Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құда-жегжат туралы мақал-мәтелдер

«Құда-жегжат» тақырыбындағы 23 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ақылдыдан құрдасың болса, Құдаңнан артық жоқтасар. Ақымақтан құрдасың болса, Кезіккен жерде боқтасар.
  2. Алыс жерге құда болсаң, Түйе-түйе ас келер. Жақын жерге құда болсаң, Түйе-түйе сөз келер.
  3. Бай байға құда болса, Арасында жорға жүреді, Кедей кедейге құда болса, Арасында дорба жүреді, Бір бай бір кедейге құда болса, «Қайдан болдым» деп зорға жүреді.
  4. Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді. Кедей мен кедей құда болса арасында дорба жүреді. Бай мен кедей құда болса ілінісіп зорға жүреді.
  5. Бай мен бай құда болса, Арасына жорға жүреді. Кедей мен кедей құда болса, Арасында дорба жүреді.
  6. Бай мен бай құда болса, жорға жүрер, Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер, Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.
  7. Бар барын айтады, Жоқ зарын айтады, Құда базына айтады, Құдағи назын айтады.
  8. Итпен құда болсаң боқпен той етерсің.
  9. Қараның таққа мінгені – бір-біріне құда түскені.
  10. Құда болғанша түп-тегіңді сұрас, Құда болған соң қол қусырып сыйлас.
  11. Құда болмай құл билігін сұра, Құда болған соң құл да болса сыйла.
  12. Құда, құда, құда десіп, құйрық, бауыр жесіп, суға, бозға кіріп, әр нәрсені көріп...
  13. Құдағи сыйымен жарасады, Қуырдақ майымен жарасады.
  14. Құдадан алған санауға бар, қарауға жоқ.
  15. Құдалық белгісі – кит, Қоныс белгісі – бейіт.
  16. Құдалының малы бір, Анық достың жаны бір.
  17. Құданы құдай қосады, Құдай ұрғанды құмар қосады.
  18. Құданы құдай қосады, Үйірі басқаны ноқта қосады.
  19. Құдаң барың қуып қон, Танысың барың тауып қон.
  20. Құдаң құрдасыңдай болсын, Құдағиың сырласыңдай болсын.
  21. Құдаңды Құдайдай күт.
  22. Құдаңның түйесін сұра, қорыққанынан биесін береді.
  23. Құрбысының асқанын құдасынан біледі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ