Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

«Денсаулық» тақырыбындағы 263 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абырой табам десең, кемтар бол.
  2. Ағашты балта бұзады, Жылқыны маңқа бұзады.
  3. Адам өмірге Иықтап келеді, Кетерінде «ұйықтап» кетеді.
  4. Адамды аздыратын – дерт, Жерді аздыратын – өрт.
  5. Ажал ажарыңа да қарамайды, Базарыңа да қарамайды.
  6. Ажал ажарыңа да, базарыңа да қарамайды.
  7. Ажал айтып келмейді, Бір адамға екі өмір Тағдыр әсте бермейді.
  8. Ажал біреуді азаптан құтқарады, Біреуді қыршынынан қияды.
  9. Ажалда жаңылыс жоқ.
  10. Ажалдан ақша беріп құтыла алмайсың.
  11. Ажалды жылан, жол үстінде жатады.
  12. Ажалды киіктің аяғы тыным таппас.
  13. Аз күйікті ас басады.
  14. Азған денеге ауру үйір.
  15. Айғыр аурудың емшісі алдынан шығар.
  16. Айтпас жерде аузыңды тый, Қышынбас жерде қолыңды тый.
  17. Ақсақ жатып семірер.
  18. Ақсақ қой ауыл қасында, Иә, құдық басында.
  19. Ақсақ қой әлденгенше, Сау қой сөлденеді.
  20. Ақсақ қой жатып семіреді.
  21. Ақсақтың ақырына бақ.
  22. Ақсақтың аяғы жетпесе де, таяғы жетеді.
  23. Ақшаны оңай табарсың, Саулықты қайдан аларсың?!
  24. Алладан ойбайым тыныш.
  25. Аллаңнан ойбайым жақсы.
  26. Аман болса бұл басым, Тағы шығар бұл шашым.
  27. Аман ердің аты шығады.
  28. Амандықта қадір жоқ, Алдырған соң білерсің. Денсаулықта қадір жоқ, Ауырған соң білерсің. Жақсылықта қадір жоқ, Айырылып қалғанда білерсің.
  29. Амандықтың қадірін алдырғанда, Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.
  30. Аңдамаған азап, аяғыңа тұзақ.
  31. Аңдамай сөйлеген – Аурусыз өлген.
  32. Аңдамай сөйлеген аурусыз өледі.
  33. Арақ түбі – дерт, Ұшқын түбі – өрт.
  34. Арақпен достастым дегенше, Адамгершілікпен қоштастым де.
  35. Арам ас түскен іш жазылмайды.
  36. Артқан жүгің ауыр болса, Ат-атаның жауыр болады.
  37. Артық жесең, аузың күйеді, Деңгел жесең, денең сүйеді.
  38. Аруанаға жүгіңді арт, Белі талмастан бұрын. Денсаулықтың қадірін біл, Науқастанбастан бұрын.
  39. Арық семіреді, ауру жазылады.
  40. Арықты күтсең – тойынар, Кәріні күтсең – қойылар.
  41. Ас біреудікі болғанмен, Асқазан өзіңдікі.
  42. Ас тұрған жерде ауру болмайды.
  43. Ас ішсең, атауыңдай іш, Ауырсаң, мұрттай ұш.
  44. Ас ішіп ауырғанша, аш сау жүр.
  45. Асқынған ауру насырға шабады.
  46. Асы құлақ, сау бас, Басың сауда аулақ қаш.
  47. Асығыс піскен асты жеген ауру болады.
  48. Ат қартайса, есекпен достасады, Ер қартайса, төсекпен достасады.
  49. Ат құлағынан ақсамайды.
  50. Ата баласы азарында, Беті қотыр болар.
  51. Аузын баққан ауылға ие болады, Аузы қағынған жауырға ие болады.
  52. Ауру – азығымен.
  53. Ауру – астан.
  54. Ауру – далбас, жоқ – сандал.
  55. Ауру (жан) иесіне тәтті.
  56. Ауру адам не болса соны айтады.
  57. Ауру азайса, тәуіп ауырады.
  58. Ауру азығымен, Тоқпақ қазығымен.
  59. Ауру атанды да жығады.
  60. Ауру атанды да сүріндіреді.
  61. Ауру атанды да шөктірер.
  62. Ауру аяқ астында, Арылу жиде басында.
  63. Ауру берген Құдай әл де береді.
  64. Ауру жазылып қалады, Әдет қалмайды.
  65. Ауру жайын баққан біледі, Аңның жайын атқан біледі.
  66. Ауру жайын сау білмес, Аштың жайын тоқ білмес.
  67. Ауру желмен кіріп, термен шығады.
  68. Ауру жүйкені бұзады, Жүйке ұйқыны бұзады.
  69. Ауру келсе, азығымен.
  70. Ауру кетсе де, әдет кетпейді.
  71. Ауру кірді – әлек кірді.
  72. Ауру кісі тырысқақ, Аш кісі ұрысқақ.
  73. Ауру қадірін сау білмес, Аш қадірін тоқ білмес.
  74. Ауру қадірін сау білмес.
  75. Ауру қалса да, әдет қалмайды.
  76. Ауру өз атымен ауру, Оны бағып, қараған да ауру.
  77. Ауру өсиеті ізгілік болар.
  78. Ауру шықпаған жаннан дәмелі.
  79. Ауруға емші көп.
  80. Ауруды жан иесі біледі.
  81. Ауруды жан иесінен сұра.
  82. Ауруды өткізіп алсаң, тәуіпке өкпелеме.
  83. Аурудың алдын ал.
  84. Аурудың да атасы бар.
  85. Аурудың емі – саудың сәлемі.
  86. Аурудың емі табылса, Тәуіп өз аяғымен келер.
  87. Аурудың зардабын ауру баққан біледі.
  88. Ауруын жасырған ажалынан бұрын өледі.
  89. Ауруын жасырғанға ем қонбас.
  90. Ауруыңды өткізіп алсаң, тәуіпке өкпелеме.
  91. Ауырған азап шегеді.
  92. Ауырған жерін ауру біледі.
  93. Ауырған кісіге бал да ащы.
  94. Ауырмаған жамбасыңмен жат.
  95. Ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ.
  96. Ауырса, кім азбайды, Жарлы болса, кім тозбайды.
  97. Ауырсаң айран іш, Сіңірің түйілсе сүт іш.
  98. Ауырсынған (қорғанған) азап көреді.
  99. Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.
  100. Ауырып тұрдым, аунап тұрдым.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ