Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жетімдік туралы мақал-мәтелдер

«Жетімдік» тақырыбындағы 26 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Аталы баланың өзі тойған, Жетім баланың көзі ғана тойған.
  2. Аталы баланың өзі тойған, Жетім баланың көзі тойған.
  3. Атасыз ұлдың аузы зор.
  4. Ашаршылықты көп көрген Өзі тоймай «Мә!» демес. Жетімдікті көп көрген Үш шақырмай «Ә!» демес.
  5. Әкелі жетім – арсыз жетім, Шешелі жетім – ерке жетім.
  6. Әкелі жетім – арсыз жетім, Шешелі жетім – жетім.
  7. Әкең жақсы кісі еді, Жел жағыңа пана еді. Анаң жақсы кісі еді, Жетімдерге ана еді.
  8. Әкесіз жетім – гүл жетім, Шешесіз жетім – сұм жетім.
  9. Байдың атын қатын шығарады, Қатынның атын жетім шығарады.
  10. Ботасыз іңген боздайды, Баласы өлген ананың, Қайғы-шерін қозғайды.
  11. Ескі киімнің биті ащы, Жетімнің тілі ащы.
  12. Жетім бала секілді жездем пақыр.
  13. Жетім баланың еншісі – жоғалған тай.
  14. Жетім баланың еншісі – қотыр тай.
  15. Жетім қозы маңырауық.
  16. Жетім қозы сүтке тоймас.
  17. Жетім қыздың тойындай.
  18. Жетім өз кіндігін өз кеседі.
  19. Жоқшысы жоқ ел жетім.
  20. Күн жаумаса жер жетім, Кемпірі өлген шал жетім.
  21. Күнінде асыл десең де, Қартайғанда ер жетім.
  22. Кірекейді өлтірме, Қонжығы қор болмасын.
  23. Қатарынан қалған кәрі жетім.
  24. Қатыны жоқ үй жетім.
  25. Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім.
  26. Хансыз ел жетім.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ