Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Имандылық туралы мақал-мәтелдер

«Имандылық» тақырыбындағы 213 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адал ниет – ақ көйлек.
  2. Адал шындыққа тоқтайды.
  3. Адал істің әулие-пірі бар.
  4. Адалдық – ардың ісі, Ауырды көтеру – нардың ісі.
  5. Адалдық аздырмас, Арамдық бойды жаздырмас.
  6. Адалдың арқаны ұзын.
  7. Адам – ардақты ат.
  8. Адам адамға, жан кеудеге мейман.
  9. Адам болам десең, Арыңды ақшаға сатпа.
  10. Адам болып туған соң, Адам болып өлу ләзім.
  11. Адамзат бүгін адам, ертең топырақ.
  12. Ажал деген – атқан оқ, Бір Алланың қақпаны.
  13. Айдай ажарды иттей нәпсі бүлдірді.
  14. Ақ ақталар, қара байланар.
  15. Ақ жүрек адам азбас.
  16. Ақ иіліп сынбас.
  17. Ақкөңіл адамға біреудің сырқаты батады.
  18. Ақкөңілден би қойсаң, Бұрылмас сөзге арадан. Қара жүректен би қойсаң, Аузы кеппес парадан.
  19. Аққа зауал жоқ.
  20. Аққа құлып жоқ.
  21. Ақсақалдың назасына қалма, Сақалының ағы ұрады. Патшаның жазасына қалма, Өзі ұрмаса, астындағы тағы ұрады.
  22. Ақтың отын ақымақ өшірмейді.
  23. Ақырзаман боларда әулие көбейеді.
  24. Алғыға қарап пікір ет, Соңғыға қарап шүкір ет.
  25. Алғыс алған тек те емес, Қарғыс алған көктемес.
  26. Алдау бар жерде ақиқат жоқ.
  27. Алтын көріп періште жолдан тайған.
  28. Алтынды адал қол да, арам қол да ұстайды.
  29. Аманат аман сақтайды.
  30. Аманат, аманатқа қылма қиянат.
  31. Ар жазасы бар жазадан ауыр.
  32. Ар қиналмай, жан қиналмайды.
  33. Ар сатып ырыс жинама.
  34. Арам әрекет елден кеткізер.
  35. Арамдықты адалдық жеңеді, Жамандықты адамдық жеңеді.
  36. Арамдықты адалдық жеңеді, Жамандықты амандық жеңеді.
  37. Арамның адымы қысқа.
  38. Арға – мінәжат.
  39. Арсыз қолым істеді, Арлы бетім ұялды.
  40. Арсыздықтың адамды жеңетін де жері бар.
  41. Арыңды жеме, барыңды же.
  42. Ас та бір несібе.
  43. Асыңды ішейін, аяғыңды тебейін.
  44. Атпа, достым, ұларды, Бұзба тобын олардың, Тау бұлбұлы солардың, Мен жырына құмармын.
  45. Әділдікке жан құрбан.
  46. Әділдіксіз қайыр жоқ.
  47. Әжім – әжемнің әрі, Демеңіз оны кәрі, Кәрінің сөзі – дәрі.
  48. Әулие аттаған оңбайды.
  49. Әулие әуелі өзін жарылқасын.
  50. Бай мейірімінен Күн мейірі.
  51. Байғұстың асын «біссіміллә» құртады.
  52. Байда пейіл болса, Кедейде мейір болады.
  53. Баталы құл батар, Батасыз ұл қатар.
  54. Беттің арын белбеуге түйме.
  55. Бетіне келген ұятын, Өзі біліп жуса игі.
  56. Бұйырғанға дауа жоқ.
  57. Дәтке – қуат.
  58. Долы кісі пышақ өткізеді.
  59. Дүниеқоңыздың ішінде шайтаны бар.
  60. Дін тазасын ой табар.
  61. Дінсіз – кәпір.
  62. Ер аруағы қарулы.
  63. Ер бір рет өледі, Ез мың рет өледі.
  64. Ерден иман құтылмас.
  65. Ердің құны – жүз жылқы, Ары – мың жылқы.
  66. Етпен қарын тоқ, Ниетпен жаның тоқ.
  67. Жазған құлда жату жоқ.
  68. Жақсы – арына құл, Жаман – малына құл.
  69. Жақсы болсаң жердей бол, Бәрін шыдап көтерген; Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген.
  70. Жақсы ниет – жарым ырыс.
  71. Жақсыда кек жоқ, Кектіде тек жоқ.
  72. Жақсылық еткен алғыс алады.
  73. Жақсылық жасасаң, жасыр, Жақсылық көрсең, асыр.
  74. Жақсылық жерде қалмас.
  75. Жақсылық ізсіз кетпес.
  76. Жақсылыққа жақсылық – Әр кісінің ісі дүр. Жамандыққа жақсылық – Ер кісінің ісі дүр.
  77. Жақсылыққа жамандықты Әр кісі қылар, Жамандыққа жақсылықты Ер кісі қылар.
  78. Жақсының жаны – жәннәт.
  79. Жақсының үйі түссе, күйі түседі, Жаманның үйі түссе, бүйі түседі.
  80. Жалған ісі ақыретке кетпейді.
  81. Жалғыздық – бір Тәңірдің сыбағасы.
  82. Жалғыздық Құдайға жарасар.
  83. Жалғыздың діні қатты.
  84. Жаман адамға мал бітсе, Зекет бермес.
  85. Жаман кісі кекшіл.
  86. Жаманға ас берсең, Үйіңнен шықпайды. Өліге ас берсең, Түсіңнен шықпайды.
  87. Жаманға жалынба, адамға табынба.
  88. Жаманға қарғыс болмаса, алғыс тимейді.
  89. Жамандық жасырылмас.
  90. Жамандық қылсаң пәле күт, Бәріне де зауал бар.
  91. Жаманның жаны қымбат, Жақсының ары қымбат.
  92. Жапа қылғанға опа қыл.
  93. Жарлы деп сөкпе, Пайғамбарға тілің тиеді, Жалғыз деп сөкпе, Құдайға тілің тиеді.
  94. Жастың тілегі, қарттың батасы қабыл.
  95. Жолаушы пірі – баба Қайып.
  96. Жүзігің алтын болғанша, Жүзің жарқын болсын.
  97. Жүрегі жомартқа иман қонады, Қолы жомартқа сұғанақ қонады.
  98. Жылан жалбыздан қашар.
  99. Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде.
  100. Жылылық – күннен, мейірімділік – адамнан.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ