Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сауда-базар туралы мақал-мәтелдер

«Сауда-базар» тақырыбындағы 175 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адал дүниеге есеп керек.
  2. Ажал ажарына да қарамайды, Базарына да қарамайды.
  3. Ажал ажарыңа да қарамайды, Базарыңа да қаратпайды.
  4. Ажалдан ақша беріп құтылмайсың.
  5. Ажарлы мал базарлы.
  6. Ажарына қарай атын ал, Базарына қарай затын ал.
  7. Ажарына қарап, атын ал, Базарына қарап, затын ал.
  8. Аз арулы, сый сатулы.
  9. Аза арулы, Сый сатулы.
  10. Азы қарулы, Сый сатулы.
  11. Айғақ өлер, кепіл төлер.
  12. Айна менен тарақ бар, Алмасаң да қарап қал.
  13. Айыбы бар мал қашан да арзан.
  14. Ақ теріні қара теріге айырбастап.
  15. Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады, Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
  16. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
  17. Ақша болса алақанда сауда қайнайды.
  18. Ақша болса, қыз табылар.
  19. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
  20. Ақша тиыннан өседі, Жылқы құлыннан өседі.
  21. Ақша тиыннан, Арғымақ құлыннан.
  22. Ақша үшін әркім-ақ істейді, Әділдік үшін кім істейді?
  23. Ақшада көз жоқ.
  24. Ақшадан уәде күшті.
  25. Ақшаны жолда тапсаң да, Санап ал.
  26. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Адамның жайын арлыдан сұра.
  27. Ақшаңнан айрылсаң, Өкінерсің, күйінерсің. Арыңнан айрылсаң, Қайтып тірі жүрерсің.
  28. Ақшасы жоқ базардан, Ат шалдырған жер артық.
  29. Ақшасыз базарға барғанша, Кебінсіз көрге кір.
  30. Ақшасыз базарға барғанша, Кетпен алып мазарға бар.
  31. Ақыл базарда сатылмайды.
  32. Ақылды ердің көзін ақша байлайды, Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.
  33. Ақылдыға – жан қымбат, Ақылсызға – мал қымбат.
  34. Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
  35. Ақысын берсе, боқысын шығарар.
  36. «Ал» десең, қуанар, «Бер» десең, күйінер.
  37. Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп.
  38. Алғаның – олжа, Сатқаның – зиян.
  39. Алғаның жаман болса да сатылмасын.
  40. Алғаның жаман болса, шара жоқ, Атың жаман болса, баға жоқ.
  41. Алғашқы сауда – сауда, Кейінгі сауда – дауға.
  42. Алдамасаң – базар жоқ.
  43. Алдың – ұттың, Саттың – жұттың.
  44. Алмақ түбі – салмақ.
  45. Алмақтың да салмағы бар.
  46. Алмақтың салмағы бар, Берудің сұрауы бар.
  47. Алмақтың салмағы бар.
  48. Алты күн аш болсаң да, Атаңның атын сатпа.
  49. Алтыға алып, беске сат, Атың шықсын саудагер.
  50. Алтыға алып, Беске сатпас болар.
  51. Алушы – арыстан, Төлеуші – тышқан.
  52. Алушы мал таныса, сатушыға не тұрыс!
  53. Алып – алтау болмас, Жеп – жетеу болмас.
  54. Ар сатып алған атақтан, Тер сатып алған мал артық.
  55. Ар сауғанның ары кетеді, Бағасы қалмайды.
  56. Араққор дүкен аңдиды.
  57. Аран үшін арын сатқан оңбас, Арам үшін жанын сатқан оңбас.
  58. Арғымақ атқа тай төлеу.
  59. Арғымақтың жақсысы: Шапса – көлік, сатса – пұл.
  60. Арғымақтың құйрығы, Сатсаң жібек, кессең қыл. Жақсы адамның белгісі, Үйде мырза, түзде құл.
  61. Арзан алдайды.
  62. Арзан аурусыз болмайды, Қымбат қасиетсіз болмайды.
  63. Арзан би ғиллат болмайды, Қымбат би хикмат болмайды.
  64. Арзан болса алушыдан ынсап кетеді, қымбат болса сатушыдан ынсап кетеді.
  65. Арзан менен қымбатты Базардағы біледі. Қожа менен молданы Мазардағы біледі.
  66. Арзан менен қымбаттың Базар берер нарқы бар, Жақсы менен жаманның Адам берер парқы бар.
  67. Арзан менен қымбаттың Базарда шыққан нарқы бар. Жақсы менен жаманның Жер мен көктей парқы бар.
  68. Арзан мүлік сатып алатын бай емеспіз.
  69. Арзан нәрсе жерде жатар, Парша, жібек төрде жатар.
  70. Арзан сатқан жолдасынан көреді.
  71. Арзанға келген ардақталмайды.
  72. Арзанның жілігі татымайды.
  73. Арзанның сорпасы татымас.
  74. Арзымасқа ақылыңды тауыспа.
  75. Артық пайда бас жарады.
  76. Арын сатқан бәрін сатар.
  77. Арын сатқан ер оңбас, Ажарын сатқан сері оңбас.
  78. Арын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
  79. Арыңды ардақтасаң, Отаныңды сыйла, Өйткені Отан арыңнан да қымбат.
  80. Арыңды сатпа, малың сат.
  81. Арыңды сатып мал жима, Арам өлген артық одан да.
  82. Аса пайда пайда етпес, Пайда етсе де бай жетпес.
  83. Ат алсаң бойы менен басын ал, Қатын алсаң, көзі менен қасын ал.
  84. Ат алсаң, ауылыңмен (ойлас), Түйе алсаң, отаныңмен.
  85. Ат алсаң, ауылыңмен ал.
  86. Ат алсаң, ауылыңменен.
  87. Ат алсаң, жақыннан ал, Әйел алсаң, алыстан ал.
  88. Ат барда, есекке жол болсын, Дос барда, есепке жол болсын.
  89. Ат жақсысы – шанада, Жігіт жақсысы – саудада.
  90. Ат жүрісінен пұл болады, Жаман жүрісінен құл болады.
  91. Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас, Аулың болмаса, бөркіңмен ақылдас.
  92. Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас.
  93. Ата даңқымен қыз өтеді, Саудагер даңқымен бөз өтеді.
  94. Ата даңқымен қыз өтер, Мата даңқымен бөз өтер.
  95. Атақ бермегенді базар береді.
  96. Атаның атын асқа сатпа.
  97. Атаның құны, ананың сүті.
  98. Атаң бермегенді базар берер.
  99. Атсыздың атасының құны кетеді.
  100. Атың жаман болса, сатарсың да, Қатының жаман болса, қайтесің?

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ