Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер
«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (12-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Тілімнен көрейін бе, Мінімнен көрейін бе?
- Тілін білмеген түбін білмейді.
- Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.
- Тілің бар болса, Жауым жоқ деме, Тамырың бар болса, Дауым жоқ деме.
- Тіліңді тый – тісің сынбайды.
- Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
- Тіріде жанға тыным жоқ, Қызыл тілде буын жоқ.
- Тіс – тілдің қамалы.
- У ішкен бір өледі, Ант ішкен мың өледі.
- Уәде – Құдай аты.
- Ұзын сөздің үйірі, Қысқа сөздің қиыры.
- Ұзын шапан аяғыңа оралады, Ұзын тіл мойныңа оралады.
- Ұқпас құлаққа айтқан сөз, Оқпанға құйған сумен тең.
- Ұлттың қуаты – тілінде.
- Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.
- Ұлы сөзде – ұят жоқ.
- Ұлы сөзде ұяттық жоқ.
- Ұлы сөзден ұлағат.
- Ұстара тырнайды, өткір сөз турайды.
- Ұялмас бетке талмас жақ береді.
- Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
- Үндемесең, құдаша, үнің өшсін, Өткір қайшы сумаңдап тіліңді кессін.
- Үндеместе үйдей пәле бар, Екі ұртында жала бар.
- Халық аузына қақпақ қойып болмайды.
- Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
- Хан екі айтса, қадірі кетеді, Қараша екі айтса, ары кетеді.
- Хан сырын білгеннің қаны төгіледі.
- Шабына түртіп, шамына тиеді.
- Шайқап сөйлесе, Алды-артыңды байқап сөйле.
- Шал, Шалдың сөзі – бал.
- Шалдуар мінезді, шайпау сөзді.
- Шебердің бізі – ортақ, Шешеннің сөзі – ортақ.
- Шебердің қолы – ортақ, Шешеннің сөзі – ортақ.
- Шебердің қолы – ортақ, Шешеннің тілі ортақ.
- Шешен – көптің анасы.
- Шешендік күші – шындық.
- Шешеннің сөзі – ортақ, Шебердің бөзі – ортақ.
- Шешеннің сөзі ортақ.
- Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ.
- Шешеннің тілі Семсердің жүзі.
- Шешілмеген шиені Тырнақ шешпес, тіл шешер.
- Шешімді білмейтін Кесімді сөз айта алмайды.
- «Шөк!» десе, түйе де шөгеді.
- Шын – бір сөз, Өтірік – мың сөз.
- Шын сөз – бал, өтірік сөз – жуа.
- Шын сөз абақтыдан да шығарады.
- Шын сөздің маңдайы қасқа.
- Шынайы сөз, не күйінгенде шығады, Не сүйінгенде шығады.
- Шынға жерік – сырға берік.
- Ымға түсінбеген дымға түсінбейді.
- Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
- Ішек, қарын ет болмайды, Өсекшіде бет болмайды.
- Ішімдегінің бәрі тілімде, Тілімдегінің бәрі түрімде.
- Ішіңде пікір өлгенше, Сыртыңда талау болсын.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ