Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақыл-парасат туралы мақал-мәтелдер

«Ақыл-парасат» тақырыбындағы 75 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш тамырдан өседі, Ақыл сабырдан өседі.
  2. Адам болсаң, ақылыңа сүйен, Ақымақ болсаң, сақалыңа сүйен.
  3. Адамға ақыл көптік қылмайды.
  4. Адамның ақылы азса, Істемес істі істейді.
  5. Азаматқа – парасат, Ақылсызға – ағаш ат.
  6. Айтушы ақылсыз болса, тыңдаушы ақылды болсын.
  7. Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан.
  8. Ақыл айтсаң – батыл айт.
  9. Ақыл арымайды, алтын шірімейді.
  10. Ақыл-кеңес, әмір емес.
  11. Ақылдассаң, ақыл табасың.
  12. Ақылдассаң, шешерсің, Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
  13. Ақылды адам аз жейді.
  14. Ақылды айттырмай білер, Сақы сұратпай берер.
  15. Ақылды алға тартады, Ақылсыз жарға тартады.
  16. Ақылды басшың болса, адаспассың.
  17. Ақылды көрген-білгенін айтады, Ақылсыз ішкен-жегенін айтады.
  18. Ақылды көрген-білгенін айтады.
  19. Ақылды кісіден кісілік үйренесің.
  20. Ақылды кісіні аяла, Ақымақ кісіні аяма.
  21. Ақылды кісінің белгісі аз сөйлеп, көп тыңдайды.
  22. Ақылды кісінің ісі де ақылды, Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да былғаныш.
  23. Ақылды қомағай астына қарар, Ақылсыз қомағай үстіне қарар.
  24. Ақылдыға айтсаң, біледі, Наданға айтсаң, күледі.
  25. Ақылдыға жақындас, ақылсыздан басыңды алып қаш.
  26. Ақылдыға ишарат, Ақымаққа тоқпақ.
  27. Ақылдының айналасы – гүлстан.
  28. Ақылдының алдымен жүр, Ақымақтың артымен жүр.
  29. Ақылдың ісі асығыспен бітпейді.
  30. Ақылсыз адам айқай келеді, Жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай-жай келеді, Жан-жағын байқай келеді.
  31. Ақылсыз адам айқайлай келеді, Жан-жағын шайпай келеді. Ақылды адам жай-жай келеді, Жан-жағын байқай келеді.
  32. Ақылсыз айтпасаң білмейді, ашпасаң көрмейді.
  33. Ақылсыз ақылсызды табар.
  34. Ақылсыз кісі – қос уыс қоқыс.
  35. Ақылсыз сұрақ беріп, Ақылды жауап күтпе.
  36. Ақылсызды жұмсасаң, Артынан өзің барасың.
  37. Ақымақ – ақымақ емес, Ақымақты ақымақ қылған ақымақ.
  38. Ақымақ адам епшіл келеді, Ақылды адам көпшіл келеді.
  39. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.
  40. Ақымақ естіні жерлейді, Өз мінін көрмейді.
  41. Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады.
  42. Ақымаққа қанша айтсаң, бірін ұқпас.
  43. Ақымақпен жараспа, Ақылдыдан адаспа.
  44. Ақымақпен сөйлесуге ақымақтық керек.
  45. Ақымақтың ақырына бақ, Тентектің мақұлына бақ.
  46. Ақымақтың алды, арты болмайды.
  47. Ашу келсе, ақыл кетер, Ақылдыны ақымақ етер.
  48. Ашу келсе, ақыл кетер, Ашудан ақыл көп болса, Ашу не етер.
  49. Әркімнің өз ақылы кемел көрінеді.
  50. Басқаның ақылдылығын күндеу – Өзінің ақылсыздығын білмеу.
  51. Біткен ақыл болмаса, Сүрткен ақыл болмайды.
  52. Дана – ақыл сұрамас.
  53. Дана – ақылдан озар, Надан – ақылдан тозар.
  54. Дана бір жерде, Жалқау мың жерде.
  55. Дана ойлап айтар, Жаман ойнап.
  56. Дана сөз айту да – даналық.
  57. Дана ыммен түсінсе, Наданға таяқ.
  58. Даналар да көп білем деп айтпаған, Олар да дамылсыз көптен оқыған.
  59. Даналардың сөздері гауһармен тең.
  60. Даналық сақалда емес, санада.
  61. Даналық сөз дау шешер.
  62. Дананы қатты сыйлап, сөзін сүйгін, Білімін аз-көп болсын ойға түйгін.
  63. Дананың ақылы – дария, Халықтың ақылы – мұхит.
  64. Дананың сөзі – соқырдың көзі.
  65. Дананың сөзіне бақ, Жақсының өзіне.
  66. Данышпан айтса, ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны.
  67. Данышпан да жаңылар кез болады.
  68. Дарияны теріс ағызған ақылдан бармақтай бақ ілгері.
  69. Дарын – жанып тұрған жалын.
  70. Дауды ақыл жеңеді, Жауды батыл жеңеді.
  71. Дәнді жинаған дана.
  72. Достың ақымағынан да Дұспанның ақылдысы жақсы.
  73. Досы көпті жау алмайды. Ақылы көпті дау алмайды.
  74. Дұшпанға кеңес берген де ақымақ, Дұшпаннан кеңес алған да ақымақ.
  75. Дін ғалымнан бұзылады, Жұрт залымнан бұзылады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ