Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Той, мереке туралы мақал-мәтелдер

«Той, мереке» тақырыбындағы 53 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абылайдың асында жорғаламағанда, Атаңның басында жорғалаймысың!
  2. Абылайдың асында шаппағанда, Атаңның басында шабасың ба?
  3. Адам жақсысы берекеде, Ат жақсысы мерекеде.
  4. Адамды ой арытар, Атты той арытар.
  5. Айдаболдың асында шаппағанда, Әкеңнің басында шабасың ба?
  6. Айт аттынікі, Той тондынікі.
  7. Айт аттынікі, Той тондынікі. Дау дәудікі, Айт, айт!
  8. Ақ серке қой бастайды. Ақын жігіт той бастайды.
  9. Ақ түйенің қарны ақтарылып.
  10. Ақ түйенің қарны жарылған деген осы.
  11. Ақылды жігіт – ойшыл, Ақылсыз жігіт – тойшыл.
  12. Ақымақ басқа үйге тойға барса, Үйімнен мұнда жақсы екен дейді.
  13. Ақымаққа күнде той, Ақылдыға күнде ой.
  14. Ақымаққа күнде той.
  15. Ақын болсаң, той көп.
  16. Ақын жігіт той бастар, Батыр жігіт қол бастар, Шешен жігіт дау бастар.
  17. Алты қатын асқа барса, Әрқайсысы өзінің мұңын айтады.
  18. Арсызға алты күн мейрам.
  19. Арсыздың айты алты күн.
  20. Ас аттынікі, той тондынікі.
  21. Ас барында – дос жоқ, Ат барында – той жоқ.
  22. Ас жүрген жер – береке, Жас жүрген жер – мереке.
  23. Асқа барсаң – аш бар, Тойға барсаң – тоқ бар, Той қызығы – көкпар.
  24. Асқа барсаң, аш бар, Тойға барсаң, тойып бар.
  25. Асықпа, тойға барарсың, Өлеңші болсаң, жеңерсің, Палуан болсаң, жығарсың.
  26. Асың болса, дос көп, Атың болса, той көп.
  27. Ат өлсе, иттің тойы.
  28. Аты-тоны сай кісі Жиын тойға барысар, Ұлы-қызы бар кісі Құдалыққа барысар.
  29. Ауру адам айт күні өледі.
  30. Әкесінің ақшасымен үйленген Әйелінің қадірін білмейді.
  31. Әншейінде ауыз жаппас, Той дегенде өлең таппас.
  32. Әр нәрсе уақытымен қызықты.
  33. Әшейінде ауыз жаппас, Той дегенде бірін таппас.
  34. Әшейінде ауыз жаппас, Той дегенде өлең таппас.
  35. Бақаға күнде той.
  36. Бақаның тойы батпақта.
  37. Батыл жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар.
  38. Бәрің бірдей қойшы болма, Бәрің бірдей тойшы болма.
  39. Бәрің бірдей қойшы болма, Құл боларсың. Бәрің бірдей тойшы болма, Қу боларсың.
  40. Бәрің бірдей тойшы болғанша, Біреуің қойшы бол.
  41. Бәрің тойшы болғанша, Бірің қойшы бол.
  42. Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам.
  43. Берекелі жерден мереке кетпес.
  44. Берекесіз ауыл – мерекесіз.
  45. Бие мініп тойға барма, Көкпар шаба алмайсың. Түйе мініп қойға барма, Жөндеп баға алмайсың.
  46. Бөрінің тойына барсаң, Бөрібасарды ерте бар.
  47. Бұқа буға, азбан дуға семіреді.
  48. Бұқа қарап жүріп тойға жасауыл болды.
  49. Біздің балада кеміс жоқ, Қалып тұрғаны – үйлену тойы.
  50. Той сылтауымен тон бітті.
  51. Тойға барсаң, тойып бар, Бар жұмысты қойып бар.
  52. Тойдың болғанынан боладысы қызық.
  53. Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де, қойға бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ