Би, билік, шешендік туралы мақал-мәтелдер
«Би, билік, шешендік» тақырыбындағы 50 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ақын ғаріп емес пе, Байды өтірік мақтаса. Заман ғаріп емес пе, Әділдіктен аттаса.
- Аталыдан би қойсаң адаспас жол мен жобадан. Атасыздан би қойсаң босамас аузы парадан.
- Атаңның құлы болса да, Әділдікке басыңды и.
- Әділ би халық үшін, Залым би құлқын үшін.
- Әділ биде әзіл жоқ.
- Әділ бидің елін дау араламайды, Әділ патшаның елін жау араламайды.
- Әділ бидің кегі жоқ.
- Әділ бидің өлгені – сөзінің болса жалғаны. Ғұламаның өлгені – болмаса тәлім алғаны.
- Әділет тілесе, атаңның да айыбын айт.
- Әділетсіз ұлықтан, Қайырымды би артық.
- Әділін айтып, ағына тоқтайды.
- Барма ханға, өзі келер малға, Барма биге, өзі келер дауға. Бас-басыңа би болсаң манар тауға сыймайсың. Бір данаға жол берсең жанған отқа күймейсің.
- Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табады. Би деген ақ шариғат, Ілуде бір-ақ қатын табады.
- Би айтқанды құл да айтады, тек құл аузының дауасы жоқ.
- Би болған кісі бақырып бола ма екен.
- Би болмас белін жалпақ буғанменен, Ағармас асылы арам жуғанменен.
- Би жаманы дауға алдырады, Жігіт жаманы жауға алдырады.
- Би жоқта жораға құл жүреді.
- Би мен бектің сәні жоқ: елін қорғай алмаса, тура жолға салмаса, ыстығына күймесе, суығына тоңбаса.
- Билік айту оңай, Біліп айту қиын.
- Билік мықты болса, тірлік құтты болады.
- Болмайтын істің басыңда болма, Бітпейтін даудың қасыңда болма.
- Бұзылған елдің ішіне сормандай би кез болар.
- Бір дауда екі күнә жоқ, Бір істе екі жаза жоқ.
- Дау төрт бұрышты, Қамшы екі бұрышты.
- Жеті атасы би болған Жеті жұрттың қамын жер. Би болмаған би болса, Құлақ-миын шағып жер.
- Қыдырып ішкен көженің қиюы жоқ, Қыдырып айтқан биліктің керегі жоқ.
- Пайғамбар өз елінде танылмайды.
- Төле бидей әділ жоқ, Айтқан сөзінде кәдік жоқ.
- Төре, төрем, Өнегеңді көрем.
- Үлгісізден би қойсаң, үлгісі болмайды, Қаһарсыздан хан қойсаң, өсиеті болмайды.
- Хан – қанау, тон – тонау.
- Хан азарында қарашасымен қас болады, Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.
- Хан қасында уәзір білгіш болса, Қара жерде кеме жүргізеді.
- Хан істеген зұлымды, Жан істемес өмірде.
- Ханда қырық кісінің ақылы бар.
- Ханның ақысы болса, Қараның қақысы бар.
- Ханның басын хан алар, Қардың басын қар алар.
- Шешен жауға жарамас, Батыр дауға жарамас.
- Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар.
- Шешендерді сынаған тізелескен дау болар. Ер жігітті сынаған қарсы шапқан жау болар.
- Шешендіктің сәні жоқ басына бақыт қонбаса. Батырлықтың сәні жоқ тұтамдап оқ жонбаса.
- Шешеннің аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.
- Шешеннің күші – шындық.
- Шешеннің нақылы ортақ, Көсемнің ақылы ортақ.
- Шешеннің сөзі дәмді келер, ақыл берер, мәнді келер.
- Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген. Шешеннің сөзі ортақ, Шебердің бөзі ортақ.
- Шешеннің сөзіндей, ботаның көзіндей.
- Шешенің судай төгілген, Тыңдаушың бордай егілген.
- Шын би сөзіңе бағады, Сұм би көзіңе бағады.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ