Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ит туралы мақал-мәтелдер

«Ит» тақырыбындағы 39 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам болсаң, адамға табынба, Итке құйрық болып тағылма.
  2. Ақсақ ит сау иттен сауға сұрапты.
  3. Алжыған төбет айға қарап үреді.
  4. Арыстан жемін бас салса, Ит үргеннен не пайда.
  5. Арыстанның құйрығы болғанша, Арлан иттің басы бол.
  6. Асқа талау түссе, иттің мұратын береді.
  7. Асыранды күшік Аузыңды жалайды.
  8. Ат жаманы тұрып тышады, Ит жаманы үріп тышады.
  9. Ат теппейді деме, Ит қаппайды деме.
  10. Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар, Атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар.
  11. Атасын сыйласаң, баласын сүй, Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
  12. Атқа талау тисе, иттің мұраты береді, Жақсы кісі аттан жығылса, жаман табаға келеді.
  13. Атты теппейді деме, Итті қаппайды деме.
  14. Атымды атап, сыбағамды итке сал.
  15. Атын ата да, итке таста.
  16. Атын ата да, сыбағасын итке сал.
  17. Аузынан ақ ит кіріп, Қара ит шығады.
  18. Ауру кісі күлкі сүймейді, Ит жүйрігін түлкі сүймейді.
  19. Ауыл итінің құйрығы жоғары.
  20. Ауыл итінің құйрығы қайқы.
  21. Ауылға жақындағанда ит озады.
  22. Аш елден ит қашады, Азған адамнан бит қашады.
  23. Аш иттің артын сұқ ит жалайды.
  24. Аш иттің көтін сұқ ит жалайды, Сұқ иттің көтін сұм ит жалайды, Сұм иттің көтін сұр ит жалайды.
  25. Аш иттің құйрығын Сұқ ит жалайды.
  26. Әр түлкінің өз тазысы бар.
  27. Баламның баласы, Ала күшік анасы.
  28. Балықтың батасы жоқ, Иттің атасы жоқ.
  29. Барақы да балтырдан алады.
  30. Бәйбіше – Құдай бұйрығы, Тоқал иттің құйрығы.
  31. Бедеу аттың жорғалағаны айып, Тазы иттің үргені айып.
  32. Боранды күні бала құтырады, Жұт жылы ит құтырады.
  33. Боранды күні ит пен бала құтырар.
  34. Бұйдалаған тайлақтай, Жетелеген мойнақтай.
  35. Бұралқы ит үнімен жағады.
  36. Бұралқы ит үргеніменен жағады.
  37. Білмегенім – бит, Емдемегенім – ит.
  38. Бір ит көріп үрсе, Екі ит еріп үреді.
  39. Бірігіп жеу – адамның ісі, Бермей жеу – иттің ісі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ