Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хандық, патшалық туралы мақал-мәтелдер

«Хандық, патшалық» тақырыбындағы 49 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абылайдан басқа төре – ас еңбегі, Түлкі алмайтын жаман бүркіт – ат еңбегі.
  2. Адамның балалық шағы – патшаның тағы.
  3. Ай, Күн ғаламға бірдей, Патша адамға бірдей.
  4. Айдап жүрген мал жақсы, Мал жақсы емес-ау, Арыз тыңдаған хан жақсы. Бәрін айт та, бірін айт, Аман тұрған жан жақсы.
  5. Айырдан туған жампоз бар, Нар емес десең нанғысыз, Қарадан туған жігіт бар, Ханға күнін салғысыз.
  6. Ақылды басшы алдырмас.
  7. Ақылды жігіт атқа да қонар, таққа да қонар.
  8. Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар.
  9. Ақылды құл ақымақ патшадан артық.
  10. Ақылсыз сұлу ханымнан, Ақылды, көріксіз күң артық. Ақылмен іс қылған соң, Болады онан кім артық.
  11. Ақылсыз топас хандардан, Ақылы көп дана артық.
  12. Алланың атын сатып, молла семіреді, Ханның атын сатып, қазы семіреді.
  13. Алты ұл тапқан әйелді «ханым» десең болмас па, Ата деген жігітті «жаным» десең болмас па.
  14. Алшаңдап басар ат аз ба, Аяңы жорғаға бергісіз. Көкірегі сара қарт аз ба, Білімі молдаға бергісіз. Құт-берекелі үй аз ба, Хан ордасына бергісіз.
  15. Арғымақтың баласы Аз оттап, көп жусайды. Хан-төренің баласы Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
  16. Арыстан – аң патшасы, Жылқы – мал патшасы.
  17. Аспандағы айдан не пайда, Жылынуға қолың жетпесе, Хиуадағы ханнан не пайда, Барсаң арызың өтпесе.
  18. Ата деген баланы Жаным десе, жарасар. Алты ұл тапқан ананы Ханым десе, жарасар.
  19. Атасы бек болғанның баласы тек болмайды.
  20. Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды, Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды, Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.
  21. Әділ хан аспандағы Күнің.
  22. Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы.
  23. Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады), Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).
  24. Әр патшаның заңы басқа, Әр дәуірдің сөзі басқа.
  25. Әр ханның тұсында бір сұрқылтай.
  26. Бағынбаған патшаның басы кетеді.
  27. Бай болдым деп шашпа, Патша болдым деп аспа.
  28. Бай қасына барып көр, Пақыр болмасаң, маған кел. Хан қасына барып көр, Басың кетпесе, маған кел.
  29. Байға жалыншақ болма, Ханға табыншақ болма.
  30. Бақа көлінде патша, Балық суында патша, Жігіт елінде патша.
  31. Бақпен асқан хандардан, Баспен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
  32. Балалық шағы – патшаның тағы.
  33. Баласы жоқ ханым – тұл, Баяны жоқ ғалым – тұл.
  34. Барма ханға, өзі келер малға, Барма биге, өзі келер дауға.
  35. Барма ханға, Өзі келер малға. Барма биге, Өзі келер үйге.
  36. Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
  37. Басқа елде хан болғанша, Өз еліңде құл бол.
  38. Басына бәле тілеген адам Сұлтанның сөзін қайырар.
  39. Батыр болған ханға қас, Мерген болған аңға қас.
  40. Батыр болып, бай болсаң, Патшадан нең кем? Жарлы болып, бек болсаң, Келекеден нең кем?
  41. Батыр ортақ, бай ортақ, Төресі әділ хан ортақ. Қараңғы үйдің ішінде Шалқымай жанған шам ортақ.
  42. Берсін дейді сұлтан, Бергізбейді сұбхан.
  43. Би баласы биге ұқсар, Биік-биік тауға ұқсар. Хан баласы ханға ұқсар, Қанатын жайған қазға ұқсар. Бай баласы байға ұқсар, Байланбаған тайға ұқсар.
  44. Бөтен елге патша болғанша, Өз еліңде шопан бол.
  45. Бұрынғы ханның билігі жүрмес, Кейінгі ханның ақылы жүрмес.
  46. Бір жақсыңды төреден аяма, Арқаңды іргесіне таяма.
  47. Бір қылық хан қызында да болады.
  48. Көшбасшының кигені жылы, Жылаған баланы не қылсын?
  49. Хиуадағы ханнан не пайда, Барсаң арызың өтпесе.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ