Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ел туралы мақал-мәтелдер

«Ел» тақырыбындағы 139 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.
  2. Азамат сыны – ерлік, Ерлік сыны – елдік.
  3. Азатын елді ұрысы билейді, Озатын елді дұрысы билейді.
  4. Азған елге жазған би болады.
  5. Аққа құрмет – елдің салты, Еліне құрмет – ердің даңқы.
  6. Анадан алтау туғанша, Жалғыз туса не етеді? Елге тұлға керек-ті. Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, Еменге айыр бұтақ бітсе не етеді? Құсқа тұғыр керек-ті.
  7. Арғымақ мінген байлардың Тайға мұқтаж күні бар. Май шайнаған билердің Нанға мұқтаж күні бар. Елден безген залымның Елге мұқтаж күні бар.
  8. Атаның ұлы – халықтың құлы.
  9. Ауылда адам бар болса, Ауыл ала болмайды. Ел иесі құт болса, Халқы ала болмайды.
  10. Ауылдан қырық қадам шыққасын азамат мүсәпір.
  11. Ә, Құдайым, ханды алмағай, Ханды алып, қара халық сандалмағай.
  12. Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
  13. Әркімнің жүрген жері – Мысыр шаһары.
  14. Балық басынан сасиды, Жаман аяғынан сасиды.
  15. Басқа бақ жарасады, Батырға жақ жарасады. Аталы ерден би туса, Халық пайдасына жанасады.
  16. Белің бүгілсе де, елің бүгілмесін.
  17. Биің жылан болса, елің лаң болар.
  18. Биің қылаң болса, елің ылаң болады.
  19. Бойдақ жігіт – ел күйеуі.
  20. Діннен безсең де, елден безбе.
  21. Ел – төр.
  22. Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың.
  23. Ел алғысына бөленген, Ен бақытқа кенелер.
  24. Ел алдында ебелек көшеді.
  25. Ел алмаған елу жыл жатады.
  26. Ел артындағы шаң жұтар, Ел алдындағы май жұтар.
  27. Ел ділімен танылмақ.
  28. Ел ебелек емес, Ер көбелек емес.
  29. Ел жатпай ит тынбас.
  30. Ел күйінгенде күйінген батыр, Ел сүйінгенде сүйінген батыр, Ерегісте мыңға татыр.
  31. Ел намысы – ер намысы.
  32. Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама.
  33. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
  34. Ел ішінде бір тентек жүрмей ме?
  35. Ел-елдің заңы басқа, Иттері қара қасқа.
  36. Елге құнды бол да, тірі қал, Етігіңнің нәлі кеткенше ұмыт болады.
  37. Елге сыймаған жерге де сыймайды.
  38. Елде түлкі аштан өлмес.
  39. Елді ер теңестіреді.
  40. Елді сөкпе, кенді төкпе.
  41. Елмен көгерген еленбес.
  42. Елсізде ит те жолдас.
  43. Елшіге өлім жоқ.
  44. Елін сатып асаған, Екі-ақ күн жасаған.
  45. Ер – егіз. Ер – елінде әз.
  46. Ер – елдің айнасы.
  47. Ер – елдің ық жағының қалқасы, Жел жағының панасы.
  48. Ер айтса, ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны.
  49. Ер басына күн туса, Ереуіл атқа ер салар.
  50. Ер есімі ел есінде.
  51. Ер жігіт – елінің ұлы, намысының құлы.
  52. Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
  53. Ерден ердің кемдігі болса да, Елден елдің кемдігі болмайды.
  54. Ерді ел мүддесі өсіреді.
  55. Ердің аты елменен, Ел қорғаны ерменен.
  56. Ердің баласы – елдің панасы.
  57. Ердің малы елде, еріккенде қолда.
  58. Ердің сыншысы – елі.
  59. Ерлік – елдің қасиеті, Жүректілік – жігіттің қасиеті.
  60. Есті елін табар, Ессіз жаттың отын жағар.
  61. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы.
  62. Есің барда еліңді тап.
  63. Жақсы – елдің мақтаны, Жұпар гүл – жердің мақтаны.
  64. Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер. Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.
  65. Жаман ердің қайғысы, Өз отының қасында; Жақсы ердің қайғысы, Ауылының басында.
  66. Жаңбырлы болса – жердің ырысы, Жақсы туса – елдің ырысы.
  67. Жауынменен жер көгереді, Батаменен ел көгереді.
  68. Жер бастырығы – тау, Ел бастырығы – бек.
  69. Жер таусыз, ел хансыз болмас.
  70. Жер төбесіз, ел төресіз болмайды.
  71. Жеріңнен аусаң, жақсы атыңды қалдыр.
  72. Жол жолға жалғасады, Ел елге жалғасады.
  73. Жолбарыстың артында тері, Батырдың артында елі қалады.
  74. Жусансыз жерді от деме, Көжесіз елді тоқ деме.
  75. Жылқының басы мың қаладан қайтады.
  76. Ит арық болса – ауылдың намысы.
  77. Ит ұяласын аңсайды.
  78. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.
  79. Кедей елдің көшбасшысы көп.
  80. Керейден ұл туса, Алашқа күн туады.
  81. Керуенбасы білікті болса, түйе азбайды; Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды.
  82. Көпті жаман басшы тоздырады, Жақсы басшы оздырады.
  83. Көрген жерде ауыл бар.
  84. Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді.
  85. Көш бастаған серкесі болмаса да, ел ішіндегі еркесі.
  86. Көшбасшысы жоқ болса, ел оңбайды. Құралай бастаған киік оңбайды.
  87. Күлтөбеде күнде жиын.
  88. Қазақ түрік емес, Қазақсыз түркі емес.
  89. Қазақбайдың ұлы болғанша, Халықбайдың құлы бол.
  90. Қазақтың «өш» жер дегені көш жер.
  91. Қазына айтсаң, хан қалады.
  92. Қара жерге халық ие.
  93. Қара жерді жамандама, Қайтып сонда барарсың. Қауым елді жамандама, Қарғысына қаларсың.
  94. Қарамықтың дәні болғанша, Бидайдың сабаны бол. Жаман елдің жақсысы болғанша, Жақсы елдің жаманы бол.
  95. Қартайсаң да өлімді ойлама, Еліңді ойла.
  96. Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.
  97. Қатты жерде қақ тұрар, Ынсапты елде Хақ тұрар.
  98. Қатыныңа құл болмасаң, Үй болмайсың. Халқыңа құл болмасаң, Би болмайсың.
  99. Қой еркесі – серке, Ел еркесі – ер.
  100. Қойды құртаң бүлдіреді, Елді сұлтан бүлдіреді.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ