Ойын туралы мақал-мәтелдер
«Ойын» тақырыбындағы 77 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адам басы – Алланың добы.
- Адамның басы – Алланың добы.
- Аз ойна, көп ойла.
- Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырады.
- Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырар, Қаршығамен ойнаған қаз қанатын шалдырар.
- Айғырмен ойнаған тай Арқасын алдырар.
- Ақшалының қолы ойнар, Ақшасыздың көзі ойнар.
- Ақшасы бардың өзі ойнар, Ақшасыздың көзі ойнар.
- Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын Ойлап талдайды.
- Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады, Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
- Ақылсызды жіберсең, ойын бұзар, Арамзаны жіберсең, жиын бұзар.
- «Алла» деген – ойын сөз, Қияметте қиын сөз.
- Аңғырт ойын бұзар, Тентек жиын бұзар.
- Арақ ішкен – азар, Карта ойнаған тозар.
- Арпа берсең атқа бер, Күтір-күтір шайнасын. Қызды берсең қартқа бер, Сақалымен ойнасын.
- Арпа берсең, атқа бер, Күтір-күтір шайнасын. Қызды берсең, жасқа бер, Құшақтасып ойнасын.
- Арыстанның ойнынан Түлкінің мойны үзіледі.
- Асық ойнаған – ақтық, Доп ойнаған – тоқтық.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар, Бәрінен де қой бағып, Қозы өсірген озар.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып, Көтен майын жеген озар.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып, Қою сүт ішкен озар.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып, Құйрық жеген озар.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой жайып, Көтен жеген озар.
- Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар. Бәрінен қой баққан озар.
- Ат жаманы таймен ойнайды.
- Ат жаманы таймен ойнар, Қатын жаманы байымен ойнар.
- Ата баласы азарында асық ойнайды.
- Аталы баланың аузы ойнайды, атасыз баланың көзі ойнайды.
- Атаменен ойнағанша, Атаңның басымен ойна.
- Атан-түйе ойнаса жұт болады.
- Атпен ойнаған тайдың арқасы кетеді.
- Атпен ойнаған тайдың арқасы кетер.
- Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
- Аттың жемін жеп, Тайдың ойынын ойнамас болар.
- Аударыспақ ойнаса, Аздың арты қылпылдайды. Тақия салмақ ойнаса, Таздың арты қылпылдайды.
- Аударыспақ ойнаса, Аздың арты қылпылдар. Бөрік алыспақ ойнаса, Таздың арты қылпылдар.
- Аударыспақ ойнаса, Таздың көті қолпылдар. Қапта астық таусылса, Қатын көті қолпылдар.
- Аузында әзілі жоқтың, Қолында масқарасы бар.
- Аш бала тоқ баладай ойнамайды, Тоқ бала аш баланы ойламайды.
- Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала «аш болам» деп ойламайды.
- Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала еш нәрсені ойламайды.
- Бала болса да, әркім өз теңімен ойнар.
- Бала ойынмен өседі.
- Баласы бардың өзі ойнар, Баласыздың көзі ойнар.
- Боранның алды құйын, Ұрыстың алды ойын.
- Бура құтырса, тайлақпен ойнар.
- Бұқаның мойны жаман, Жаманның ойыны жаман.
- Бұқтырып қойған көженің, Қоюы мен суы бар. Шалғайдағы ауылдың, Ойыны мен дауы бар.
- Бірін-бірі түсініп, әркім ойнар өзі қатар теңіне.
- Ережесіз ойын жоқ.
- Жаманның ойыны да жаман.
- Жылайтын бала әкесінің сақалымен ойнайды.
- Көп ойнаған бір жылар, Көп осырған бір тышар.
- Көргенсіз бала шешесін түртіп ойнайды.
- Құдашамен құда ойнар, Қошақанмен бөрі ойнар.
- Құдашамен құда ойнар, Қу шөппен бөрі ойнар.
- Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
- Ой түбі – алтын, ойын түбі – от.
- Ойна, жұмысты да ойла.
- Ойнамасаң ойын бақ, Қойшыбайдың қойын бақ!
- Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
- Ойнаса баласы, Шындаса әкесі жығады.
- Ойнаса да, ойындағысын айтады.
- Ойын сөзге шын жауап.
- Ойын сөзге шын төре.
- Ойын түбі – от, Ой түбі – алтын.
- Ойынға ойсыз құмар.
- Ойынды көтермегеннің басы таз болады.
- Ойыннан от шығар.
- Оқы да біл, ойна да күл.
- Оңқа ойын бұзар, Тентек тойын бұзар.
- Ордалы жыланмен ойнама.
- Орынсыз ойын – сындырар мойын.
- Оспадардың ойыны бұзық.
- Отпен ойнама – өртенерсің, Доспен ойнама – өкпелетерсің.
- Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.
- Той қызығы – көкпар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ