Қол өнері туралы мақал-мәтелдер
«Қол өнері» тақырыбындағы 68 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Асыл тастан шығады, Өнер жастан шығады.
- Бит терісін Биялай еткен шебер.
- Болат біз қап түбінде қалмас.
- Бояушы, бояушы дегенге, Сақалын бояр.
- Бөрі соғар жігіттің Бөрігінен белгілі. Балта соғар жігіттің Көрігінен белгілі.
- Біреу күймеге қарайды, Біреу күймеге таққан түймеге қарайды.
- Ерегісте ентігіп, Ең алдына түспеңіз. «Ұстамын» деп, жең түріп, Үлгісіз тон пішпеңіз.
- Жайсыз болған жаздан Жайлы келген қыс артық. Көріксіз соққан күмістен Келісті соққан мыс артық.
- Жаман етікші біз таңдайды, Жаман жігіт қыз таңдайды.
- Жас күніңде өнер қусаң, Тоқтасқанша толығарсың. Тоқтасқан соң өнер қусаң, Толыққанша зорығарсың.
- Жолаушыны жол асырайды, Өнерпазды қолы асырайды.
- Жұмыстың көзін тап, Қисықтың ізін тап.
- Жібекті түте білмеген жүн етер, Қызды күте білмеген күң етер.
- Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
- Зергер – ісмер жезге үйір, Сыршыл адам сөзге үйір.
- Ине, жібі бар әйелдің Үсті-басы жыртылмайды.
- Кеңесіп пішкен бешпетте Кемдік болмас.
- Керек тастың ауырлығы жоқ.
- Киім пішсең кең піш, Тарылтуың оңай. Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай.
- Көзсіз жұмсаған – күш арам, Көріксіз істелген – іс арам.
- Күміс күнге қонса, Алтын өз аяғымен келер.
- Кілең шебер жиналса, Істері тез қызады, Кілең олақ жиналса, Біткен істі бұзады.
- Қазаншының еркі өзінде, Қайдан құлақ шығарса.
- Қазаншының өз еркі Қайдан құлақ шығарса.
- Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
- Қара суда қаймақ болмас, Хас шеберде оймақ болмас.
- Қас шебердің Шанышқан инесі тонына кіреді. Хас шебердің Шанышқан инесі қолына кіреді.
- Қолы жатықтың Ішкені қатық болар.
- Қолында өнері бардың, Аузында өлеңі бар.
- Қолында өнері бардың, Белінде кемері бар.
- Қына тастан шығады, Өнер, білім жастан шығады.
- Озар елдің қызы мінезді, Ұлы өнерлі келеді.
- Олақтан салақ жаман.
- Орман аралаған үйші болар, Қобыз сыралаған күйші болар.
- Отындық ағаштан Оқтық мүсін шығады.
- Өзіңе бой болмаған, Өзгеге жең шықпас.
- Өнер – мінсең ат, Ұшсаң – қанат. Кисең – жанат, Ішсең – тамақ.
- Өнер ауысады, Ырыс жұғысады.
- Өнер өрге жүзгізеді.
- Өнер өрмек тоқытады.
- Өнер тамған он саусақ – Үзілмейтін ырысың. Өнері жоқ он саусақ, Бар болмай-ақ құрысын.
- Өнерден сауған – өлмес.
- Өнерді үйрен де жирен.
- Өнерлі адам бай болмас, Бай болмаса да жай болмас.
- Өнерлі бала елдің көркі, Үкілі қамыс көлдің көркі.
- Өнерлі қол пішуге жақсы, Өткір қайшы кесуге жақсы.
- Өнерлінің үйі басында, Үскенесі қасында.
- Өнері өлмес, үміт сөнбес.
- Өнеріне қарай – өрнегі, Тірлігіне қарай – тірнегі.
- Өрмесі бардың – ермегі бар.
- Сөйлей білмеген, Сөзді қор етер. Тіге білмеген, Бөзді қор етер.
- Тамызығын тапсаң, тас та жанады.
- Темірге тіл, Жаңқағажан бітіретін...
- Темірші балтаға жарымас, Қайыршы қалтаға жарымас.
- Теміршінің қолында Темір тозбайды.
- Туырлықтай киізден Тоқым шықпапты.
- Ұзынсыз қысқа болмас, Үлгісіз ұста болмас.
- Ұстамен жақын болсаң, Ұстарасын аларсың. Мүттайыммен жақын болсаң, Пәлесіне қаларсың.
- Ұстаның бізі сүйкімді, Жақсының сөзі сүйкімді.
- Ұстаның өрісі Көрігінен төсіне дейін.
- Ұшын түймегеннің Үш шаншымы бос кетер.
- Шаштараз сақал түзетер, Өнерпаз шаһар түзетер.
- Шеберді саусағы асырайды. Шеберді шеге қағысынан таны.
- Шеберді шеге қағысынан таны.
- Шебердің қолы көпке ортақ.
- Шегені қаға білмесең, Қолыңды ұрасың, Түймені таға білмесең, Қолыңа ине тығасың.
- Шын болат шорт сынар.
- Істің көзін таппағанның Күші зая, Еңбегі ештің Істеген ісі зая.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ