Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Олжа, пайда туралы мақал-мәтелдер

«Олжа, пайда» тақырыбындағы 59 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Алтын тағың болғанша, Алақандай жерің болсын.
  2. Арғымақ деп кім айтар, Жабыны басып озбаса. Азамат деп кім айтар, Алашқа олжа салмаса.
  3. Асқа талау түссе, Иттің құдайы береді.
  4. Аталмаған жая таңдар.
  5. Әркім тапқанын теке қояды.
  6. Әркім теңін олжалайды.
  7. Бай пайдақор, аңшы айлакер болады.
  8. Байдан пайда құтылмас.
  9. Байдың қорасынан, Жарлының жалғызы жоғалады.
  10. Бақыттының түйесі түлкі алар.
  11. Балықшыдан сыралғы, Батырдан сауға.
  12. Бар болса – пайдасы, Жоқ болса – найзасы.
  13. Бар болса, сойғанның жөні бар, Бір қойда он кісінің құны бар.
  14. Бардың пайдасы тиеді, Жоқтың найзасы тиеді.
  15. Барын берген байға сән.
  16. Бас-басыңа бай қайда, Шал да болса тиіп ал.
  17. Басы қараның бары игі, Барын берсе, тағы игі.
  18. Батырдан сауға, Бәйгеден олжа.
  19. Бәсеке, байлық кімде жоқ, Бірде бар да, бірде жоқ.
  20. Бектің бүгінгі қуанышы ертеңгі табысында.
  21. Бермегенге қақсама, Бергенді тастама.
  22. Бидай күзде пісер, Пайдасы сонда түсер.
  23. Бөрінің табысы бөлісте, Құзғынның табысы ағаш басында.
  24. Бұйырмағанын айдап жүрмін, Бұйырғанын шайнап жүрмін.
  25. Білімнен артық пайдалы не бар?
  26. Бір сауда иіп кетеді, Бір сауда киіп кетеді.
  27. Дәулеттінің дәмімен.
  28. Ерден елтірі даулап алсаң да олжа.
  29. Ет артқан түйеге ит ереді.
  30. Жаманға олжа түссе, Бөлісе алмай қор болады.
  31. Жаманға олжа түссе, Үлесе алмай көпке түседі.
  32. Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.
  33. Жарлының өз малы өзіне олжа.
  34. Жомарт қолға аспандағы лашын қонар.
  35. Жуан ағаштың жаңқасы мол.
  36. Жыланның аузы жесе, құйрығы семіреді.
  37. Ине де – сыйлық, Інген де – сыйлық.
  38. Ит жегенше иесі жесін.
  39. Кен байлық – Кең байлық.
  40. Кетер мал қолдың кіріндей.
  41. Көмбені не көрген, не көмген алады.
  42. Көп іздеген көмбенің үстінен шығады.
  43. Қанша шешен болса да, Дауға салма малсызды.
  44. Қасық тары ботқа болмас, Ботқа болса да, жұртқа жетпес.
  45. Қожаң берсе, қойныңа сал.
  46. Құданың тайын алғың келсе, Құлынды биесін сұра.
  47. Қыдыр дарымаған адам есек базарында делдал да бола алмайды.
  48. Май – әулие, Майсыз жарылқайтын қай әулие?
  49. Майлаған қайысқа ит өш.
  50. Малы бардың амалы бар.
  51. Мың ділдә; бардың қалтасында, жоқтың ауызында.
  52. Мыңды айдаған да бірді мінеді, Бірді айдаған да бірді мінеді.
  53. Тапқан біреуін сояды, Таппаған екеуін сояды.
  54. Таудағы тайдан табақтағы құйрық артық.
  55. Төгілген топырағымен толады.
  56. Түйе, тайлақ жиғанмен, Аунайтұғын шаңдақ жоқ.
  57. Түлкі терісінен жазады, Бай малынан жазады.
  58. Ұялмаған бұйырмағанды жейді.
  59. Үш рет жұтаған байда, Үш рет шабылған ханда қазына қалмайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ