Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жер, табиғат туралы мақал-мәтелдер

«Жер, табиғат» тақырыбындағы 133 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш – жапырағымен, Жер – топырағымен.
  2. Ағаш бесіктен жер бесікке дейін үйрен.
  3. Адам ақылымен бай, Жер дақылымен бай.
  4. Адам жүрген жерде әруақ жүреді.
  5. Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді біреу біледі.
  6. Адам мен адам арасы – Аспан мен жер арасы.
  7. Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
  8. Адам мен адамның арасы – Жер мен көктей.
  9. Адамның аяғы жерді шарласа, Қиялы көкті шарлайды.
  10. Адамның жүрген жері – абат.
  11. Адамның жүрген жері – Гүлстан.
  12. Адаспаймын деген ерді Қараңғы тұман адастырады.
  13. Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді.
  14. Айдалада қалғанға да қайырым етеді.
  15. Айдың шалқалап туғаны, Боран-шашынның болғаны.
  16. Айтқан жерге ерінбе, Айтпаған жерге көрінбе.
  17. Ақылдының алды – ағып жатқан дәрия, Ақылсыз адамның алды – қу тақыр, шөл жазира.
  18. Аламанға ақырма, Қаларсың қу тақырда.
  19. Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.
  20. Ана – дала, бала – гүл, ананың анасы қара жер.
  21. Арманымен – ер сұлу, Орманымен – жер сұлу.
  22. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
  23. Аспан биік, жер қатты.
  24. Аспаннан не түспейді, Жер нені көтермейді.
  25. Ат арығы міністен, Қой арығы өрістен.
  26. Ат аунаған жерде түк қалады, Нар аунаған жерде жүк қалады.
  27. Ат аунаған жерде түк қалар.
  28. Ат баспан деген жерін басар, Ер көрмен деген жерін көрер.
  29. Ат сүрінбей, жер танымас.
  30. Атасы жер жырта білмеген, Баласы тұқым себе білмес.
  31. Атың барда жер таны.
  32. Ауру аздырады, Суық тоңдырады.
  33. Аяз арыққа жау.
  34. Әйел – ерімен, Диқан – жерімен.
  35. Әйел жерден шыққан жоқ, о да еркектің баласы, ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.
  36. Әйел жерден шыққан жоқ, Ол да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел – оның анасы.
  37. Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
  38. Әкең мұрап болғанша, Отырған жерің ой болсын.
  39. Әр гүлдің иісі басқа, Әр жердің жынысы басқа.
  40. Әркімнің өз жері – ұжмақ.
  41. Әуелгі қыстау – жердің құты, Әуелгі әйел – ердің құты.
  42. Бай байға құяр, Сай сайға құяр.
  43. Бай менен жарлының арасы ауа менен жердей.
  44. Байлықтың атасы – еңбек, Анасы – жер.
  45. Бақ қонса, көкке ұшасың, Бақ кетсе, жер құшасың.
  46. Бақ-бақ еткен текені Қар жауғанда көреміз.
  47. Бала қорыған жерге өш.
  48. Балам, жыланнан қашқандай, Жазықтан да қаш.
  49. Балтыры жуан батпақта.
  50. «Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау».
  51. Барар жерің бар болса, Барсаң, айран ішерсің. Барар жерің жоқ болса, Кімге барып түсерсің?
  52. Басқа жердің айынан Өзіміздің жұлдызымыз жарық болсын.
  53. Беткейден өтсең, бел қалар.
  54. Бидай қырда, күріш Сырда, Жемістердің ғажабы Жетісуда.
  55. Бидайдың барар жері тиірмен.
  56. Боранда күні ит пен бала құтырады.
  57. Бұдырсыз жазық жоқ, Бұтақсыз ағаш жоқ.
  58. Бұл не деген батпан құйрық, Далада жатқан құйрық.
  59. Бұланға ерген шешекке аунар, Доңызға ерген балшыққа аунар.
  60. Бұлт – ала, жер – шола.
  61. Бұлт болса, күн жауар, ашық болса, жылынар, өскен, туған жерлерін, тентек кісі ұмытар.
  62. Білгіші бар жаңылмас, Жершілі бар адаспас.
  63. Білмеген жердің ойлы-шұңқыры көп.
  64. Білім тұрған жерде иман тұрады.
  65. Білімді жерде қалмас.
  66. Генштөбе, Генштөбе, Өзіміздің пейіш төбе.
  67. Еділ ел болып келгенге су болады, едірейіп келгенге у болады.
  68. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба.
  69. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.
  70. Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
  71. Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
  72. Жақсы жерге жатсаң – жақсы-жақсы түс көрерсің. Жаман жерге жатсаң – жаман-жаман іс көрерсің.
  73. Жақсы жердің қадірін қожасы емес құл білер.
  74. Жаман қоныстан жақсы жүріс артық.
  75. Жаңбыр бір жауса, Терек екі жуады.
  76. Жасыл желек жердің көркі.
  77. Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.
  78. Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
  79. Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.
  80. Жер – қазына, су – алтын.
  81. Жер алған – ер, Жер сатқан – қара жер.
  82. Жер астында жатқанды қазбай-ақ қарап тіл табар. Қойын-қойын сырынды түбінде келіп шын табар.
  83. Жер байлықтың анасы болса, әкесі – еңбек.
  84. Жер дегенің алтын қасық кертіп жесең де таусылмас.
  85. Жер екеш жер де ауырады. Жер екеш жердің де құлағы бар.
  86. Жер емген ел болады, Жер қадірін білмеген елдің өмірінде ырысы кем болады.
  87. Жер құнарын мал білер. — Қорқыт
  88. Жер құтты болса, мал сүтті болады.
  89. Жер ортасы Көктөбе, жетем деп оған өктеме.
  90. Жер тоқ болса сен де тоқ.
  91. Жер тұсауы түнде алынар.
  92. Жер шаршаса өнім бермес.
  93. Жер ырыстың кіндігі, Еңбек ырыстың қызығы, Білім ырыстың тізгіні.
  94. Жерге берсең – жер, Бермесең – қара жер.
  95. Жерге түскен гүл болар, Отқа түскен күл болар.
  96. Жерден жердің несі артық? – бір-ақ уыс шөбі артық. Ерден ердің несі артық? – бір-ақ ауыз сөзі артық. Жерден жердің несі кем? – егін шықса, гүл өссе. Ерден ердің несі кем? – уәдесін уәде етсе.
  97. Жерден табылса аспанға секірме.
  98. Жерді алдаған аш қалар.
  99. Жердің тілін білсең, тілдей жерден жылдық өмір аларсың. Елдің тілін білсең, елге сыйлы болып жағарсың.
  100. Жерлі құланды терлі құлан аударады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ