Мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер
«Мінез-құлық» тақырыбындағы 98 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адам адамнан құтылады, Пейілінен құтылмайды.
- Адам жылқы мінезді.
- Адам көркі ішінде.
- Адамды жынды десе, Күнінде бір жапырақ еті жынды болады.
- Адамның жаманы – мылжың, Жақсысы – жомарт.
- Адамның оң беті ішінде.
- Ажығұнықты ары құла десең, бері құлайды.
- Айыратын жаман бар, Қосатын жараң бар, Барын ішпейтін сараң бар, Жасырып ішетін арам бар.
- Ақ көңілді адамға, біреудің сырқауы барады.
- Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас.
- Ақкөңілден арамдық шықпас, Арамдық шықса да жамандық шықпас.
- Ақпейілдінің аты арымас.
- Ақпейілдің аты азып, тоны тозбас.
- Ақылды әйел – тірек, сұлу әйел – жүрек. Кербез әйел – есер, Шәйпау әйел – кесел.
- Ақылды ер әр адамның көңілін аулар, Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
- Ақылды жауыңнан қорықпа, Жарымес досыңнан қорық.
- Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
- Ақылды ойлағанша, тентек ісін бітіреді.
- Ақылдыны білім ұстамды қылады.
- Ақылсыз басты қылығы танытады.
- Ақылың парасатты, жаның жайлы болса, Достарыңның өзі іздеп табады.
- Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады, Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
- Ақымақтық аңқаулықпен дос, Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.
- Ақырлас ат – мінездес.
- Ақырлас аттың мінезі жұғады.
- Ақырлас аттың мінезі жұғады. Ақылды ердің әдебі жұғады.
- Алаңғасар атқа мінсе, Тұра шабар.
- Алаңғасарға ары құла десең, бері құлайды.
- Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.
- Алып жауда көрінер, Байсалды дауда көрінер.
- Ана есімі ардақты, Ана мінезі салмақты.
- Ана мейірі ішіңді жылытады, Күн мейірі сыртыңды жылытады.
- Анасы пысық – жұқпаны жұқа жасар, Баласы мешкей – қат-қаттап қосып асар.
- Аңғал алдындағы орды, Ашыққан қарға торды көрмейді.
- Аңғал батыр алдырады – Аяғынан шалдырады.
- Аңғырт – айтпасаң білмес, Ашпасаң көрмес.
- Аңғырт аузындағысын алдырар, Аңқау абайсызда шылдырар.
- Аңдамаған у ішеді.
- Аңқау алдырар, Жалқау қаңғырар.
- Аңқау аңдамайды, Әңгі тыңдамайды.
- Аңқау астыңа, арамза үстіңе қарайды.
- Аңқауға қырғауыл қайда?
- Арамды Құдай табады, Момынды қайыр табады.
- Арамзаға дуа бітпес.
- Арамзалық ойнастан болады дүр, Қараңғылық тамырдан жұғады дүр.
- Арамзаның пышағы алқымынан тозады, Ақкөңілдің пышағы ұшынан тозады.
- Арғымақ аттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл, қас жақсының белгісі – әрі мырза, әрі құл.
- Арсыздық – ашыққаннан шығады, Аңсыздық – асыққаннан шығады, Пәсміздік масыққаннан шығады.
- Артық күлкі арыңды төгеді, Жәркеленіштену барыңды төгеді.
- Аса қу болсаң, Алқымыңнан асыласың. Аса ынжық болсаң, Аяққа басыласың.
- Асауды шапқа түртпе, Жуасты келемеж етпе.
- Аспаннан шұға жауса, Жалқауға түк те тимес.
- Асығыста салмақты бол, Ашу қысса, ұстамды бол.
- Ат қартайса, сүріншек, Ер қартайса, жаңылшақ.
- Ат мінезі құлағынан белгілі, Ит мінезі құйрығынан белгілі.
- Ат пен есек мінездес болады.
- Ауру адам әдетте ынжық болады.
- Ауру кетеді, мінез кетпейді.
- Ашкөзге дүниенің асы жетпес.
- Аштық ас талғатпайды, Ашықтық жас талғатпайды.
- Ашушаңның анты болмайды, сабырсызға дәулет қонбайды.
- Аю – аңғал, Түлкі – айлакер.
- Аяр адам күншіл, күншіл адам міншіл.
- Әдептілік, ар-ұят – Адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы, жат – Надандықтың белгісі.
- Әділеттік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, Тұрпайылық, жат мінез – надандықтың белгісі.
- Әйел шәйпау болмай, ер жалғыз қонбас.
- Әлсіз адам – жағымпаз, Кербез адам – қырымпаз.
- Әпербақан ұр кеуде, Ақылы жоқ құр кеуде.
- Әпербақан шаш ал десе, бас алар.
- Әулекі қатын асына қарамас, әулекі таз басына қарамас.
- Бай болсаң, бәсең бол, Жүйрік болсаң, тосаң бол.
- Байға жарамсақтанып, Жарлының тоқты қойлық ақысы шығыпты.
- Байдың асын байғұс қызғанар.
- Бала жасындағыны ұмытпайды, Таз басындағысын ұмытпайды.
- Баланы аясаң, еңбекке үйрет, Аямасаң, аса ерке қыл.
- Бас тентек баласын мақтар, Қас тентек қатынын мақтар.
- Батыр – аңғал, палуан – дүр.
- Батыр – аңқау, ер – көдек.
- Батыр аңғал келеді.
- Батыр аңғал, жоқ жомарт.
- Батыр аңғырт, бай салғырт.
- Батыр аңқау келеді, Балуан өктем келеді.
- Батыр жауда сыналады, Жуас жайда сыналады.
- Батырдың бір есімі – тентек.
- Бейғамнан асқан берекесіз жоқ.
- Бейқамдық қайық алдырады.
- Бидің әділ сөзі – тентектердің тезі.
- Билік пейілі тар мансапқорға берілмесін, Пейілі кең жарасқанға берілсін.
- Боғынан бұзылды ғой.
- Бойға біткен мінез сүйекпен кетеді.
- Бөрі көргенде бірігетін Ауыл итінің мінезіндей.
- Бөрі қораға шапқанда, Аңғал далаға шауыпты.
- Бураны жарағанда көр, Жуасты сабағанда көр.
- Бұқаның арамзасы, Бұзау арасында жүрер.
- Бұрынғы мінезді тастаңдар, Жаңадан мінез бастаңдар.
- Білімдіде ашу жоқ, Пілдің жүгін көтереді. Білімсізде ашу көп, Жынның жүгін көтереді.
- Білімдімен бір жүрсең, Кемтік жерің білінбес. Арамзамен бір жүрсең, Артық жерің көрінбес.
- Бірдің кесапаты – мыңға, мыңның кесірі – түменге.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ