Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Күш-қуат туралы мақал-мәтелдер

«Күш-қуат» тақырыбындағы 88 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш мықтысы дауылда сыналады, Адам мықтысы ауырда сыналады.
  2. Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.
  3. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
  4. Адам ақылымен алып.
  5. Адамды арман қосады, Алшақты дәрмен қосады.
  6. Азулыға бар заман, Азусызға тар заман.
  7. Айбар керек, әл керек, Әлсіз айбар не керек.
  8. Айламен арыстан ұстаған, Күшпен тышқан ұстай алмайды.
  9. Айламен арыстан ұстар, Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.
  10. Ақыл, қайрат, білімді Тең ұстаған зор болар.
  11. Ақылды адам ерінбейді, Қуатты адам сүрінбейді.
  12. Ақымақтан күшті жоқ.
  13. Ақынның жауға септігі жоқ, Палуанның дауға септігі жоқ.
  14. Алуан-алуан жүйрік бар, Әліне қарай жүгіреді.
  15. Алуан-алуан жүйрік бар, Шамасына қарай шабады.
  16. Алып анадан туады, Ат биеден туады.
  17. Алып анадан, ат биеден туады.
  18. Алып күштен де ар күшті, Арды сақтай білу одан да күшті.
  19. Алып ұр да, астына түс.
  20. Алыптармен ұрыспа, Беріктермен тіреспе.
  21. Алыспақ бар, Атыспақ жоқ.
  22. Алыспақ керек пе, Шалыспақ керек пе?
  23. Алыстан шабынған ердің күші қайтар.
  24. Аман адам амалымен пәрменді, Өткереді талай мақсат, арманды.
  25. «Ар ма» деген әлге қуат, «Бар бол» деген бәрінен зият.
  26. Арқансыз алып жау алмас.
  27. Арлы арына қараса, Арсыз күшке келер.
  28. Арманы бар адамның Бойында қайнар қуаты, Алдында жанар мұраты.
  29. Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ.
  30. Арманы жоқ жігіттің, Пәрмені жоқ.
  31. Арпасыз ат жүрмес, Арқасыз алып жеңбес.
  32. Арпасыз ат қыр аспас, Жәрдемсіз алып жау жеңбес.
  33. Арсызбен алысқанша, Арлымен таныс.
  34. Арықтағанның күші бар, Семізде көптің көзі бар.
  35. Арысқа түссең, атаң болса да, аяма.
  36. Арыстан екен демей, Алысып әліңді көр.
  37. Арыстандай күшің болса, Түлкідей әдісің болсын.
  38. Арыстанның айбатынан асқан күшті емес, Өз ашуын баса білген адам күшті.
  39. Ас – адамның арқауы.
  40. Ас – әлдің қуаты.
  41. Ас иесінің әлі біледі, Асатушының қолы біледі.
  42. Ат – адамның қанаты, Ас – адамның арқауы.
  43. Ат – адамның қанаты, ас – адамның қуаты.
  44. Ат құлыны күшінде, Бие құлыны ішінде.
  45. Аты жаманның арманы кетер, Баласы жаманның дәрмені кетер.
  46. Аты жауырдың аяғына күш түсер.
  47. Аты-тоны бар кісіде Әзірет Әлінің күші бар.
  48. Аузына әлі жетпегеннің Қолында масқарасы бар.
  49. Аяз, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл.
  50. Әдіссіздік – әлсіздік.
  51. «Әит-шүу» деген атанға күш, «Әуіп» деген жігітке күш.
  52. Әйелге күш көрсету – ерлік емес, Күшіңді өзіңе жұмса.
  53. Әйелдің күші аз, айласы көп.
  54. Әл керек, айбар керек, Әлсіз айбар не керек.
  55. Әлді берер, Әлсіз безер.
  56. Әлдіменен алыспа, Күштіменен күреспе, Байменен барып таласпа.
  57. Әлсіз адам – сүріншек, Ақылсыз адам – еріншек.
  58. Әлсіз айыпты.
  59. Әлсіз апат келтірер.
  60. Әлсіз әр уақытта айыпты.
  61. Әлсіз денеге ауру ұялайды.
  62. Әлі жетпеген – әлек.
  63. Әлі жетпеген ақыретшіл болады.
  64. Әлі жетпеген Аллашыл.
  65. Әлі жетпеген Құдайшыл.
  66. Әлі келген алып та жығады, шалып та жығады.
  67. Әлі келмеген Аллаға тапсырады.
  68. Әлін білмеген әлек, Әліңді білсең керек.
  69. Әлін білмеген әлек, Құр өкпелеп не керек.
  70. Әлін білмеген әлек.
  71. Әлін білмеген әлемге таңғалады.
  72. Әлің барда еңбек ет, Еңкейгенде емерсің.
  73. Әсемдік әйелге, қажырлық ерге жарасады.
  74. Бақыттың шалғайынан басып, Күшпен ұстап тұруға болмайды.
  75. Бақыттың шалғайынан күшпен ұстап тұра алмайсың.
  76. Бала биден де күшті, Бірақ бітірмес істі.
  77. Балық жеген тоқ болар, Дәрмені жоқ болар.
  78. Барлық істе де шамаңды біл.
  79. Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі.
  80. Батпаққа батқан есекке өз иесінен мықты жоқ.
  81. Батырдан хат – достарға қуат.
  82. Батырдың күші майданда көрінер, Келіншектің себі жайғанда көрінер.
  83. Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір.
  84. Белдессең, күштімен белдес, Белдімен белдеспе.
  85. Белдіменен тіреспе, Білегі жуанменен күреспе.
  86. Білегі жуан бір кісіні, Білімі көп мың кісіні жығады.
  87. Біреуге күш көрсетем деп, Өзіңе тамұқ дайындап алма.
  88. Біреудікі – күші, Біреудікі – соты.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ