Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ағайын-туыс туралы мақал-мәтелдер

«Ағайын-туыс» тақырыбындағы 354 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абысын ағарып алдыма шықпасын, Қарайып артымда қалмасын.
  2. Абысын ағарып алдымда жүрмесін, Қарайып артымда қалмасын.
  3. Абысын ағарып алдымнан шықпасын, Қарайып артымда қалсын.
  4. Абысын тату болса, ас көп болар, Ағайын тату болса, ат көп болар.
  5. Абысын тату болса, ас көп, Ағайын тату болса, ат көп.
  6. Абысын-ажын не керек, Аңдысып күні өткен соң. Алмауыт ұстап не керек, Артынан жабы жеткен соң.
  7. Абысын-ажын не керек, Аңдысып күні өткен соң. Арғымақ мініп не керек, Артынан жабы жеткен соң.
  8. Абысынсыз ас болмайды, Ағайынсыз ат болмайды.
  9. Аға – бор, Іні – тас.
  10. Аға – Еңбекпен көркем. Бала – Біліммен көркем.
  11. Аға адасса, іні із кеседі.
  12. Аға алғанша, жеңге жегенше.
  13. Аға алдында арсыз іні сөйлейді.
  14. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
  15. Аға әдепті болса, іні әдепті, Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
  16. Аға болар жігіттің Етек-жеңі кең келер. Арғымақ болар құлынның Жал, құйрығы дөңгелер.
  17. Аға болсаң ақыл айт, Ақыл айтсаң, мақұл айт.
  18. Аға бордан, іні зордан.
  19. Аға бірігіп, ата болмас, Жеңге бірігіп, ана болмас.
  20. Аға өлсе жеңге мұра, Іні өлсе келін мұра.
  21. Аға өлсе, жеңге мұра.
  22. Аға өлсе, жеңгем мұра, Атан өлсе, сауыр мұра.
  23. Аға өлсе, іні мұра, Ат өлсе, сауыр мұра.
  24. Аға ініге ұстаз, Апа сіңліге ұстаз.
  25. Аға інім демесе, інісі досым демейді.
  26. Аға ішкен бұлақтан інісі де су ішеді.
  27. Аға ішкен бұлақтан, Іні де су ішеді.
  28. Аға-ініні жамандап, қане, туған тапқаның, Арғымақты жамандап, қане, тұлпар тапқаның.
  29. Аға-інің болса, дұшпаным жоқ деме, Абысының болса, күндесім жоқ деме.
  30. Ағаға қарай іні өседі.
  31. Ағадағы мал – аспандағы мал, Інідегі мал – ін түбіндегі мал, Баладағы мал – даладағы мал.
  32. Ағадағы мал – даладағы мал, Інідегі мал – індегі мал. Даладағы малға талғанда жетерсің, Індегі малға өлгенде жетерсің.
  33. Ағадан – ақыл, Атадан – нақыл.
  34. Ағадан – ақыл, Ініден – ізет.
  35. Ағадан қалғанды іні киіп өседі, Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі, Көргендерін бойына түйіп өседі.
  36. Ағайын – ағайынның айнасы.
  37. Ағайын – алтау, Ана – біреу.
  38. Ағайын – ащы, Мал – тұщы.
  39. Ағайын ала болса, ат азады.
  40. Ағайын ала болса, Ауыздағысынан айрылар.
  41. Ағайын алыста болса, кісінесер, Жақында болса, тістесер.
  42. Ағайын аразынан ақсайды, Ат тұрасынан ақсайды.
  43. Ағайын асынан, ат тұрасынан ақсайды.
  44. Ағайын бар болса, көре алмайды, Жоқ болса, асырай алмайды.
  45. Ағайын бар болсаң, көре алмайды, Жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
  46. Ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бөліп бере алмайды. Жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді.
  47. Ағайын барында, Аузыңды жалайды, Жоғыңда желкеңнен қарайды.
  48. Ағайын бір қарда, бір тарда.
  49. Ағайын бір өліде, Бір тіріде.
  50. Ағайын бірде араз, бірде тату.
  51. Ағайын бірі өлімде, бірі тіріде керек.
  52. Ағайын жазаға қиса да, өлімге қимайды.
  53. Ағайын жақсы деме, түйіп кетеді, Ағаштан құман қойма, күйіп кетеді.
  54. Ағайын жақында болса, тістескен, Алыста болса, кісінескен.
  55. Ағайын жамандауға да болады, Жақсылауға да болады.
  56. Ағайын көңіл қалдырса, Алыстан жақын іздейсің.
  57. Ағайын қадірін білмесең, Жалғыздық берсін сазаңды.
  58. Ағайын қорлығынан жат қорлығы, Жат қорлығынан сарт қорлығы.
  59. Ағайын малы ауысса, Ауылына айдап қой. Айдауға қолың тимесе, Ауылыңа байлап қой.
  60. Ағайын мен жекжат арасын, Майына мінген аты айырады, Немесе оқымаған бата айырады.
  61. Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса, ас көп.
  62. Ағайын-туған кімде жоқ, Сыйлассаң, жат та жуық (жақын).
  63. Ағайын, туған кімде жоқ, Сыйласпаса, жат жуық.
  64. Ағайын, туыстың қызығы – алыс-беріс. Құдалықтың қызығы – барыс-келіс.
  65. «Ағайын!» десе, аң қарадық, «Қайын» десе, тез қарадық.
  66. Ағайынға ат берме, Ат берсең «ақырын жүр» деме.
  67. Ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді, Қатынға қадірім жоқ – етімді көреді.
  68. Ағайынға қадірің болмас, Күнде бетіңді көреді. Әйелге қадірің болмас, Етіңді көреді.
  69. Ағайынға қарап бала өсер, Қарағайға қарап тал өсер.
  70. Ағайынға қарап мал өсер, Қарағайға қарап тал өсер.
  71. Ағайынға менменсу – Ағат емей немене?! Ақылдылар айтқан сөз – Сағат емей немене?!
  72. Ағайынға сүйеніп мал өседі, Қарағайға сүйеніп тал өседі.
  73. Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
  74. Ағайынды ажын ажыратар, Ақ жүзіңді әжім ажыратар.
  75. Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
  76. Ағайынды алтау болса, адам тимейді, Тұра жүрсең, лебізің күймейді.
  77. Ағайынды алтау болса, адам тимейді.
  78. Ағайынды жамандап, Туғанды қайдан табасың. Арғымақты жамандап, Тұлпарды қайдан табасың.
  79. Ағайынды жатқа сатқан жаман, Биені атқа сатқан жаман.
  80. Ағайынды жатқа сатқан жаман, Биесін атқа сатқан жаман.
  81. Ағайынды жігіттің отарында малы бар, Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар.
  82. Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.
  83. Ағайынды үшеудің Қолқа, бауыр, жаны бар. Ағайынды екеудің Өкпе, бауыр, жалы бар, Жалғыздың шығар-шықпас жаны бар.
  84. Ағайыннан жат жақсы, Сыйласа алса. Арғымақтан жабы жақсы, Шаба алса.
  85. Ағайыннан жат жақсы, Таныс болса. Арғымақтан ат жақсы, Шабыс болса.
  86. Ағайыннан жат жақсы, Таныс болса. Арғымақтан жабы жақсы, Шабыс болса.
  87. Ағайынның азары болса да, безері болмайды.
  88. Ағайынның азары көп болса да, Безері болмас.
  89. Ағайынның азғанын өзі білмес, жат білер. Артқы айылдың батқанын иесі білмес, ат білер.
  90. Ағайынның азғанын, Өзі білмес, жат білер. Қапталдықтың батқанын, Иесі білмес, ат білер.
  91. Ағайынның аразы ауыздың сасығыменен бірдей.
  92. Ағайынның аразы болса да, Азары болмайды.
  93. Ағайынның аразы болса да, безері болмайды.
  94. Ағайынның аты арымас.
  95. Ағайынның аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.
  96. Ағайынның жақын болуы қатыннан, Алыс жердің жақын болуы атыңнан.
  97. Ағайынның қадірін алыста жүргенде білесің.
  98. Ағайынның қадірін Қаралы боп байқадым. Ата-ананың қадірін Балалы боп байқадым.
  99. Ағайынның қадірін, Жалалы болсаң, білерсің, Ата-ананың қадірін, Балалы болсаң, білерсің.
  100. Ағайынның қызығы – алыс-беріс, Құдалықтың қызығы – барып-келіс.

Басқа тақырыптар

Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ