Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көпшілік қауым туралы мақал-мәтелдер

«Көпшілік қауым» тақырыбындағы 90 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам көпке, мал шөпке тоқтайды.
  2. Айдауылдың алдына түспе, Аламанның талауына түспе.
  3. Ауыл аралас, қой қоралас.
  4. Ауыл сыйласа, сен де сыйла, Әкеңнен қалған құл емес. Ауыл сыйламаса, сен де сыйлама, Ол патшаның ұлы емес.
  5. Ауылдастың аузы сасық.
  6. Әуелі көпке сал, ұнамаса, қайтып ал.
  7. Базарда мың кісі бар, Әркім танығанына сәлем береді.
  8. Базарда түйе пұл десе, Ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды.
  9. Бай – жарлының бақташысы.
  10. Бай байға құяды, Сай сайға құяды.
  11. Бай кісі базарға барса, сұм хабар алар.
  12. Барымта қайтыс болмай, Дау айтыс болмайды.
  13. Би жоқта құл жүреді жораға, Ит жоқта шошқа үреді қорада.
  14. Бөрі көрісін талайды.
  15. Бұлтқа қарама, жұртқа қара.
  16. Бір кісі таққа мінсе, Қырық кісі атқа мінеді.
  17. Бір түйенің құмалағына Қырық кісі тайып жығылыпты.
  18. Бірдің кесірі мыңға, Мыңның кесірі түменге тиеді.
  19. Дәм айдаса, қалман, Адам айдаса, барман.
  20. Дәрі – шөптен, ақыл – көптен.
  21. Досыңның тонын тойға ки, қасың көрсін, Ызалансын, жасысын, іші күйсін.
  22. Діні бір дәм береді, Діні бөлек діңкелетеді.
  23. Екі түйе сүйкеніссе, арасында шыбын өледі.
  24. Ел аузы – дуалы.
  25. Елдің көзі – елу.
  26. Ешкі бастаған қой егінге түсер.
  27. Ешкі егіз тауып, қойдан аспас, Ит сегіз тауып, елден аспас.
  28. Жалғыздың өзі – сығай, Екеудің бірі – жұбай, Үшеудің бірі – шарана, Төртеудің бірі – қаймана.
  29. Жүрсең саяқ, жерсің таяқ.
  30. Жығылсаң: сиыр мүйізін төсейді, қой тұяғын төсейді, жылқы жалын төсейді, түйе шудасын төсейді.
  31. Ине өз тесігін тіге алмайды.
  32. Ине шаншар жері жоқ.
  33. Ит тобын арыстан бастаса, Барлық ит арыстан болады, Арыстан тобын ит бастаса, Барлық арыстан ит болады.
  34. «Кел, кел» көп болса, ит те салауатты.
  35. Келген – дәулет, кеткен – бейнет.
  36. Кеңесте кеңдік көп.
  37. Кеңесіп кескен қол ауырмас.
  38. Көк толқыса, жер құлайды, Көп толқыса, хан құлайды.
  39. Көн құрысса, қалыбына барады, Көпке түскен іс анығына барады.
  40. Көп аз қылған зорлығын айтады, Аз көп көрген қорлығын айтады.
  41. Көп білсең де, көптен артық білмейсің.
  42. Көп дауыс қосылса, Бір дауысты жоқ қылады.
  43. Көп жүрген жер көңілді.
  44. Көп келіссе, кірекеш түйесін сояды.
  45. Көп қайда болса, шындық сонда.
  46. Көп ішінде жоқ болсаң, Мін тағылар басыңа.
  47. Көпке топырақ шашпа, Көмусіз қаласың.
  48. Көпке ұнаған Құдайға да ұнайды.
  49. Көппен тентек болсаң да, Көпке тентек болма.
  50. Көптен қулық артылмас.
  51. Көпті жамандаған көмусіз қалады.
  52. Көпті жылатқан көп жүрмес.
  53. Көпті сөккен көгермес.
  54. Көптің аузы темір талқы.
  55. Көптің ауызы дуалы.
  56. Көптің мүлкін көргенсіз бөледі.
  57. Көптің ойы кемеңгер.
  58. Көрші хақысы – Тәңір ақысы.
  59. Көршің шақырса, Бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар.
  60. Көтермен болса жұрт жаман.
  61. Көшкен елдің бұқасын, Еру елдің тайыншасы қорқытады.
  62. Көштің байсал тапқаны, Көкорайға қонғаны, Даудың байсал тапқаны, Төрешіге барғаны.
  63. Қазы – хан қасында, Қараша – жар басында.
  64. Қаңлысыз хан сайланбайды.
  65. Қиямет күні қоңсыдан.
  66. Құл жиналып бас болмас, Құм жиналып тас болмас.
  67. Қызды ауыл өсекшіл.
  68. Қырық кісі бір жақ, Қыңыр кісі бір жақ.
  69. Мың қосшыға бір басшы.
  70. Ожырай көшсе орнынан, Жаппас қонар жұртына.
  71. Орман бөрісіз болмас.
  72. Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.
  73. Өрісі жуық оттайды, Ауылы жуық ас ішеді.
  74. Сараң санға қосылмайды.
  75. Сегіз ешкіге сексен теке.
  76. Тоғыз қатынның толғағы бір келеді.
  77. Тозған қазды топтанған қарға жем етер.
  78. Той десе, қу бас домалайды.
  79. Той тамағы тәтті.
  80. Тойда төрелік, ойында өрелік жоқ.
  81. Тоқал ешкі қой бұзар.
  82. Үйірлі құлан айғырсыз болмайды.
  83. Үйірлі құлан көсемсіз болмас.
  84. Халық – дана.
  85. Халық – қапысыз сыншы.
  86. Халық ханға бағынғанда – бала, Ашуланғанда – әке.
  87. Халыққа қарсы жүру – Ағысқа қарсы жүзу.
  88. Хан қасында қаразың болса, Қара жермен кеме жүргізер.
  89. Ханды Құдай ұрарында, Қарашасымен қас болар.
  90. Шілдің боғындай шашылған.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ