Су туралы мақал-мәтелдер
«Су» тақырыбындағы 460 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаш тамырынан су ішер.
- Ағу дария харам болмас, Қанша ит келіп сарыса да.
- Ағын су – тегін су.
- Ағын су ақ татыр, Ақ шабағы бал татыр.
- Ағын су арам болмайды, Ақылды сараң болмайды.
- Ағын су арам болмас, ит жалдап жаласа да, жақсы адам жаман болмас, жасы жетіп қарыса да.
- Ағын су арнасын табады.
- Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді, Ай мен Күн өлмейді, Қара Жер өлмейді.
- Ағын суда арам жоқ.
- Ағын судың арамдығы жоқ.
- Адам адаммен, жер сумен.
- Адам кейде көл, кейде шөл.
- Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас.
- Адам іші дария.
- Адамзат бірде теңіз, бірде самал.
- Айдапсал от жақса, сақтықтың суын сеп.
- Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас.
- Айдындағы аққуды Ақылды мерген атпайды. Ақ еркесін айдынның Атуға қолы батпайды.
- Айтулы достың малы бір, Кемедегінің жаны бір.
- Ақиқат ағын суды да тоқтатады.
- Аққан суға да бір тосу болар.
- Аққан судың да бір тоқтауы бар.
- Аққу жүзсе су сұлу.
- Аққу көлге, дуадақ шөлге.
- Аққу құсқа оқ тисе, Қанатын суға тигізбес. Айтулы ерге оқ тисе, Қиналғанын білдірмес.
- Аққу құсқа оқ тисе, Қанатын суға тигізбес. Ақсүйекке оқ тисе, Көршісіне білдірмес.
- Аққу ұшса, көлге қонады, Сұмырай ұшса, шөлге қонады.
- Ақпаса, су бұзылады.
- Ақсақ қой ауыл қасында, Ия құдық басында.
- Ақсақ қой ауыл қасында, не құдық басында.
- Ақсақты алсаң, сау туар, Соқырды алсаң, суы қуар.
- Ақыл – дария, алсаң да таусылмайды. Жер – қазына, қазсаң да таусылмайды.
- Ақыл – дария, Алсаң да, таусылмайды. Жер – қазына, Саусаң да, таусылмайды.
- Ақыл – дария, жер – қазына.
- Ақыл – дария, көңіл – дүлдүл.
- Ақыл – дария, ой – теңіз.
- Ақыл дария білгенге, Бұл дүние жоқ өлгенге.
- Ақыл деген ағып жатқан дария, Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.
- Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын көл.
- Ақылды кәрия – ағып жатқан дәрия.
- Ақылды қария – ағын дария.
- Ақылды қария – ағып тұрған дария.
- Ақылды ойланғанша, Ақымақ суға кетеді.
- Ақылдының алды – ағып жатқан дария, сараң адамның алды – қу-тақыр, шөл дала.
- Ақылдының алды, Ағып жатқан дария. Сараң адамның алды, Қу тақыр, шөл жазира.
- Ақымақ артын ойламас, Аласа суға бойламас.
- Ақымақ жауынды күні суға түсер.
- Ақымаққа айтқан сөз Ағып жатқан сумен тең. Ақылдыға айтқан сөз Қолға қонған құспен тең.
- Ақымақпен жолдас болсаң, Ағып суға кетерсің. Ақылдымен жолдас болсаң, Арманыңа жетерсің.
- Алма же де, су ішкін, Ауырмасаң, маған кел. Жиде же де, су ішкін, Семірмесең, маған кел.
- Алманы шөлге ек, салды көлге сал.
- Алманы шөлге ек, салыны көлге ек.
- Алуға келгенде азбандай, Беруге келгенде шөлден құдық қазғандай.
- Алыстағы апаннан Алдыңдағы құдық қайырлы.
- Алыстағы дариядан Алдында жатқан қақ артық. Төскейдегі тұлпардан Жаныңда тұрған жабы артық.
- Алыстағы судан сусының қанбайды.
- Алыстан үрген ит қаппас, Төбеге төменнен су ақпас.
- Алысып ойнар теңің болсын, Сүңгіп бойлар көлің болсын.
- Аң кезеңге, су төменге ұмтылады.
- Аңсағанға сусаған.
- Арқар – Құлжасымен, Өзен – Жылғасымен.
- Арнасыз жерден су ақпайды.
- Арыған ат шұқанақ санайды, Ашыққан ат қолыңды жалайды, Жараған ат көзіңе қарайды.
- Арық ат сусауық.
- Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар.
- Арық қазбасаң су келмейді.
- Арықтың көркі – сәмбі тал, Аттың көркі – құйрық, жал.
- Ас – аз, ниет – көп, Отын – олжа, Су – қорлық.
- Асау өзен өткелсіз болмас.
- Аспаннан Әбілхаят суы жауса да, Тал ағаш жеміс бермейді.
- Ат айланып қазығын табады, Су айланып жазығын табады.
- Ат, атаның сай болса, Қашсаң, жаудан кетерсің. Кетпен, шотың сай болса, Қазсаң, суға жетерсің.
- Ата – кеме, ана – дария.
- Ата-ананың ақылы Сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы Сарқылмайтын көлмен тең.
- Атаным сай, атым сай, Қашсам, жаудан кетермін. Кетпенім сай, шотым сай, Қазсам, суға жетермін.
- Ауыздан бірде от, бірде су шығар, Бірі жандырса, бірі сөндірер.
- Ауылың ынтымақты болса, Суалмас көлдейсің. Ауылың ынтымақсыз болса, Су бармас шөлдейсің.
- Ауылыңда айна бұлағың болса, Кісі құдығынан су ішпе.
- Аязды күні қойға су бергенше у бер.
- Әйелсіз үй сусыз диірменмен тең.
- Әйелі жоқ үй – суы жоқ диірмен.
- Әке – асқар тау, ана – ағар бұлақ.
- Әке жүрегі таудан үлкен, Ана жүрегі теңізден терең.
- Әкең көк басы болғанша, Үйің көмейде болсын.
- Әлім келсе, Арыс суын байлар ем.
- Әр арна өз көгілдірін аққу санар.
- Әрбіреуге құдық қазсаң, Түсерсің өзің.
- Бай – теңіз, Оны жей алмаған – доңыз.
- Бай байға құяды, Сай сайға құяды, Көл көлге құяды.
- Бай байға құят, су суға құят.
- Байдың малы теңіз, Ептеп жемеген доңыз.
- Байлық қолда ұстауға мұз: Қатты ұстасаң, сынып кетеді, Бос ұстасаң, еріп кетеді.
- Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерсің, Батырсынған жігітті жау келгенде көрерсің.
- Бақа батпағында, Балық көлінде.
- Бақа жарығы суменен, Қатын жарығы ерменен.
- Бақа көлін аңсайды, Бұлдырық шөлін аңсайды.
- Бақа сисе, көлге сеп, Жақсы қатын малға сеп.
- Бақа сисе, көлге сеп.
- Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.
- Бақыт қолға қонған құс, Байлық қолға ұстаған мұз.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ