Ыдыс-аяқ туралы мақал-мәтелдер
«Ыдыс-аяқ» тақырыбындағы 68 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаш қазанның түбі күйер.
- Азансыз молла болса да, Қазансыз қатын болмайды.
- Азаншыдан Қазаншы игі.
- Азаныңа келмеймін, Қазаныңа келемін.
- Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол.
- Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма.
- Айран ішкен құтылар, Аяқ жалаған тұтылар.
- Айран ішкен құтылар, Шелек жалаған тұтылар.
- Айранша ұйып, тостағанша толатын кез болады.
- Айырдан жампоз туады Аруанаға бергісіз. Жақсыдан жаман туады Бір аяқ асқа алғысыз.
- Ақыретке жағымды боламын десең, азанды бол, Дүнияға жағымды боламын десең, қазанды бол.
- Ала қарға – азаншы, Қара қарға – қазаншы.
- Алаяқтан ақылшың болмасын, Кеңірдегі зордан бақыршың болмасын.
- Аллаға жағайын десең, Азаның болсын. Қазыға жағайын десең, Қазаның болсын.
- Аллаға жағамын десең, азаның болсын, Пендеге жағамын десең, қазаның болсын.
- Аллаға жағамын десең, азаның болсын, Халыққа жағамын десең, қазаның болсын.
- Анасын көріп қызын ал, Аяғын көріп асын іш.
- Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп, қымызын іш.
- Аңқау қазанның үстіне қарайды, арамза астына қарайды.
- Арба атқа келмейді, Ат арбаға келеді. Қазан асқа келмейді, Ас қазанға келеді.
- Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да оңдырмас.
- Ас жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың.
- Ас иесімен тәтті, Табағымен жақсы.
- Ас ішіп аяқ босататын.
- Ас ішіп, табақ босату.
- Астауда қалған суды Арық қой ішеді.
- Астауына қарай қауғасы.
- Асулы қазан, жағулы от.
- Асы бар аяқ әдемі.
- Асы бар аяқтан аттама.
- Асы бар қазан сүйкімді, Досы бар адам сүйкімді.
- Асығыс пісірген көженің Иә, қатығы жетпейді, Иә, қасығы жетпейді.
- Ат иесіз болмас, Қазан күйесіз болмас.
- Атты аяқ жанында сапты аяқ.
- Аузымен астау шапқан Қолымен жаңқа жара алмас.
- Ауру қатын, бұзық самауар ерді байытпайды.
- Ашқа қазан астырма, Тоңғанға отын жақтырма.
- Ашыққанға қазан астырма, Тоңғанға от жақтырма.
- Аяғын көр де, асын іш, Анасын көр де, қызын ал.
- Аяғын көріп, асын іш, Шешесін көріп, қызын ал.
- Аяғын көріп, асын іш.
- Аяқты ақырғы тамшы толтырады.
- Әрі мырза, әрі құл Жігіт қайдан табылар. Әрі жүйрік, әрі мес Жылқы қайдан табылар.
- Бай мақтанса, мақтансын, Сабасының қоры бар. Жарлы неге мақтансын, Маңдайының соры бар.
- Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз.
- Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
- Бақыршының басы болғанша, Алтыншының аяғы бол.
- Барлық жүкті көтерген түйе, Бақырды да көтеруге күші жетеді.
- Бас-басыңа би болсаң, Бір қазанға симайсың.
- Бәйбішенің көркі – саба, Келіншектің көркі – бала.
- Бәлен жерде бақыр бар, Барса, бақыр табылмас.
- Безбетке қасық берсең, Бір кезекте бес асар.
- Беретін кісім келгенде, Бес қайнайды қазаным.
- Бермес келіге су құяды.
- Берместің асы піспейді, Қазаны оттан түспейді.
- Берместің асы піспес, Қазаны оттан түспес.
- Бес биенің сүтіне саба толмас, Тоғыз қой тұқым болмас.
- Бос күбі күңгірлек.
- Ботқаға қазан толмас, Пұттаған сөзді қолдаған ұл, Мұхамметке үммет болмас.
- Бұл жатыстың ебі жоқ, Бақыршылыққа себі жоқ.
- Бұрынғының қыздары Қырмызы қызыл жібектей. Ендігінің қыздары Түбі түскен шелектей.
- Бір аяқ қымыздың екі ауыз сөздік желігі бар.
- Бір аяқ қымыздың Екі аяқ желі бар.
- Бір аяқ қымыздың Екі аяқ желігі бар.
- Бір аяқтағы астың жартысы адал, Жартысы арам болады.
- Бір кісінің ішіне бір аяқ ас сияды.
- Бір қазанға екі бидай қуырылмас.
- Біреу сенің сындырар қазаныңды, Сен сындырсаң біреудің тағарасын. «Шырмайынан сақтап бер» деген мақал, Жеген болсаң біреудің зағырасын.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық