Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер
«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (7-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.
- Жаман сөз – ауыз садақасы.
- Жаман сөз – жанға кірген тікен, Жақсы сөз – таптырмайтын ем.
- Жаман сөз жанға кірген тікен.
- Жаман сырын айтамын деп шынын айтады.
- Жаманға сырыңды айтпа, Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
- Жамандықты көп көрген Жақсы сөзге «Жә!» демес.
- Жаманның аузына Жұрттан қалған сөз түседі.
- Жаманның берген асынан Жақсының айтқан сөзі артық.
- Жаманның сөзі түйеден түскендей, Жақсының сөзі диірмен тасындай.
- Жаманның тілі ащы.
- Жан алып жат болма.
- Жанған от тәнді жылытады, Жақсы сөз жанды жылытады.
- «Жаным» десе, жан семіреді.
- Жаптым жала, жақтым күйе.
- Жапырақ та өзді-өзі сыбырласады.
- Жатқа сыр айтпа, өзің өтірік айтпа.
- Жатып сөйлеген Жігітке жараспайды.
- Жауын шаптырып, Жабағыға сүріндіріп айтады.
- Жер астында жатқанды Қазбай қарап, тіл табар.
- Жер құлағы жетеу.
- Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл.
- Жол жайын білмесең, Жүргеннен сұра. Сөз жайын білмесең, Білгеннен сұра.
- Жол қуған қазынаға жолығады, Сөз қуған пәлеге жолығады.
- Жолдас күту – жарға сын, Жалған сөздік – арға сын.
- Жолдасын жамандаған жолдассыз қалады.
- Жолыңа жуа бітсін, Сөзіңе дуа бітсін.
- Жорытсаң, жол аларсың, Жолықсаң – сөз аларсың.
- Жөн сөзге мал да маңырайды.
- Жүздің көркі – сақал, Сөздің көркі – мақал.
- Жүйелі сөз – Жүйесін табар; Жүйесіз сөз – Иесін табар.
- Жүйелі сөз – киелі.
- Жүйелі сөз жүйесін табады, Жүйесіз сөз иесін табады.
- Жыламасқа жылаған екі көзім, Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім.
- Жыланның уы тісінде, Адамның уы тілінде.
- Жылап айтқан шынға нанады, Күліп айтқан өтірікке нанады.
- Жылататын да, Жұбататын да – тіл. Қыздырманың Қызыл тілінен сақтан.
- Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.
- Жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен шығады.
- Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
- Жыртық үйді жел табар, Өтірік сөзді шын табар.
- Заһар тілден шықса, Кәпір діннен шығады.
- Зекетсіздің малы арам, Тілсіздің дауы арам.
- Игілік істі өсек бұзады.
- Ине көзінен сынады, Шешен сөзінен сынады.
- Итке төсек не керек, Естіге өсек не керек?
- Итті «күшім-күшім» десең, аузыңды жалар.
- Иттің ырылдасқаны – амандасқаны.
- Кезенген жаудың көзінен сақтан, сойқанның сөзінен сақтан.
- Кейде сөз де буылады.
- Кекесін сөздің кеселі, Біреуді табады, кейде өзін қабады.
- «Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
- Келелі ақыл сөздің түрін келтірер.
- Кемеңгердің артынан көп ереді, Сүмелектің артынан сөз ереді.
- Кен байлығы жерде, Сөз байлығы елде.
- Кенеуі жоқ кеудеге, Сылдыраған сөз бітер. Миы жоқ қу басқа Бадырайған көз бітер.
- Керең адамның аузына қарар, Соқыр адамның дауысын тыңдар.
- Керең кемітсе де, семіртсе де күледі.
- Кесек-кесек дау, жанжал, Кері кеткеннің ауылында. Кесек-кесек өтірік, Кері кеткеннің ауызында.
- Кесір сөзде – қырсық көп, Кесір адамда – тыртық көп.
- Кесірлі ауыздан кесапатты сөз шығады.
- Кесірлі ауыздан Кесапатты сөз шығар.
- «Кет!» десе, ит те кетеді.
- Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.
- Көз – нұрдың ұясы, Көңіл – сырдың ұясы, Сезім – жырдың ұясы.
- Көз – нұрдың ұясы, Көңіл – сырдың ұясы.
- Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер.
- Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
- Көз көңілдің сырын шертеді.
- Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал.
- Көз көргеніне сенеді, Құлақ естігеніне сенеді.
- Көз көрмесе, сөз құлақты алдайды.
- Көз көрсе жүз ұялады.
- Көзбен көрген анық, Құлақпен естіген танық.
- Көзге айтқанның айыбы жоқ.
- Көзден кетсе, көңілден кетеді.
- Көздің аласынан Сөздің аласы жаман.
- Көзі жаманның сөзі жаман.
- Көзі көктің былшылдаған сөзі көп.
- Көзі көрместің көңілі сенбес.
- Көзіне мақтаған – көлгірдің сөзі. Сыртынан мақтаған – көңілдің сөзі.
- Көзіне мақтама, сыртынан даттама.
- Көзінше мақтағанша көтеріп апарып отқа сал.
- Көкірек таза болмаса, Көз тазасы не керек? Жаның таза болмаса, Тіл тазасы не керек?
- Көліне қарай – қазы, Заманына қарай – сазы.
- Көмекейің қышыса, Асаудың бір жолын тап.
- Көне сөз – жаңа сөздің қазығы.
- Көнектей басқа шүмектей тілің жау.
- Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
- Көңіл – нәзік, сөз – батыр.
- Көңіл – сөздің сандығы.
- Көңіл көзін сөз ашар, Сөйлемесе, кір басар.
- Көңілде жатқан кіріңді Оттай ыстық сөз шаяр.
- Көңілдегі көрікті ойдың Ауыздан шыққанда өңі қашады.
- Көңілдегі құпияны – Көзің айтып қояды, Көп сөйлеген күпілдеп – Сөзің айтып қояды.
- Көңілдегі құпияны Көзің айтып қояды. Көп сөйлесең күмпілдеп, Сөзің айтып қояды.
- Көңілдегі құпияңды – Көзің айтып қояды, Көп сөйлеген күпілдеп – Сөзің айтып қояды.
- Көңілдегі сырды көз білдіреді.
- Көп ауыз сөйлесе, Бір ауыз жым болады.
- Көп біл, аз сөйле.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ