Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мал, малшылық туралы мақал-мәтелдер

«Мал, малшылық» тақырыбындағы 140 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағайын астынан, ат тұрасынан ақсайды.
  2. Ағаш еккенге, мал баққанға бітеді.
  3. Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше.
  4. Адам баласы сөйлессе, Мал кісінессе.
  5. Адам бар дүр, адамдардың гүлі дүр, Адам бар дүр, хайуан одан жақсы дүр.
  6. Адам бастан қартаяды, Қартайған соң мал таяды.
  7. Адам болар бала қонаққа үйір, Ат болар тай саяққа үйір.
  8. Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар, Қошқар болар қозының мұрын жағы дөң келер.
  9. Адам жұтамай, мал жұтамайды.
  10. Адам лебізден, Мал бауыздаудан.
  11. Адам мен малдың айырмасы ақылда.
  12. Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.
  13. Адамның бала – жаны, мал – иманы.
  14. Адамның досы да, дұшпаны да – Қатын-бала мен мал.
  15. Адамның жаманын бақсаң, аузы-мұрныңды қан етер, Малдың жаманын бақсаң, аузы-мұрныңды май етер.
  16. Аз байласаң, аз мінерсің, Көп байласаң, көп мінерсің.
  17. Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.
  18. Ай-айдың аты басқа, Аяқты малдың өрісі басқа.
  19. Айғырды неден салсаң, Атты содан мінерсің.
  20. Айдағаның бес ешкі, Ысқырғаның жер жарады.
  21. Айдай салдың малы өспейді. Көре салдың қойы өспейді.
  22. Айдапсалдың малы өспес, Таз кісінің шашы өспес.
  23. Айтулы достың малы бір.
  24. Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар, Қыпша белді жігіттер топты бастар.
  25. Ақ түйелі алтаудың арманы жоқ.
  26. Ақсағын қойып, сауын бақ.
  27. Ақсақ малдың ақырына бақ.
  28. Ақша сіздікі, Мал біздікі.
  29. Ақылсыз бай ішпей-жемей мал жияды, Ақылсыз кедей еңбек қылмай шалжияды.
  30. Ақылы жоқ жаманға ауылы, малы бұралқы.
  31. Ақымақтың мал табуға кемі жоқ, Ақылдының мал табуға себі жоқ.
  32. Ақын өлең айтпайды, жантайған соң, Адам келмес үйіңе мал тайған соң.
  33. Аларманның бетіне қарама, Алар малдың бетіне қара.
  34. Алты ай баққан арықты Бір күн орындаған өлтірер.
  35. Алты ай баққан арықты, бір түн ұрындырған өлтіреді.
  36. Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.
  37. Анасын ембеген бала оңбайды, Енесін ембеген мал оңбайды.
  38. Арғымақ атқа жал бітпей, сән бітпейді. Азамат ерге әл бітпей, мал бітпейді.
  39. Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз, Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
  40. Арғымақ жалсыз, ер малсыз.
  41. Арғымақ көркем көрінер, Өкпе, бауыр, жалымен, Ер жігіт көркем көрінер, Өріс толы малымен.
  42. Арғымаққа жал бітпей, сән бітпейді, Ер жігітке мал бітпей, әл бітпейді.
  43. Арда сауғанның ары кетеді.
  44. Артық мал, Ақы сұралмайды.
  45. Ары тартсаң өгіз өледі, Бері тартсаң арба сынады.
  46. Арық малды асырасаң, Аузы-мұрның май етер. Жауыз адам асырасаң, Аузы-мұрның қан етер.
  47. Арық малды асырасаң, Аузы-мұрның май қылады. Арық адамды асырасаң, Аузыңды ұрып, қан қылады.
  48. Арық малды асырасаң, Аузы-мұрныңды май етер.
  49. Арық малды асырасаң, Ауыз-мұрныңды май етер. Арық кісіні асырасаң, Ауыз-мұрныңды қан етер.
  50. Арықты күтсең – тойынар, Кәріні күтсең – сойылар.
  51. Ас бар, аспазшы жоқ, Мал бар, бақташы жоқ.
  52. Ат – ердің қанаты. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар.
  53. Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады.
  54. Ат жақсысы қартады, негізіне тартады.
  55. Ат жалдыға, кеп малдыда.
  56. Ат иесі айқайлайды, Өгіз иесі өңмеңдейді.
  57. Ат семірсе, иесін тебер.
  58. Ата-анадан мал тәтті, Алтын үйден жан тәтті.
  59. Атаның жаман ұлы малға ортақ, Әзірейіл жанға ортақ.
  60. Атаның малын жау шапса, бірге шап.
  61. Атаңнан мал қалғанша Тал қалсын.
  62. Ауру жаннан үміткер, Жарлы малдан үміткер.
  63. Ауырып жазылған жан олжа, Жоғалып табылған мал олжа.
  64. Аш мал өреген, аш ит үреген.
  65. Әкең қартайса, малшыға, Шешең қартайса, жалшыға жарисың.
  66. Әлекпеден қорыққан сиыр жимас, Ақыреттен қорыққан күнә қылмас.
  67. Әркімнің өз малы өзіне ыстық.
  68. Бағайын десе, малы, Ыңыранайын десе, аузы жоқ.
  69. Бағы тайған адамды, Түйе үстінде ит қабар.
  70. Бай – жарлылық бақташысы.
  71. Бай қайырлы болмаса, Бар малынан айрылар. Мал бетіне қараған Жарынан айрылар.
  72. Байды мал басар, Жарлыны бала басар.
  73. Байдың баласы жатық, малшысы қодаң.
  74. Байдың малы – жаудың малы.
  75. Бақпасаң мал кетеді, Қарамасаң әйел кетеді.
  76. Бақпасаң, мал кетеді, Күтпесең, қатын кетеді.
  77. Бақпасаң, мал кетер, Қарамасаң, қатын кетер.
  78. Бала таппайтын әйелдің тұрары жоғын айт, Мал таппайтын еркектің құрары жоғын айт.
  79. Балаң қайқы сері болса, Жалғыз атқа жал бітпес. Қатының қайқы сері болса, Маңдайыңа мал бітпес.
  80. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.
  81. Бас аманда мал тәтті.
  82. Бас екеу болмай, Мал екеу болмайды.
  83. Басы аманның малы түгел.
  84. Бәйбішеге малын берер, Тоқалға жанын берер.
  85. Бедекшінің малы жең ішінде, Алдамшының малы ерні үшінде.
  86. Белгілі малшың жоқ болса, Беліңді бу да малға бар.
  87. Беліңді бу да малға бар.
  88. Бойдағың барда малым бар деме, Әзірейіл барда жаным бар деме.
  89. Бөріден қорыққан мал жимас, Тышқаннан қорыққан дән жимас.
  90. Бөрілікті қойып, қойшылыққа баста.
  91. Бөтен кісінің малы мал болмайды.
  92. Бұйырған малға тіс тиер.
  93. Бұқаның малға сандығы жоқ.
  94. Бір биеде екі емшек, бірі кетсе сүті жоқ. Бір түйеде екі өркеш, бірі кетсе күші жоқ. Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар.
  95. Бір биеден ала да, құла да туады.
  96. Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.
  97. Біреудің жер көтермес малы бар, Біреудің ат көтермес дәні бар.
  98. Біреудің малын бақсаң, Оның ішінде жүрген өз малың есепке кірмейді.
  99. Ер тұрманы алтын болса да, Есектің есек аты қалмас.
  100. Есекті өсек десең, Иесінің көңіліне келер.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ