Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қонақ, қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдер

«Қонақ, қонақжайлылық» тақырыбындағы 95 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам – адамға қонақ, Жан – денеге қонақ.
  2. Адам адамға мейман, Жан кеудеге мейман.
  3. Адам бір-біріне қонақ.
  4. Ақымақ болса қонағы, Иесін же деп зорлайды.
  5. Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
  6. Алдыңғы қонақты Соңғы қонақ қуып шығады.
  7. Ана жақсылығын, Ауырсаң білерсің. Қайын жақсылығын, Қыдырсаң білерсің.
  8. Арбалы қонақ аштан өледі.
  9. Ат арықтаса, тулақ болар, Ер арықтаса, қонақ болар.
  10. Ат болар тай саяққа үйір, Адам болар бала қонаққа үйір.
  11. Ат болатын тай саяққа үйір, Адам болатын бала қонаққа үйір.
  12. Атың жақсы болса – жалғанның пырағы, Балаң жақсы болса – дүниенің шырағы, Алғаның жақсы болса – мейманыңның тұрағы.
  13. Атың жаман болса, арманың кетеді, алғаның жаман болса, мейманың кетеді.
  14. Атың жаман болса, арманың кетер. Балаң жаман болса, дәрменің кетер. Алғаның жаман болса, келгенің кетер.
  15. Атың жаман болса, дәрменің кетеді. Әйелің жаман болса, мейманың кетеді.
  16. Атың шабан болса, Дәрменің кетер. Әйелің жаман болса, Мейманың кетер.
  17. Ауру қорғаншаққа қонады, Елегенге түстенеді.
  18. Ауру қорғаштанғанға қонады, Елемегенге елестейді.
  19. Ауыл үйдің қонағы, Айында-жылында бір келер.
  20. Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.
  21. Аш жатқан қонақ аттанғанша дәмелі.
  22. Әйелің жаман болса, қонағың кетеді, Балаң жаман болса, бағың кетеді.
  23. Әйелің жаман болса, қонағың кетеді, Ұлың жаман болса, бағың кетеді.
  24. Байғұстың асы, Ауыз тиюмен таусылар.
  25. Балықшының қонағы жүре тояды.
  26. Барлық қонақ бірдей емес.
  27. Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
  28. Бұрынғы қонақ соңғы қонақты ұрып жығады.
  29. Еруліге – қарулы.
  30. Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
  31. Жолаушыны сусындатпай тұрып Бұйымтайын сұрама.
  32. Жолаушының азығы жолында.
  33. Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
  34. Итті қонақ жараспас.
  35. Кедейге қонақ болсаң, кекірерсің.
  36. Күтпеген қонақ – келімсек.
  37. Қазақтың бөлінбейтін еншісі – қонақасы.
  38. Қазан қайнап тұрса, Ақыл сайрап тұрады.
  39. Қой егіз табады: Бірі қонаққа сойылады, Бірі қошқар қойылады.
  40. Қонағы көп үйдің қазаны оттан түспейді.
  41. Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.
  42. Қонағын сыйлаған «Төрге шық!» дер.
  43. Қонағын сыйламаған баласын ұрады, Я үйін сыпырады.
  44. Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
  45. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
  46. Қонақ аз отырып, көп сынайды.
  47. Қонақ асын тәңірі өтейді, Келемін десе, ықыластық, Келмеймін десе, жол аштық.
  48. Қонақ асыңа емес, Қабақ-қасыңа риза.
  49. Қонақ атаңнан да үлкен.
  50. Қонақ берсең, етіңді жейді, Бермесең бетіңді жейді.
  51. Қонақ бір күн қонса – құт, Екі күн қонса – жұт.
  52. Қонақ жаман болса, Үй иесі қыдырады. Үй иесі жаман болса, Қонақ қыдырады.
  53. Қонақ келсе – құт, қарақшы келсе – жұт.
  54. Қонақ келсе есікке, жүгіріп шық, кешікпе.
  55. Қонақ келсе есіктен, Пәлекет шығар тесіктен.
  56. Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.
  57. Қонақ көзінше итіңе де кет деме.
  58. Қонақ қойдан да жуас. Май берсең де жей береді.
  59. Қонақ қонған жеріне ауыр, Тас түскен жеріне ауыр.
  60. Қонақ мықты болса, қожасын билейді.
  61. Қонақ өз несібесін ішеді.
  62. Қонақ пен өлім болжамсыз.
  63. Қонақ таңдап қонады, Ұры басынып ұрлайды.
  64. Қонақ таңдап қонады.
  65. Қонақ таңертең – алтын, Түсте – күміс, Кешке – мыс.
  66. Қонақ үстіне қонақ – шиқан үстіне жара.
  67. Қонақасы – Тәңір ақысы.
  68. Қонақасы қазақтың бөлінбеген еншісі.
  69. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
  70. Қонаққа барсаң, нәпсіңді тый.
  71. Қонақтан аяғаның шайтанға бұйырар.
  72. Қонақтан қонақ ұлық.
  73. Қорасында сиыры бардың Қонағына сыйы бар.
  74. Құдайдың үйін көргендей.
  75. Құс жеткен жеріне қонар, Қонақ қалаған үйіне қонар.
  76. Құтты қонаққа – тәтті тамақ. Жақсы болса алғаның, Үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, Шын досың да шеттейді.
  77. Қыдырдың бірі – Көлденең көк атты.
  78. Қыдырып ішкен тамақтың кенеуі жоқ, Қыдырып сөйлеген биліктің елеуі жоқ.
  79. Малымды алса алсын, Қонағымды алмасын.
  80. От жағылмаған үй – қора, Кісі келмеген үй – мола.
  81. Өзі келіп, өзі кеткен қонақтың Садағасы кетпеймісің.
  82. Сары табақтан сарқыт қайтар.
  83. Сый қылсаң, сыпыра қыл.
  84. Сыйларға асың болмаса, Сыйпарға тілің болсын.
  85. Сыпайы қонақ сыйынды жейді, Мылжың қонақ мыйынды жейді.
  86. Сыпайының итіне кет дегенің – өзіңе кет дегенің.
  87. Табақты үйдің тауығы қос жұмыртқа туады.
  88. Тау белгісі таста, Бай белгісі аста.
  89. Тойған ас түске жетпес, Пейіл естен кетпес.
  90. Тойған қонақтың екі көзі жолда болар.
  91. Тойған үйге тоғыз кел.
  92. Үй-іші толған жансың, Бір-біріне мейман жансың.
  93. Үйге кірген құр шықпас, Көрге кірген тірі шықпас.
  94. Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың.
  95. Шақырылмаған қонақ Сыпырылмаған жерге отырады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ