Қару-жарақ туралы мақал-мәтелдер
«Қару-жарақ» тақырыбындағы 38 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаштан оқтық та, боқтық та шығады.
- Ақ жүзің де айнадай, перде болса, Құл құтырар, төсегін төрге салса. Жігітім кедей болса, сөз айта алмас, Қылышынан қан тамған ер де болса.
- Ақыл таппайтын амал жоқ, атқыш бұзбайтын қамал жоқ.
- Алтын кемер белге сән, Алтын қылыш ерге сән.
- Ана қарғысы – боқ, Ата қарғысы – оқ.
- Аң таппаған атынан көреді, Ата алмаған мылтығынан көреді.
- Аң таппаған атынан көреді, Ата алмаған оғынан көреді.
- Арғымақ атқа оқ тисе, Жабыдай болып туламас. Ер жігітке оқ тисе, Жамандай болып шуламас.
- Арғымақ мойнын оқ тесер, Азамат мойнын жоқ кесер.
- Арғымаққа оқ тисе, Мәстектей туламас. Сыпайыға оқ тисе, Жамандай шуламас.
- Арғымаққа оқ түссе, Мәстектей туламас. Сыпайыға оқ түссе, Жамандай шуламас.
- Арыстанның белгісі – артына қайырылып ақырмайды, қас батырдың белгісі – қос өкпеден оқ тисе, дұшпанына сыр беріп бақырмайды.
- Аспаннан былғары жауса да, Құлға оқшантай тимейді.
- Ата көрген оқ жонады, Ене көрген тон пішеді.
- Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер.
- Атасы мылтық атқан оқ жонады.
- Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
- Атқан жерде оқ қалады, Тышқан жерде боқ қалады.
- Атылған оқ қайтып оралмайды.
- Аузында әзілі жоқтың Қолында шоқпары бар.
- Ауруға жеңілсең де, Қаруға жеңілме.
- Ашу – пышақ, Ақыл – таяқ.
- Ашу – садақ, Ақыл – таяқ.
- Ашу үстіне ант жүрмейді, Пышақ үстіне қылыш жүрмейді.
- Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
- Әзіл білместің ауызында шоқпары болады.
- Әзіл білместің шоқпары ауызында.
- Әзірет Әлінің қылышы – Саған да тиер бір ұшы.
- Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
- Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.
- Батырға оқ дарымайды, Батырға жау жоламайды.
- Батырға таяқ та жарақ.
- Батырлардың мықтысы қарушы болады, Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
- Бидің түзулігі мылтықтай, Өткірлігі қылыштай болсын.
- Билей алмаған шоқпар басқа да, көтке де тиеді.
- Бүгін атар оғың болса, Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
- Бір оқты бұлан көтереді, Екі оқты ұлан көтереді.
- Біреуге оқ атпа, Өзіңнің түсер қасыңа.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ