Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер

«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1046 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абырой – ердің қанаты, Ақыл – ойдың суаты.
  2. Адам – ала, мал – құла.
  3. Адам әуелі бастан қартаяды.
  4. Адам баласы үрген мес секілді, Аузын ашсаң, босап қоя береді.
  5. Адам көзі – таразы.
  6. Адам тілінен жазады, ұры – ізінен.
  7. Адам тілінен табады, Сиыр мүйізінен табады.
  8. Адам шыдағанға құрыш шыдамайды.
  9. Адамды адамгершілікке сүйрейтін – ақыл, Адамды жамандыққа ұрындыратын – ашу.
  10. Адаспаймын деген ерді, Қараңғы түн, қалың тұман адастырады.
  11. Ажал ақымақ үшін алтау, ақылдыға біреу.
  12. Азаматтың бір ажары – кеңдігі.
  13. Аздың ашпын дегеніне нанба, Көптің тоқпын дегеніне нанба.
  14. Ай бетінде дақ бар.
  15. Айдағаны – бес ешкі, Ысқырығы жер жарады.
  16. Айдарлыны құл, Тұлымдыны – тұл етеді.
  17. Айла ақыл болмайды.
  18. Айран ішкен құтылады, Шелек жалаған тұтылады.
  19. Айтқан ақыл дарымас, Алақұйын адамға; Дамыл таппас, дағдармас, Жығылғанша аранға.
  20. Айыр інген кез болса, Мұрындығы қалар жырылып.
  21. Ақсақ ит айға қарап үреді.
  22. Ақсақ ит сау иттен сауға сұрайды.
  23. Ақсақ көп жүреді, Соқыр көп көреді.
  24. Ақсұңқар «ұшармын» деп мақтанба, Алдыңда құрулы тор бар. Арғымақ «жүйрікпін» деп мақтанба, Алдыңда қазулы ор бар.
  25. Ақыл – адам көрігі, Ақылдың сабыр – серігі.
  26. Ақыл – ар-ұяттың күзетшісі.
  27. Ақыл – арқан, Ой – өріс, Адам – қазық.
  28. Ақыл болса, бақыр табылар.
  29. Ақыл жасқа қарамайды, басқа қарайды.
  30. Ақыл қалмас қашқанда, Дегбір қалмас сасқанда.
  31. Ақыл қонбаған жігітке, Бақыт та қонбайды.
  32. Ақылға кішілік жүрмейді.
  33. Ақылға саңыраулық айып.
  34. Ақылдан асар амал жоқ, Батырлар алмас қамал жоқ.
  35. Ақылдан жақын дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма? Жиырма бестен артық жас бар ма? Қымыздан дәмді ас бар ма?
  36. Ақылды адам ақымақтан да бірдеме үйренеді.
  37. Ақылды бақырды да бағалайды, Ақымақ алтынды да қаралайды.
  38. Ақылды десе болар, сұрамай білгенді, Жомарт десе болар, сұратпай бергенді.
  39. Ақылды көрші – төрің, Ақымақ көрші – көрің.
  40. Ақылды қарт айып іздемейді.
  41. Ақылды қателессе, Басынан көреді. Ақымақ қателессе, Досынан көреді.
  42. Ақылды мақтанса, іс тындырар, Ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
  43. Ақылды мен ақылды, Ақыл жәйін кеңесер; Ақылсыз бен ақылсыз, Ақыл таппай егесер.
  44. Ақылды мен ақымақ келісе алмас, Атан түйе текемен сүзісе алмас.
  45. Ақылды ұры өз ауылын тонамас.
  46. Ақылдыға – заң, ақымаққа – таяқ.
  47. Ақылдыға ар қымбат, Ақымаққа жан қымбат.
  48. Ақылдының соңына ер, жолың болар, Тиянақтының ісін көр, көңілің толар.
  49. Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді, Сәурік айғыр саяққа тыным бермейді.
  50. Ақылсыз қайрат – азап.
  51. Ақылсыз қайрат бас жарар.
  52. Ақылсыздың сүйгені жаман, Ақымақтың түйгені жаман.
  53. Ақылы алқымынан аспаған.
  54. Ақылы аузында, көзі төбесінде.
  55. Ақымақ алғыс алмайды, Алғыс алмаған алысқа бармайды.
  56. Ақымақ астан жеріп, аштан өледі.
  57. Ақымақ атқа мінсе, Өзін төре санар.
  58. Ақымақ бастан ақыл шықпайды, Ақыл шықса да, мақұл шықпайды.
  59. Ақымақ бұзуға бар да, түзеуге жоқ.
  60. Ақымақ Есекқырғанды Шолпан, Кезқұйрықты лашын дейді.
  61. Ақымақ ойбай салар, Ақылды ойға қалар.
  62. Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын.
  63. Ақымақта дос, итте бажа жоқ.
  64. Ақымақты алдыңа түсірме.
  65. Ақымақты үйрету – Өліні тірілту.
  66. Ақымақтың ақылы көзінде.
  67. Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді.
  68. Ақың кетсе, зерекке кетсін.
  69. Ақырғанның бәрі арыстан емес.
  70. Ақырын ойламаған білгенін істер.
  71. Ақырып хан болмайды, Бақырып бай болмайды.
  72. Ала жылан, аш бақа.
  73. Ала қойда кінә жоқ, жүні болмаса.
  74. Ала ойлаған алысқа бармайды.
  75. Алаңғасарға әрі құла десе, бері құлар.
  76. Алаша тұқымын танытпас, Жүк көтеріп жарытпас.
  77. Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар. Олақ жігіт оңай істі жүк қылар.
  78. Алғырды мақта, өткірді сақта.
  79. Алданған алмай тұрып сенбейді.
  80. Алдаспан құрал емес, Ақыл құрал.
  81. Алдау – зұлымдық, алдану – аңғырттық.
  82. Алдау мен өтірік – сұмның ісі.
  83. Алдына келгенді тістейді, Артына келгенді тебеді.
  84. Алдынан дау, Артынан сөз кетпеген.
  85. «Алтаумын» деме, жетеуге жолығасың, «Жетеумін» деме, сегізге жолығасың.
  86. Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.
  87. Алуан-алуан жүйрік бар, Әліне қарай шабатын.
  88. Алушыны аңдушы жеңер.
  89. Алыстан ердің дәрібі бар, Қасына барсаң, баладай. Алыстан таудың дәрібі бар, Қасына барсаң, обадай.
  90. Алыстың жақыны бар, Тентектің мақұлы бар.
  91. Аңғал қашқанға да, қуғанға да серік.
  92. Аңғырт бөрі қой үркітеді, Аңғал ұры қолға түседі.
  93. Аңқау азаптан құтылмайды, Алаңғасар мазақтан құтылмайды.
  94. Аңқау аңдамайды да, алаңдамайды да.
  95. Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.
  96. Аңқау астыңа қарайды, Арамза үстіңе қарайды.
  97. Арамзада ар болмайды, Талғамсызда сән болмайды.
  98. Арғын деген арыспын, Азуы алты қарыспын.
  99. Арлану – ақылдың ісі.
  100. Арсыз бен санасыз күлкішіл.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ