Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
- Алладан сұрағанның екі бүйірі шығар, Адамнан сұрағанның екі көзі шығар.
- Алпыс – дер шағы, Жетпіс – мәр шағы, Сексен – жер шағы, Тоқсан – шер шағы, Жүз – қор шағы…
- Алпыс адам аттан жығылса, Әрқайсысы өз ауырған жерін сипайды.
- Алпыс атың болғанша, Ақылды қатының болсын.
- Алпыс батпан көтерген кісі Бес батпан қосқаннан қорықпайды.
- Алпыс екі тамырың беліңде болсын.
- Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көш те айдынға құла.
- Алпыс күн атан болғанша, Алты күн бура бол.
- Алпыс күн тасыған су Алты күнде қайтар.
- Алпыс кісі аттан жығылса, Әркім ауырған жерін ұстайды.
- Алпыс кісі аттан жығылса, Әрқайсысы өз ауырған жерін сипайды.
- Алпыс қарсақ ат болмас.
- Алпыс құлан ат болмады, атасына нағлет аңшылық.
- Алпыс құлан ат болмас, Атасына нәлет аңшының.
- Алпыс құлан ат болмас.
- Алпыс нарың болғанша, Ақылды жарың болсын.
- Алпысқа дейін асыр, Жетпістен соң жасыр.
- Алпысқа келген адамның Алты түрлі реңі. Айнымайды жылқының, Торы менен күреңі.
- Алпысқа келген адамның, Алты түрлі реңі. Айырылмайды жылқының, Торысы мен күреңі.
- Алпысқа келгенше адамның алты түрлі реңі, Айнымайды жылқының торы менен күреңі.
- Алпыста ақылшың болса, Басыңа дау қонбайды.
- Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.
- Алпыстан кейін шал ерке, Алтыға дейін бала ерке.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, Күні келген уақытта жігіт аттай желеді.
- Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, Түстік жерден түсім түседі.
- Алтаумын деме, жетеуге жолығарсың, жетеумін деме, сегізге жолығарсың.
- Алтаумын деме, Жетеуге жолығасың.
- Алты ай баққан арықты Бір күн ұрындырған өлтірер.
- Алты ай жаздай мен міндім қайыққа, Не жазығым бар екен осы аяққа.
- Алты ай мінсе арымайтын.
- Алты ай от болып, Айырылар күні боқ болма.
- Алты аласы, бес бересі жоқ.
- Алты ауызды қазақ.
- Алты бала таппай ана аталмайды, Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
- Алты жаман бір болса, Бір жақсыны иеді.
- Алты жасар бала алыстан келсе, Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
- Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығар.
- Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығып ат ұстар.
- Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал Алдынан шығып атын ұстар.
- Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал сәлем береді.
- Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал сәлем берер. Алты жасар бала жолдан келсе, алпыстағы шал алдынан шығар.
- Алты жасар жолдан қайтса, Алпыс жасар көрісе келер.
- Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
- Алты жыл апат келсе де, ажалды өледі.
- Алты жыл атан болып алшаңдағанша, Алты күн бура болып сақылда.
- Алты жыл аш болсаң да, Атаңның салтын ұмытпа.
- Алты күн атан болғанша, Бір күн бура бол.
- Алты күн аш болсаң да, Ата әдетін қойма.
- Алты күн аш болсаң да, Атаның әдетін қойма.
- Алты күн аш болсаң, Анаңнан безерсің.
- Алты күн аш болсаң, атаңнан безерсің.
- Алты күн аш қалсаң да атыңды сайла.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ