Ас-ауқат туралы мақал-мәтелдер
«Ас-ауқат» тақырыбындағы 279 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адам айдаса, барман, Дәм айдаса, қалман.
- Адам зоры – тоғым, Жылқы зоры – соғым.
- Адамды дәнекерлейтін – дастархан.
- Аз ассаң, аз пысады, Көп ассаң, көп пысады.
- Аз асты аяған, Көп астан құр қалады.
- Аз жеген көп жер, Көп жеген несін жер.
- Аз қайғыны ас басады, Көп қайғыны дос басады.
- Азғын бұзау – ашқарақ.
- Азықсыз адам алысқа бармайды.
- Айғыр құтырса ат болар. Ат құтырса ет болар.
- Айғыр ұшынса, ат болар, Ат ұшынса, ет болар.
- Айдабол, ас ішкенде пайда бол.
- Айран бергенді аялаған.
- Айран ұйытқан ірітіп, Тері илейді шірітіп.
- Айран ішсең ас болады.
- Айранды ішкенде ас болады, Сусынды қымыз қандырады.
- Айранды ішсең де, ас болады.
- Ақ бидайдың кәдірін Ашыққанда білерсің. Ағарғанның кәдірін Қыс шыққанда білерсің.
- Ақ та болса, ант ішпе, Айрандай жұғар.
- Ақылды адам ашықса, Ақылымен тоғаяр. Ақылсыз адам ашықса, Аз ақылы жоғалар.
- Алты күн аш болсаң да, Атаңның әдетін тастама.
- Аңсағанға сусаған кез келеді.
- Арақ ішкен – азар, Қарта ойнаған тозар.
- Арам жесең, тоя же.
- Артық ішкен ас – зиян.
- Арыстан аш, доңыз тоқ.
- Ас – адам баласының дәнекері.
- Ас – тамағым, тыныш – құлағым.
- Ас астың орны басқа.
- Ас атасы – нан.
- Ас бұзылса – тұз түзейді, Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
- Ас иесімен тәтті.
- Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.
- Ас қадірін білмесең, Ашаршылық берсін сазаңды. Ат қадірін білмесең, Жаяушылық берсін сазаңды.
- Ас қадірін тоқ білмейді.
- Ас қадірін тоқ білмес, Ат қадірін жоқ білмес.
- Ас, астың орны бар.
- Асаған білмейді, Тураған біледі.
- Асаған білмес, тураған білер.
- Асқа талау түссе, ант ұрғанның мұратын береді.
- Ассыз әңгіме болмас.
- Астан бұрын армысыңды түзеуле.
- Асты иә қуыс ішер, Ия туыс ішер.
- Асты қорлама, құстырар.
- Асты сұрап бергенше, сабап бер.
- Астың аласы, Құдайдың пәлесі.
- Астың дәмі – тұз.
- Астың дәмін келтірген тұз әулие, Елдің сәнін келтірген қыз әулие. Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
- Асы бардың тынысы бар.
- Асы жоқ алтын аяқтан Айраны бар, тостақ артық. Талдырмаш таза айғырдан Жүк көтергіш қоспақ артық.
- Асың бар ма арпадай, Асып жеуге келгенде, Сары аяқ семіз марқадай.
- Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
- Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.
- Ат қадірін білмесең, жаяушылық көресің, Ас қадірін білмесең, ашаршылық көресің.
- Ат қадірін жаяушылықта білерсің, Ас қадірін ашаршылықта білерсің.
- Ат қадірін жоқ білмес, Ас қадірін тоқ білмес.
- Ат үстінен аттама, Астан үлкен емессің.
- Атты қоңына қарап мін, Асты қорыңа қарап іш.
- Аттың жемін жеп, тайдың тірлігін істеу.
- Аты барға тай мінсе де, жарасады, Биесі барға саумал ішсе де, жарасады.
- Аузыңа май, астыңа тай.
- Ауыз тигенің мынау, Асағаның қандай?
- Аш атасын танымас.
- Аш атым тоқ, тоқ атым жоқ.
- Аш кісі май таңдамас.
- Аш кісі ұрысқақ, Арық кісі тырысқақ.
- Ашаршылықта бай баласы бұрын өлер.
- Ашаршылықта жеген құйқаның Аузыңнан дәмі кетпес.
- Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді.
- Ашаршылықты көп көрген, Өзі тоймай «мә» демес, Жетімдікті көп көрген, Үш шақыртпай «ә» демес.
- Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
- Ашта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа.
- Ашта жеген тойғаныңды тоқта ұмытпа.
- Аштық ас таңдатпайды.
- Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.
- Аштың ақылы астан әрі аспайды.
- Ашыққан қарын тойынар, Ашылған етек жабылар.
- Байтал мінсек, құлын жоқ, Саумал ішсек, қымыз жоқ.
- Бақыр қазан қайнаса, Баршамызға несібе.
- Балдан тамады, Бардан жұғады.
- Барында батып іш, Құрт, майыңды қатып іш.
- Барыңды үндемесең, Жоқшылыққа бір соққы.
- Басқаның палауынан, Өзіңнің көмешің артық.
- Бассыз үй болса да, Ассыз үй болмайды.
- Без жесең де, кезден жеме.
- Берген ас түске жетпейді, Ниет естен кетпейді.
- Беретін кісі келгенде, Бес қайнайды қазаным; Бермейтін кісі келгенде, Көп қайнайды қазаным.
- Быламық бетінен сыйды, Көже түбінен сыйды.
- Бір күн дәмін татқанға, Қырық күн сәлем.
- Біреудің асын жесең, ұшаңды сайла.
- Біреудің жанбасын жесең, Өзіңнің ұшаңды сайла.
- Гүл сабағымен қадірлі, Ас табағымен жарасты.
- Ғайыптан ас іздеме, аш қаласың, Ғайыптан дос іздеме, бос қаласың.
- Дайын асты алдына тосса, Ешкім оны «жоқ екен» деп ойламас.
- Дайын асты алдына тосса, жоғын іздемейді, Барын алдына тосса, басқаны іздемейді.
- Даладағы май жесе, үйдегі қан құсады.
- Дария суын ешкім де ішіп тауыса алмайды.
- Дастарқан басында аяқ көсілмес.
- Дастарқанның басында дұшпан да дос.
- Дастарқансыз ас – шашсыз бас.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ