Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ашу-ыза туралы мақал-мәтелдер

«Ашу-ыза» тақырыбындағы 44 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Айран – ашулы, Қымыз – қышулы.
  2. Айранды көріп азба, Қымызды көріп қызба.
  3. Айыпты айып жусын, Ашуды ақыл қусын.
  4. Ақыл ашуды қаймықтырады, Ашу ақылды қамықтырады.
  5. Ақылға ақыл қос, ашуыңды тос.
  6. Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер, Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.
  7. Ақылсыз – ашушаң, Ашушаң – ақылсыз.
  8. Алдырған албырт.
  9. Аң бар жерде ашуы да болады.
  10. Арсызда бет болмайды, Азғында кек болмайды.
  11. Арық қой тырысқақ, Аш кісі ұрысқақ.
  12. Ас тасыса, көбігі төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер.
  13. Ас тасыса, қатық төгілер, Ашу тасыса, ақыл төгілер.
  14. Ашу – айбаттының құралы.
  15. Ашу ақылды өшірер, Сабыр сананы өсірер.
  16. Ашу алда, ақыл соңда.
  17. Ашу алдан, ақыл соңынан.
  18. Ашу алдында, ақыл соңында.
  19. Ашу арындайды, Ақыл аяңдайды.
  20. Ашу асыққанда ақыл басу айтар.
  21. Ашу асып жүрген жерде, Ақыл қашып жүреді.
  22. Ашу жаныңа жәбір келтіреді.
  23. Ашу келсе, ақыл кетер, Ашудан ақыл көп болса, ашу нетер.
  24. Ашу қысса, ақылың ғайып болады.
  25. Ашу тұрған жерде ақыл тұрмас.
  26. Ашу түбі – кейіс, Ақыл түбі – кеніш.
  27. Ашу үстінде ант жүрмейді.
  28. Ашу-ыза – ақымақтың белгісі.
  29. Ашуға айғыр сал.
  30. Ашуға сабыр.
  31. Ашулы атасына қарамайды.
  32. Ашулыда ақыл болмас, Ақыл көп болса, ашу нетер.
  33. Ашулыда ақыл болмас, Ақымақта мақұл болмас.
  34. Ашулының алдында болма.
  35. Ашулының алдында тұрма.
  36. Ашумен басталған іс Абыройсыз аяқталады.
  37. Ашуы көп болса, ақылы кетер, Ақылы көп болса, ашу не етер.
  38. Ашуыңа ақыл сал, Ашуыңды қайтып ал.
  39. Әзілде шек жоқ, Қалжыңда кек жоқ.
  40. Дос сүйінсін, дұшпан күйінсін.
  41. Достың тонын тойға ки, қасың көрсін, Ызалансын, жасысын, іші күйсін.
  42. Досың аз, дұшпаның көп болса, Жер боларсың. Ақылың аз, ашуың көп болса, Қор боларсың.
  43. Досың үшін долы боранға да шыда.
  44. Дұшпаныңның қызғаншақ болғаны жөн, Досы қашады ашушаң мінезінен.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ