Азамат, жігіт, ер туралы мақал-мәтелдер
«Азамат, жігіт, ер» тақырыбындағы 172 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абыройлы болар жігіттің Алғашқы ұрлығы ашылар.
- Азамат жолы – ар жолы.
- Азамат қолымен істегенін мойынымен көтереді.
- Айға шапқан арыстанның ашуына болайын, Жауға шапқан батырдың тасуына болайын, Үйде қалған қорқақтың, сасуына болайын.
- Айырдан туған жампоз бар, Нар емес десе нанғысыз. Қарадан туған жігіт бар, Ханға күнін салғысыз.
- Ақ білектің күші, Ақ найзаның ұшы.
- Алпыстағы атаңды жыққанша, Алтыдағы атанды жық.
- Алыссаң, атаң болса да жық, Аясаң, көтеріп жібер.
- Арға тартпай арман құл, Намыс қумай мақсат тұл.
- Арғымаққа оқ тисе, Мәстектей туламас.
- Арманмен алысқан – тарлан.
- Ат сыны – біреу, ер сыны – мың.
- Ат шабысымен қадірлі, Ер табысымен қадірлі.
- Атан өлсе сойылар, Арыс өлсе қойылар, Қансонар қайдан табылар?
- Аттан аттың несі артық? Жүрісі мен күші артық; Ерден ердің несі артық? Ерлігі мен ісі артық.
- Атты арбада көр, Жігітті ордада көр.
- Атты қамшы айдайды, Ерді намыс айдайды.
- Ауыр жүкті нар көтереді, Ауыр қайғыны ер көтереді.
- Әр жігіттің өзі шығар биігі бар.
- Бай тоқ болмас, Батыр аш болмас.
- Бақ қонбас жігіттің іздегені дес болмас.
- Бақ-бақ еткен текені, Қар жауғанда көр. Батырсынған жігітті, Жау келгенде көр.
- Баталы батыр арымас.
- Батыл болсаң, батыр да боласың.
- Батыр – айғақ, палуан – куә.
- Батыр бастас.
- Батыр жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар.
- Батыр қол бастар, Шешен сөз бастар, Көсем жол бастар.
- Батыр өлсе, аты қалады, Үргелек өлсе, артында несі қалады?
- Батырға оқ дарымайды, Батылға жау жоламайды.
- Батырдан барымташыл туады.
- Батырлық айқаста танылар.
- Белдескеннің белін сындырар, Тірескеннің тізесін бүктірер.
- Ғұмырың бір күн болса да, жорға мініп өт.
- Ездің тілі – батыр, Ердің қолы – батыр.
- Елуінде ер дана.
- Ер айтпас, айтса қайтпас.
- Ер бала өкпешіл болса, Ырысқа кесір болар.
- Ер басына жау келсе, Ерлігі кетер басынан. Би басына дау келсе, Билігі кетер басынан.
- Ер басына күн туса, Долданар да, тасынар. Жауын жеңсе жарқырап, Жауған күндей ашылар.
- Ер екі айтса – ез, Хан екі айтса – қатын.
- Ер елуде бала мінезді, Ер сайыста шала мінезді.
- Ер жолдасы – тәуекел.
- Ер жігіт бір күнде бір кісілік, Бір күнде мың кісілік.
- Ер жігіт не көрмейді, Ер көңіл не бермейді.
- Ер жігіт үйде туып, түзде өлер.
- Ер жігіт үйден шықса, үйіріне қосылады.
- Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
- Ер жігітке серуен де серуен, Сергелдең де серуен.
- Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, Еменнің иілгені – сынғаны.
- Ер кезегі үшке дейін.
- Ер күйігінен жер күйігі жаман.
- Ер қанаты – ат.
- Ер қартайса, еркі кетер, Әйел қартайса, көркі кетер.
- Ер қартайса, қазаншыл болады, Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.
- Ер қаруы – бес қару.
- Ер қуаты – қаруы.
- Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
- Ер намысына қарай шабады.
- Ер не көрмейді, Ер көңіл есе бермейді.
- Ер өтірік айтпайды, ез өтірік айтады.
- Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі.
- Ерге берсең асыңды, Ерлер сыйлар басыңды.
- Ерге дәулет бітерде, Қарға салса, қаз алар. Ерден дәулет кетерде, Лашын салса, аз алар.
- Ерден ердің қаупі бар.
- Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.
- Ерді кебенек ішінде таны.
- Ерді көрсең, Қыдыр тұт, Асты көрсең, қадір тұт.
- Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді.
- Ердің басы – тәуекел.
- Ердің жасы – екі елу.
- Ердің құны – екі елу.
- Ердің құнын: жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің шайтаны даулайды.
- Ердің ісі – келісу, Ездің ісі – керісу.
- Еркек қозы – құрбандық.
- Еркек қой бұралқы болмас.
- Ерлігі бар елге жағар. Айласыз батыр алдырар.
- Ерлік білекте емес, жүректе.
- Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас.
- Ерлік өлім – өлмейтін өмір.
- Ерлік өлім ерді көбейтеді.
- Ерлік өлім қадірсіз өмірден артық.
- Ерлікте қорлық жоқ.
- Ерліктің шарты – өзіне сенгендік.
- Ертеңін ойламаған еркектен без.
- Ерікті ауызға бөрікті бас сыяды.
- Жабағы – тай деп қорлама, Жолға шықса, ат болар.
- Жақсы ат пен жақсы жігіт көптікі.
- Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы жігіттің арын сақта.
- Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар.
- Жақсы жігіт он бесінде жас емес, Жүзге келсе пәс емес.
- Жақсы қошқар жарты отар қойға тең.
- «Жақсымын» деп мақтанба, халық айтпай, «Батырмын» деп мақтанба, барып қайтпай.
- Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз жігіттің айласы көп.
- Жарым жігіт жаяу жүріп, тың киікті қуады.
- Жасауылың тырна болса, Күнің қиқуымен өтер.
- Жау жеңетін жігітті, Жарағынан таниды. Дау жеңетін жігітті Талабынан таниды.
- Жауды қара қашырды, Батыр атағын Барақ алды.
- Жауынгерге жара да жарасады.
- Жер нені көтермейді, Ер не көрмейді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ