Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Татулық пен араздық туралы мақал-мәтелдер

«Татулық пен араздық» тақырыбындағы 56 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абысын тату болса, шыж-мыж көбейеді, Ағайын тату болса, сіз-біз көбейеді.
  2. Ағайын жақында болса, тістескен, Алыста болса, кісінескен. Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер.
  3. Ағайын туған кімде жоқ, Сыйласпаса одан жат жуық.
  4. Ағайынның азары болса да, безері болмас.
  5. Ағайынның аразы ауыздың сасығымен бірдей.
  6. Адасқан қазды жиылған қарға жейді.
  7. Ажыраған бірін-бірі іздейді.
  8. Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер?
  9. Айрылған аюға жем, Бөлінген бөріге жем.
  10. Айрылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
  11. Айыратын жаман бар, Қосатұғын жаран бар.
  12. Айырылған азады, Қосылған озады.
  13. Айырылғанды аю асайды, Бөлінгенді бөрі асайды.
  14. Айырылма үйіріңнен, Айырылсаң үйіріңнен, Екі қолың кетпес бүйіріңнен.
  15. Ақ киім – кірлегіш, Ақ көңіл – кешіргіш.
  16. Ала болған алты кісіні Ынтымақты болған екі кісі алады.
  17. Алакөздік шел басқан көз секілді.
  18. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
  19. Алтау ала болса, алдындағыны алдырар, Төртеу түгел болса, төбедегіні түсірер.
  20. Алты бақан, ала ауыз.
  21. Аңдысқан ауыл болмас, ит балалап сауын болмас.
  22. Аңдысқан ауыл болмас.
  23. Апалы-сіңлілі тату болса, үйді гүлстан етеді.
  24. Ара шақты деп араз болма, балы бар.
  25. Артқы айылым берік болса, Атым, тулап не етерсің? Ағайында бірлік болса, Жатым, маған не етерсің?
  26. Артта қалғанды аю жер, Бөлек кеткенді бөрі жер.
  27. Арық қазған – су ішер, Араздасқан – у ішер.
  28. Атасы татудың – баласы тату.
  29. Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
  30. Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді, Ынтымаққа Қырымдағы жетеді.
  31. Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді, Ынтымақты болса, қырдағы жетеді.
  32. Ауыл болсаң, қауым бол, Көрші болсаң, тату бол.
  33. Ауыл итінің аузы ала болса да, Бөрі көргенде бірігеді.
  34. Ауылы бірге ас ішеді, Қонысы бірге от жейді.
  35. Ауылы бірдің – ауызы бір.
  36. Ашу шабыстырады, ақыл жарастырады.
  37. Әр құстың өз алдына жемі бар, Әркімнің өз алдына теңі бар.
  38. Әрі жат, бері жат – төсек тарлығы, Сенікі-менікі – көңіл тарлығы.
  39. Әуелі көріс, сонан соң біліс.
  40. Байлық жарастырар, Жоқтық таластырар.
  41. Барлық жарастырады, Жоқтық таластырады.
  42. Бармақ басты, көз қысты.
  43. Басы қату болса, аяғы тату болады.
  44. Бәлеқор екі араға от жағады, Біреуі өртенсе, өзі де жанады.
  45. Бәлеқорды байытпа, Тәкәппарды көтерме.
  46. Бел мен білек біріксе, жұмыс бітер.
  47. Беру-алу көрші салты, Жарастыру елші салты.
  48. Бес бармақ жиналса, жұдырық болар.
  49. Бұрынғылар өтіпті, Бәрін айтып кетіпті, Ынтымаққа жетіпті.
  50. Бір ауыздылықтан құт кіреді, Ала ауыздылықтан жұт кіреді.
  51. Бір жеңнен қол шығару, Бір жағадан бас шығару.
  52. Бір күн ұрысқанның Қырық күн нәсібі төгіледі.
  53. Бір күнгі ұрыстың Қырық күндік қырсығы бар.
  54. Бір қолыңның ашуы келсе, Бір қолыңмен арашала.
  55. Бір құрт тапсаң, бөліп же.
  56. Біреуге ор қазсаң, өзің түсерсің.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ