Менмендік, тәкаппарлық туралы мақал-мәтелдер
«Менмендік, тәкаппарлық» тақырыбындағы 58 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адамзаттың баласы кім болса да, Жолда жатыр деп басып өтпе.
- Ай сұлу көрінер толғаннан соң, Жігіт асып сөйлейді болғаннан соң.
- Айхай, көкірек, не демейді сұм жүрек!
- Ақсұңқар торға жолығар, Арғымақ орға жолығар. Менменсіген жігіт, Өзінен зорға жолығар.
- Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба, Алдыңда құрулы тор бар.
- Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба, Алдыңда құрулы тұрған торлар бар. Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба, Алдыңда қазулы тұрған орлар бар.
- Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
- Ақылдының белгісі: Байыса аспайды, Дәрежесіне таспайды.
- Ақылсыз адам менмен келер, Ақылды адам кеңнен келер.
- Ақылсыздың мені зор, Тәкаппардың сені зор.
- Ақымақты мақтасаң, қуанады.
- Ақымақтың өзі білмес, басқаны көзге ілмес.
- Алдияр, алдияр десең – дандияр (далияр).
- Алшаңдаймын деп алшаңнан түспе.
- Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба, Алдыңда талай өрлер бар.
- Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба, Алдыңда талай өрлер бар. Ақсұңқар, алғырмын деп мақтанба, Алдыңда құрулы торлар бар.
- Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа. Күнінде өзім болдым деп, Кеңпейілмен таласпа.
- Арыстан асқынса, айға шабады.
- Арыстан асқынса, айға шабар, Ақымақ асқынса, анасын сабар.
- «Арыстанмын» дегендер Әдетте кесіртке болады.
- Асқақтаған амалшыдан Аяңдаған адал озар.
- Асқақтаған ұлық болмайды, Жемісті ағаш биік болмайды.
- Асқанға аспан да аласа.
- Асқанға риза болма, Сасқанға риза бол.
- Асқаныңа емес, сасқаныңа ризамын.
- Аспа, асқан жетер басқа.
- Ассаң, аспаққа асыларсың, Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.
- Астамшылық – азғындық.
- Асып қарама, басып қара.
- Ат қартайса Жасқаншақ болады, Ер қартайса, Мақтаншақ болады.
- Ата-ананың сөзін жерге тастама, Байып алсаң, менмендікке бастама.
- Атыңды мақтама, Жүрісінен жаңылады. Қатыныңды мақтама, Жүрегінен қабынады.
- Әйел асқақтаса – жылағаны, Ер асқақтаса – құлағаны.
- Әйелдің өркөкірегі қор болады, Еркектің өркөкірегі зор болады.
- Әлді адам шалқақ келеді, Әлсіз адам жалтақ келеді.
- Бай дегенге мерейіп, Мұрт-сақалы серейіп.
- Бай кедей болса да, мақтанғанын қоймайды.
- Бай мақтанса табылар, Жоқ мақтанса шабылар.
- Бай мақтанса, бір жұттық, Батыр мақтанса, бір оқтық.
- Бай мақтанса, май табылар, Жоқ мақтанса, не табылар.
- Байлық іздеп, мақтан тілеп жортқан да, Жарасады кісілігі артқанға.
- Баймен құда болсаң, шіренер, Жарлымен құда болсаң, тіленер.
- Баймын деп мақтанба, жарлылық бар. Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.
- Байығанда бас имес, ол – адамның әлсізі.
- Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман.
- Бар болсаң, бармын деме, Жоқ болсаң, жоқпын деме.
- Бар мақтанса, табылар, Жоқ мақтанса, шабылар.
- Басым бар деп топтанба, Малым бар деп мақтанба.
- Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар. Қу мақтанса, алдап соққанын айтар.
- Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың, Аса берсең, аспаға асыларсың.
- Болған кісі болдым демес, Болдым десе болғаны емес.
- Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді, Тістей қатар бос жібермей бір күнді.
- Бөспе атаққа қызығады, Бөрі тамаққа қызығады.
- Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш табылар.
- Біліксізге төр тисе, «төмен» дейді.
- Білімдіні білімі үшін мақтайды, Бейшараны «қам көңіл» деп жақтайды.
- Біреуге етсең зорлық, Өзіңе келер қорлық.
- Біткен соң мақта кеспейді, Қоя тұр бітпей бөскенді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ