Жазмыш туралы мақал-мәтелдер
«Жазмыш» тақырыбындағы 74 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Айдың жартысы жарық, жартысы қараңғы.
- Ақша қарда көп жүрсең, Көзің бір күн қарығар. Алыс жерде көп жүрсең, Көңілің бір тарығар.
- Алпыс – дер шағы, Жетпіс – мер шағы, Сексен – жер шағы, Тоқсан – шер шағы, Жүз – көр шағы.
- Арқада қыс болмаса, арқар ауып несі бар.
- Әр Мұсаға – бір перғауын.
- Әр тірлікке төнер бір зауал бар.
- Бұйырған асқа тісің тисін.
- Бұйырмаса, бұттан кетеді.
- Бір қайғыны ойласаң, Жүз қайғыны қозғайды.
- Бірде бас, бірде тас болып.
- Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамайды.
- Дүние кезек.
- Еншісі басқаның ені бөлек.
- Жабырқамас көңіл жоқ, Жанып бітпес көмір жоқ.
- Жазмыштан озмыш жоқ.
- Жазылмайтын жара жоқ, Серпілмейтін аза жоқ.
- Жалаң аяқ жар кешті, Қызыл аяқ қар кешті.
- Жамандық көрмей, жақсылық болмас.
- Жаңа айдан жақсылық.
- Жас келген сайын жан жақын келеді.
- Жер – жеті қат, Аспан – алты қат.
- Жоғалғанды жоқтама, Жоққа өкінбе.
- Жолдағы құйрықтан, Қолдағы өкпе артық.
- Жұтқаның – бұйырғаны, Шайнағаның – күмән.
- Жүгірген алмайды, бұйырған алады.
- Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
- Жылағанмен өлген кісі тірілмейді.
- Жылай-жылай бергеніңді, Қуана-қуана қайтарарсың.
- Кеменің арбаға мінетін де, Арбаның кемеге мінетін де кезі болады.
- Кесімді малға өлім бар.
- Көп екен көргеннен көрмегенің, Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
- Көресіңді көрмей көрге кірмейсің.
- Көрінің бәрі өледі, Жастардың ажалдысы өледі.
- Көшерін жел біледі, Қонарын сай біледі.
- Күн түскен жерге көлеңке де түседі.
- Қайғының жолы құлама.
- Қайғың қара қазан болсын.
- Қамыққан жұбанар, Тарыққан қуанар.
- Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер.
- Қасірет соңы – қуаныш.
- Қой өлсе, қозы болады, Келер жылы өзі болады.
- Қомға шыдаған шомға да шыдайды.
- Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан.
- Қызды қырық кісі айттырады, Бұйырған біреуі алады.
- Қырдағыға жаңбыр жауса, Шыңдағыға қар жауар.
- Қырқына шыдаған Қырық біріне де шыдайды.
- Мұнан да жаман күнімде тойға барғанмын.
- Өлер бала молаға қашады.
- Өлмеген құлға, Құдай-ау, Болып та қалды, мынау жаз.
- Өлім бардың малын шашады, Жоқтың артын ашады.
- Өмір барда өлімді айтпа.
- Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды.
- Өмір үйі желде, Үміт үйі сағымда.
- Өмірдің басы – үміт, соңы – өкініш.
- Өткеніске өкінбе, Жетпесті қума.
- Өшпейтін өмір жоқ, Сынбайтын темір жоқ.
- Рахат пен қайғы егіз.
- Сабыр түбі – сары алтын.
- Сабырлының бағына алма бітер, Сабырсыздың бағына қау бітер.
- Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар жолы.
- Суыған күл от болмас.
- Таршылық болмай, кеңшілік болмайды.
- Тәуекел ет те, тас жұт, Ажал жетпей өлмек жоқ.
- Тоғыз толғақ бірге келеді.
- Торқалы той, топырақты өлім.
- Түйе бошалап кетсе де, Түнейтін орын табады.
- Тілектің шегі болмайды.
- Уайым түбі – тұңғиық, Батасың да, кетесің. Тәуекел түбі – желқайық, Мінесің де, өтесің.
- Ұшарын жел, қонарын сай біледі.
- Үміт өрге тартады, Үмітсіздік көрге тартады.
- Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей боз болмас.
- Шетен кесілсе, шеттігі өсіп жетіледі.
- Шөлден шүлен туады.
- Ісіңе қарама, Маңдайыңдағы бағыңа қара.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ