Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әр түрлі мақал-мәтелдер

«Әр түрлі мақал-мәтелдер» тақырыбындағы 235 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адамдықтың нұры бол, Адалдықтың құлы бол.
  2. Ажалды киік ашыққа қашады.
  3. Айтылған сөз атылған оқпен тең.
  4. Ақ жол – айғақ, Қара жол – тайғақ.
  5. Ақ шалаға көрінді – Алыс емес су жақын.
  6. Ақкөңіл адамға – Біреудің сырқаты да батады.
  7. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
  8. Аллаға сенген құстай ұшады, Адамға сенген мұрттай ұшады.
  9. Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.
  10. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да қарызыңды өтей алмайсың.
  11. Арақ атаңнан қалған ас емес.
  12. Арақты итке құйсаң да ішпейді.
  13. Арыңды жастан сақта.
  14. Аспаннан киіз жауса да Сорлы ұлтараққа жарымайды.
  15. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.
  16. Атасы басқа аттан түс, Атасы бір, атқа мін.
  17. Аты шулы ұры аштан өлер.
  18. Аузына әлі жетпегеннің Қолында шоқпары бар.
  19. Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.
  20. Әділ болсаң ақжарма, Жақсы іске билік қыларсың.
  21. Әке – жезде, шеше – күйме. Әкесі құрдастың баласы құрдас. Әкесі достың баласы дос.
  22. Әке өліп, бала қалса, Мұратына жетеді; Бала өліп, ата қалса, Арманы іште кетеді.
  23. Әке тұрып, бала сөйлесе шіркіндігі, Аға тұрып, іні сөйлесе еркіндігі.
  24. Әліне қарамаған – әлек.
  25. Бақыт шыбын сияқты – Бірде гүлге қонса, Бірде көңге қонады.
  26. Бала тілі бал.
  27. Балаға – Ата қорған, ана құрбан.
  28. Балалы үйде өтірік жатпайды.
  29. Балаң жақсы болса – Екі көздің шырағы. Атың жақсы болса – Бұл дүниенің пырағы. Алған жарың жақсы болса – Абыройыңның тұрағы.
  30. Балық тілін бақа білер.
  31. Балықта бата жоқ, Итте ата жоқ.
  32. Балықшы балықшыны алыстан таниды.
  33. Бар барын айтады, Жоқ зарын айтады, Құда базына айтады, Құдағай назын айтады.
  34. Бара жатқанның балтасын Келе жатқанның қалтасын қағады.
  35. Барар жердің алыстығы жоқ, Керек тастың ауырлығы жоқ.
  36. Барымтаны басынған алады, Иә, ашынған алады.
  37. Барымташының басы бодаудан, Ұрының басы төлеуден шықпайды.
  38. Бас – кемеңгер, Жүрек – ер, Құлақ – бұлақ, Аяқ – пырақ, Қол – мұрап, Тіл – тілмаш, Кілтін тап та сырын аш.
  39. Басы аман, малы түгелдің, Құдайымен ісі жоқ.
  40. Басы қатты болса, Аяғы тәтті болады.
  41. Бәле қайда деме, Аңламасаң, аяқ астында.
  42. Бөлінгенді бөрі алар, Ұзағанды ұры алар.
  43. Бөркіңді беріп Бөріден құтылмайсың.
  44. Бөрік – басқа көрік.
  45. Бұлбұл гүлдің ашылғанын Көрем деп сайрайды.
  46. Бұлтты күн ашылар, Бұлыңғыр көңіл басылар.
  47. Бұраудың да сұрауы бар.
  48. Бүркіт саңқылдаса, Киік күйбектейді.
  49. Бір жоқтың бір тоқтығы бар.
  50. Біреу – арашашы, Біреу – тамашашы.
  51. Біреу жәбір етсе, Сен сабыр ет.
  52. Біреуден екеу жақсы, Құр қолдан көсеу жақсы.
  53. Біреудің атан көтермес бөзі бар, Біреудің ат көтермес сөзі бар.
  54. Бірлік болмай, тірлік болмайды.
  55. Дау мен жау – ерге сын, Көшіп-қонбақ – елге сын.
  56. Домалаған тасқа мүк тұрмайды.
  57. Ебін тапқан екі асар.
  58. Екеудің үлесі, Үшеуге үнем.
  59. Екі қоянды қуған, Біреуін де ұстай алмас.
  60. Ел қадірін көрген біледі, Жол қадірін жүрген біледі.
  61. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  62. Еңсесі түскеннің Ер-тұрманы жиылмайды.
  63. Ерте жат та ерте тұр, Бір піспекті артық ұр.
  64. Ерінбеген есекпен қоян алады.
  65. Есекке алтын ноқта тақсаң да есек болады.
  66. Есекті ысқылағанша, иығын шұқыла.
  67. Ескі тонның жылуы жоқ, Қайтқан күннің қызуы жоқ.
  68. Ескіні жамағанның Есі кетеді.
  69. Есіктен ергенек кетсе, Иттен иба кетеді.
  70. Жайлауы жақсының Әр бұтасының түбі бір кесек ет.
  71. Жақсы ит өлігін көрсетпейді.
  72. Жақсылық таудың басында, Жамандық табан астында.
  73. Жақыныңмен жауласқан Жатқа мазақ болар.
  74. Жаман күшіктің атын Бөрібасар қояр.
  75. Жапа шегіп, жай жату, Жасқаншақтың белгісі. Аспандағы айды ату, Мақтаншақтың белгісі.
  76. Жегенін білмейтін шұнай, Жұтқанын білмейтін құмай, Алғанын білмейтін құдай.
  77. Желге қарсы түкірсең – Өз бетіңе былш етер.
  78. Жеміс жеміске қарап өседі.
  79. Жеңген ит желкесінен талайды.
  80. Жеңіл барып, ауыр қайт.
  81. Жердің үстімен барып, Астымен қайттық.
  82. Жетесінде жоқ, Жете сыйламайды.
  83. Жоққа – салауат, Барға – қанағат.
  84. Жоқшылық – жүдетеді, Бөз көйлекке – жібек жамау.
  85. Жоқшылық ердің қолын байлар.
  86. Жолбарыс жұлқынса, Жонынан от шығады.
  87. Жолсыз жүріп торыққан Жол қадірін біледі. Жалғыз жүріп зарыққан Ел қадірін біледі.
  88. Жуас түйе жүндеуге жақсы, Бұралқы сөз күлуге жақсы.
  89. Жұрт өтірік айтпайды, Жоқ өтірік айтады.
  90. Жұрттың жүргені басылмай Иттің үргені басылмас.
  91. Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің.
  92. Жүректің сырын Көздің нұрынан байқа!
  93. Жығылған үстіне жұдырық.
  94. Жігітке жеті өнер де аз болады.
  95. Ит аузы тигенмен Дария суы арам болмас.
  96. Ит әлі жеткенін талар.
  97. Ит баласы жүре азар.
  98. Ит ұяласынан қорықпас.
  99. Итке темір не керек?
  100. Итке үкі жараспайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ