Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасқыр, бөрі туралы мақал-мәтелдер

«Қасқыр, бөрі» тақырыбындағы 46 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Айбынымыз қаншама, Ал өзіңіз аңдаңыз: Атты қасқыр жарса да, Аман қалды арбамыз.
  2. Айтақтай-айтақтай, Қасқырдан да ұят болды.
  3. Ақылды кәріден сұрама, бөріден сұра.
  4. Алдында тұрса, жуас қойдай сені «дос» деп біледі, Артында тұрса, қас бөрідей теріңді тіледі.
  5. Арыстан жүріп өткен жолдан, Ақсақ бөрі азығын айырар.
  6. Аттан жығылғанды бөрі аңдиды.
  7. Ауыл иті ала болса да, Бөрі көргенде бірігеді.
  8. Ауыл иті бөріні көрсе, жарасар.
  9. Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпайды.
  10. Ашкөздің жақсыға көзі тұнар, Қасқырдың етке көзі тұнар.
  11. Әлі кеткен қасқыр ешкіні «апа» дейді.
  12. Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.
  13. Болбыраған бөріні бұзау жалар.
  14. Боранды күн бөрі жатпайды.
  15. Бөлтірікті асырағанымен ит болмас.
  16. Бөлінгенді бөрі жейді, Жарылғанды жау жейді.
  17. Бөлінгенді бөрі жейді.
  18. Бөрене арқылы бөрі қума.
  19. Бөрі азығы мен ер азығы жолда.
  20. Бөрі алар жігіттің бөркінен белгілі.
  21. Бөрі алатұғын жігіттің бөркінен танылар.
  22. Бөрі арығын білдірмейді.
  23. Бөрі арығын білдірмес, Итке жүнін қампайтар.
  24. Бөрі баласын асырасаң, ит болмайды.
  25. Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.
  26. Бөрі баласын бөрікке салсаң, еш болмас.
  27. Бөрі бөрік астында.
  28. Бөрі де жолдасына қас қылмайды.
  29. Бөрі етіңіз бандалық.
  30. Бөрі жеген бөксемді Ит несін аяйды.
  31. Бөрі кәрісін жайғар.
  32. Бөрі кәрісін талайды.
  33. Бөрі кәрісін ұрады.
  34. Бөрі көмеді, түлкі ашады.
  35. Бөрі қартайса, итке күлкі болар.
  36. Бөрі қартайса, тышқаншыл болады.
  37. Бөрі қартайса, тышқаншыл.
  38. Бөрі қоңсысын жемейді.
  39. Бөрі таппағанды кәрі табады.
  40. Бөрік тастап бөріден құтылуға болмайды.
  41. Бөрікке салсаң да, бөрі баласы – бөлтірік.
  42. Бөрінің аузы жесе де қан, Жемесе де қан.
  43. Бөрінің бөрілігі қалмайды, Шошқа қорсылдағанын қоймайды.
  44. Бөрінің соңынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
  45. Бөрінің ұлығанын қасқыр естімейді, Қасқырдың ұлығанын бөрі естімейді.
  46. Бөрішіктің баласы бөрі алмаса да, түлкі алады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ