Бірлік туралы мақал-мәтелдер
«Бірлік» тақырыбындағы 407 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абысынның аразы, Ағайынның сәнін кетірер. Ағайынның аразы, Елдің сәнін кетірер.
- Аға – қорған, іні – зордан.
- Аға бастар, іні қоштар.
- Аға ұрар болар, іні тұрар болар.
- Ағайын ала болғанда, Ауыздағы ас кетер. Аңдыған дұшпан көбейіп, Жау қолында бас кетер.
- Ағайын алтау болса, адам тимейді, Тура жүрсең, лебізің күймейді.
- Ағайын татуда ат көп, Абысын татуда ас көп.
- Ағайынға қарап мал өсер.
- Адам – адамға пана.
- Адасқан қаздай, руы аздай.
- Ай ортақ, Күн ортақ.
- Айғыр азынап үйірінен шықпас.
- Айрылған азады, қосылған озады.
- Айрылғанды атты мен жаяу да ұрады, Қосылғанға қол қусырып тұрады.
- Айыратын жаман бар, Қосатын жаран бар.
- Айырылма, жұртым, үйіріңнен, Айырылсаң үйіріңнен, Қолың кетпес бүйіріңнен.
- Ақылдасқан азбас, Жақындасқан тозбас.
- Ала болсаң, азасың, Ынтымақты болсаң, озасың.
- Анасы басқа аттан түс, Атасы бір артқа мін.
- Андалама, Андызда оқ тиеді жалғызға.
- Аңдысқан ауыл болмас, Ерегіскен ел болмас.
- Арашаға бой бермеген Арашаға зар болар.
- Арғын – ағаң, қыпшақ – жағаң, Қаңлысыз қабыл болмас тобаң.
- Артқы айылдың батқанын, Иесі емес, ат білер; Ағайынның азғанын, Жақыны емес, жат білер.
- Асу-асу белдер бар, Аса алмаса ат өлсін. Ағайынмен тату бол, Айыра алмай жат өлсін.
- Ат арқасына ер батса, Аяңшыл келеді. Ерге жаттың тізесі батса, Ағайыншыл келеді.
- Атыңнан айырылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма, Қатыныңнан айырылсаң да, Қазан-ошағыңнан айырылма, Қазан-ошағыңнан айырылсаң да, Халқыңнан айырылма.
- Ауласы бірдің ауасы бір.
- Ауызбірліктің алды – ас.
- Ауыл болса – қауым бол.
- Ауылға айтсаң, асар, Көршіге айтсаң, қосар.
- Ауылды ала тайдай бүлдіреді.
- Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.
- Ашу – ағадан, кешірім – ініден.
- Ашу – шабыстырады, Ақыл – табыстырады.
- Ашу ажыратады, Ақыл жадыратады.
- Әрі жат, бері жат – Таршылықтың белгісі. Сен же, мен же – Баршылықтың белгісі.
- Бай бай емес, бірлік бай, Көп көп емес, бірлік көп.
- Бай бастас, Би құлақтас, Батыр қандас.
- Байлық байлық емес, бірлік – байлық.
- Бақыр қазан қайнаса, Бәріміздің ырысымыз.
- Бақыт қайда – бірлікте.
- Бақыт қайда болса, тыныштық сонда.
- Барлық адамзат бір бауыр.
- Бармақ мықты болса, Саусақтардың жұдырық болуы оңай.
- Барын ортаға салса, жоқшылыққа саналмас.
- Бас терісі келіспеген.
- Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың.
- Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді. Елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді.
- Бастаушы болса, қоштаушы табылады.
- Беліңнің мықтысы бір басыңа, Еліңнің мықтысы бір ғасырға.
- Береке – бірлікте.
- Береке басы – бірлік.
- Береке көзі – бірлікте.
- Берекелі жерден мереке кетпейді.
- Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле.
- Берекесіздің ауылы мерекесіз.
- Бермесең – алыспайсың, келмесең – алыстайсың.
- Бет-бетімен түйе айдап.
- Биі көп елді дау аралайды, Дауы көп елді жау аралайды.
- Борай-борай қар жауса, Бұл боран атты өлтірер. Аз кісіні көп кісі, Бір сәтіне келтірер.
- Бота тайлағымен, ауыл аймағымен.
- Бұлт қайда қонса, Береке сонда қонар.
- Бұтағы көп ағашқа құс қонады.
- Бүлдіру оңай, түзеу қиын.
- Бытырасаң басына, Батыр келер қасына.
- Бір арқау, бір күзеу болып.
- Бір ауылда бір үй аш болса, Бір ауыл аш болады.
- Бір ауылда мың туысқан болғанша, Әр ауылда бір туысқан болсын.
- Бір бие үйдікі, екі бие елдікі.
- Бір биеде екі емшек, Бірі кетсе, сүті жоқ. Бір түйеде екі өркеш, Бірі кетсе, күші жоқ.
- Бір дау бір дауды қуады.
- Бір жеңнен қол шығар, Бір жағадан бас шығар.
- Бір кісінікі – мақұл. Екі кісінікі – ақыл.
- Бірге туғаннан ірге туған жақсы.
- Бірдің айы – білектің айы.
- Біреуге біреу сеп, Тамға тіреу сеп.
- Біреуге біреу сүйеу.
- Бірлеспеген білек әлсіз.
- Бірлігі бар елдің, Белін ешкім сындырмас.
- Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.
- Бірлігі күшті ел азбайды, Пішуі кең көйлек тозбайды.
- Бірлік – барлық, байлық, бақыт.
- Бірлік еткен озар, Бірлеспеген тозар.
- Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
- Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда.
- Бірлік малға сатқан – антұрған.
- Бірлік пен ерлік егіз.
- Бірліксіз істе береке жоқ.
- Бірлікте болсаң – билікте боласың.
- Біршілік болмай – тіршілік болмайды.
- Бірі кемнің бәрі кем.
- Біріккен бітіреді, Ұйымдасқан ұтады.
- Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді.
- Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.
- Дастарқан үстінде дұшпан да дос.
- Дау арашасыз болмас.
- Дау арылмас, алтын шірімес.
- Дау қырық жылда бітсе де, Қыршын біттім дер.
- Дауға барсаң, бірің бар, Жауға барсаң, бәрің бар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ