Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жастық-кәрілік туралы мақал-мәтелдер

«Жастық-кәрілік» тақырыбындағы 64 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам артындағысын көріп қартаяды.
  2. Адам баласы артындағысын көріп қартаяды.
  3. Адам болар баланы толықпаған жас деме, Жамандығын көргенше, жолдасыңды қас деме.
  4. Адам кейінгіні көріп қартаяды.
  5. Адам кейінгіні көріп, қартаяды, Алдыңғыны көріп, марқаяды.
  6. Адам қызығы – қарығанша, Ат қызығы – арығанша.
  7. Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды.
  8. Ақсақалдан бата алған, Құдайдың рахметіне жолығар.
  9. Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік тай – құлыннан.
  10. Ақыл алсаң, азбассың, Көпті көрген көнеден.
  11. Ақыл жас ұланнан шығады, Жүйрік тай-құнаннан шығады.
  12. Ақылсыз үлкеннен Ақылды бала артық.
  13. Ақымақ білмес атының арығанын, көсе білмес жасының кәрілігін.
  14. Ақымақ білмес атының арығанын, Көсе білмес жасының қарығанын.
  15. Алжыған арыстанның сақалын қоян жұлар.
  16. Арақ ішіп мас болдым, Қатын алып жас болдым.
  17. Арыстан қартайса, тышқан аулайды.
  18. Арыстан қартайса, тышқаншыл.
  19. Асарын асаған, Жасарын жасаған.
  20. Асарын асап, жасарын жасаған.
  21. Асарыңды асадың, Жасарыңды жасадың.
  22. Асырын асаған, Жасырын жасаған.
  23. Ат аяғын тай басар.
  24. Ат қартайса – ұрыншақ, Ер қартайса – жаңылшақ.
  25. Ат қартайса ұрыншақ болар, ер қартайса жаңылшақ болар.
  26. Ат қартайса, Есекпен достасады. Адам қартайса, Төсекпен достасады.
  27. Ат тай-құнаннан, Ақыл жас ұланнан.
  28. Аузын аш, тісі жоқ болса қаш.
  29. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
  30. Ауылыңда қария болса, Жазып қойған хатпен тең.
  31. Ауылыңда қартың болса, хатың сол, Жаманың болса, жатың сол. Жақсылық болса, жақының сол.
  32. Аяқтан кәртейсең – тұралағаның, Бастан кәртейсең – қуарғаның.
  33. Әйелді бастан, Баланы жастан.
  34. Әке тұрғанда ұл ержетпейді.
  35. Бала жүгірсе, қарттың қарап отырып аяғы ауырады.
  36. Баламен жолдас болсаң, Бала боларсың, Қариямен жолдас болсаң, Дана боларсың.
  37. Баланы бастан жаттықтыра алсаң, Өскен соң бастықтыра аласың.
  38. Баланы жастан үйрет, Қатынды бастан үйрет.
  39. Берекелі тоғайда Басын иіп тал тұрар. Берекелі ауылда Ақылы дана шал тұрар.
  40. Бота ойнақтаса Молшылыққа. Тайлақ ойнақтаса Тоқшылыққа. Кәрі түйе ойнақтаса Жоқшылыққа.
  41. Бұқа қартайса да, мұрны қартаймайды.
  42. Бүгінгінің қартымыз, Кешегінің артымыз.
  43. Білгенге дәрі шалмын, Білмегенге кәрі шалмын.
  44. Білімді әйел басыңа қарайды, Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
  45. Елу шылбырдан алды, Алпыс тізгіннен алды, Жетпіс өре салды, Сексен – тұсау салды, Тоқсан – толқып қалды.
  46. Есік алдында төбе болса, Ерттеп қойған атпен тең.
  47. Жақсы адам қартайса, Жазып қойған хаттай, Жаман адам қартайса, Бықсып жанған оттай.
  48. Жас келсе – іске, Кәрі келсе – асқа.
  49. Жасында байқары жоқтың Жасы жеткенде айтары жоқ.
  50. Жасыңда жалықпасаң – Қартайғанда тарықпайсың.
  51. Кәрі – қалтаң, Жас – жалтаң, Жас келсе – іске, Кәрі келсе – асқа.
  52. Көп жасаған Құрдасынан айрылады. Жұғымы жоқ – Жолдасынан айрылады.
  53. Көп жасаған құрдасынан, Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.
  54. Көп жасағаннан сұрама, Көпті көргеннен сұра.
  55. Қараша – қауыс, Кәрі-құртаңды тауыс.
  56. Қартайдым деп, қайырма, Жас бала бар артында, Жалғызбын деп, қайырма, Жақсылар бар артында.
  57. Қарттың айтқанын істе, Жастың тапқанын же.
  58. Қарты бар елдің Қазынасы бар, Қызы бар елдің Базынасы бар.
  59. Қарты бардың жұрты бар, Кемпірі бардың құрты бар.
  60. Өткен өмір – Өшкен көмір.
  61. Су ағады, тас қалады, Кәрі кетеді, жас қалады.
  62. Үлкен пышақ – Ұялғаннан өтеді.
  63. Үлкенге – ізет, жасқа – жол.
  64. Шалды шақыр, асыңа келсін, Шалдығына күл, басыңа келсін.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ