Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Уақыт, заман туралы мақал-мәтелдер

«Уақыт, заман» тақырыбындағы 382 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам – керуен, өмір – жол.
  2. Адам асыққанмен Алла асықпайды.
  3. Адам баласын заман өсіреді.
  4. Аз жұмысты қиынсынсаң, Көп жұмысқа тап боларсың.
  5. Ай – айдың аты басқа, Әр айдың оты басқа.
  6. Ай арасы – толас.
  7. Ай астында жаңа жол.
  8. Ай қамын бір рет ойласаң, Жыл қамын он рет ойла.
  9. Ай толғанын білмейді, Жігіт болғанын білмейді.
  10. Айда аяқ, жылда жілік жоқ.
  11. Айы жеткен айында, Күні жеткен күнінде өледі.
  12. Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.
  13. Ақ түйенің қарны жарылды.
  14. Ақырап ақырып келеді, қарлы боранын шақырып келеді.
  15. Ақырын жүріп, анық бас.
  16. Ақырында пақырың озар.
  17. Алдыңғы көштің адасқанын соңғы көш білер.
  18. Алыстан шабынған батырдың күші қайтар.
  19. Аңырмадан қыдырма жақсы.
  20. Апы кіріп, күпі шығып.
  21. Арба айдаған алдына қарайды.
  22. Арман ұзақ, ғұмыр қысқа.
  23. Ас ішіп, аяқ босатар.
  24. Асығыс түбі – қып-қызыл шоқ.
  25. Асығыс түбі – өкініш. Асыққан кешігер.
  26. Асығыс істеген жұмыс сәтті болмас, Шала піскен тамақ тәтті болмас.
  27. Асыққан аттылыдан асықпаған арбалы озады.
  28. Асыққан жолаушы атына теріс мінер.
  29. Асыққан қыз ерте кетсе де, Етек-жеңі жерге жетпейді.
  30. Асыққанның асығы таяр.
  31. Асыққанның аяғы етегіне оралар.
  32. Асықпаған арбамен қоян алады.
  33. Ат мініп, атан жетелеп, Келмейді, сірә, кәрілік. Күтпейді оны көпшілік, Сағынып, не тарығып.
  34. Аттылыға еріп, Жаяудың таңы айырылады.
  35. Аштан өлмей, көштен қалмайды.
  36. Ащы мен тұщыны татқан біледі, Алыс пен жақынды жортқан біледі.
  37. Аяқты шалма, қапы қалма.
  38. Әз (Наурыз) болмай, жаз болмайды, Жаз болмай, мәз болмайды.
  39. Әр адам – өз заманының баласы.
  40. Әр заманның үлгісі өзіне қымбат.
  41. Әр нәрсе уақытында қызықты.
  42. Әр нәрсенің сәті бар.
  43. Әркімнің атар таңы, батар күні бар.
  44. Базардағы ас бағына қарай піседі.
  45. Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билік неге керек, Әділдік құрмасаң!
  46. Бақ келсе аспа, Сыр келсе саспа.
  47. Бала ата-анасына тартпай, заманына тартады.
  48. Бармаса бата қаза.
  49. Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді.
  50. Басыңа іс түссе: Бекке барма, көпке бар, Бек беліңді сындырады, Көп ісіңді тындырады.
  51. Бес тоғыста қар кетпес, Үш тоғыста қар қалмас.
  52. Бесін болса, күн тұрмас, Күйеу келсе, қыз тұрмас.
  53. Бетеге кетеді, бел қалады.
  54. Бие кәрі, құлын жас, Келер жылы қолың бос.
  55. Биыл ізі болса, Келер жылы өзі болады.
  56. Боларыңда болып өт, Бозжорғадай желіп өт.
  57. Боларыңда болып өт, Бозжорғадай желіп өт. Болмасыңды білген соң, Болатын ердің қосын жек.
  58. Болмайтын істің басында болма, Бітпейтін даудың қасында болма.
  59. Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді, Епті кісі бітіреді.
  60. Бұлттанған күн жаумай қоймас.
  61. Бұрылмай жүрген бұрын барады.
  62. Бүгін қасқа, ертең басқа.
  63. Бүгін тындырар ісіңді ертеңге қалдырма.
  64. Бүгінгі қар – ертеңгі нәр.
  65. Бүркіт қартайғанда тышқан аулайды.
  66. Білем десең, көре бер, Көрем десең, жүре бер.
  67. Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні ғарып.
  68. Бір ас бір асқа орын береді.
  69. Бір күндік жолға шықсаң, Үш күндік азық ал.
  70. Бірде бие, бірде түйе.
  71. Бірі тесік, бірі кесік заман.
  72. Ғасырына қарай асылы.
  73. Далаға түнегенше, молаға түне.
  74. Дау мұраты – біту, Сауда мұраты – ұту, Қыз мұраты – кету, Жол мұраты – жету.
  75. Диқан болсаң, күз айда, Күз айдасаң, жүз айда.
  76. Егін піспей қам сайла.
  77. Егіндікті күзде суар, Күз суарсаң, жүз суар.
  78. Егінші жылда арманда, Балықшы күнде арманда.
  79. Еділ басынан былғанып, сағасынан тұнады.
  80. Екі мақұл дауласса, Сөздері асқар ала таудай болар. Бір тентек, бір ақылды дауласса, Атысқан жаудай болар. Екі тентек дауласса, Сап-саудай болар.
  81. Екі шайнап, бір жұтады.
  82. Екіндіде ел тастама.
  83. Елу жылда ел жаңа, Қырық жылда – қазан.
  84. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
  85. Еңбекқорға әр күн сәт, Еңбексізге бір күн сәт.
  86. Еңбектеп жылжысаң да ертеңге ұмтыл.
  87. Ер қосы жүре түзеледі.
  88. Ерте еккен бүтін алар, Кеш еккен отын алар.
  89. Ерте туып, кеш қалған.
  90. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, Ерте тұрған еркектің ырысы артық.
  91. Ерте тұрғанның есесі артық.
  92. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
  93. Ертеңгі ақыл түске жарамас, Түскі ақыл кешке жарамас.
  94. Ертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама.
  95. Ертеңгі сөз түсте жоқ, Түстегі сөз кешке жоқ.
  96. Ертеңі көбейген істе береке болмайды.
  97. Еріншек түске дейін ұйықтайды, Кешке дейін есінейді.
  98. Еріншекке күнде ертең.
  99. Еріншектің ертеңі көп, Жеңілтектің селтеңі көп.
  100. Еріншектің ертеңі таусылмас.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ