Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өнер туралы мақал-мәтелдер

«Өнер» тақырыбындағы 196 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаштан бал, шөптен сүт ағызған.
  2. Адал кәсіп аз емес, Ықтият бол арамнан.
  3. Адамға ақыл көптік қылмайды, Азаматқа өнер көптік қылмайды.
  4. Ай жүзді әйелден Әдемі ән әлдеқайда артық.
  5. Айтылмаса ән емес.
  6. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
  7. Ақылды ер адамнан айып іздемейді, Өнер іздейді.
  8. Ақын тілді, ат тұяқты келеді.
  9. Алғаш мерген болғанда, Қасқыр аттым деймісің.
  10. Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа жаниды.
  11. Алтын мен күміс, әманда, таспен бірге жатады.
  12. Аңның жайын мергеннен сұра, Адамның жайын көргеннен сұра.
  13. Арзан өнердің қадірі жоқ.
  14. Арпа ішінде бір бидай.
  15. Артық өнер бас бұзар.
  16. Артық өнер бас жояды.
  17. Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоянқолтық алыспай.
  18. Ата өнері – балаға мұра.
  19. Атқан мерген емес, тигізген мерген.
  20. Әліпті «таяқ» деп білмейді.
  21. Бай болмасаң, бай болма, Білім, өнерге сай бол.
  22. Бай болсаң, жай болма, Білім, өнерге сай бол.
  23. Бақыт сандықта, кілтпен ашасың, Кілті аспанда, өнермен ұшасың.
  24. Балаларға өнер білім берілсін, Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
  25. Баланың өнерлісі – ұжмақ, Өнерсізі – тозақ.
  26. Баласы әкесін үйретпес.
  27. Бапкері жоқта қыран жетім, Бақ төрі жоқта ұлан жетім.
  28. Барша өнерді үйрен.
  29. Бастың көркі – жүз, Жүздің көркі – көз; Ауыздың көркі – тіл, Тілдің көркі – сөз.
  30. Батырдан – сауға, мергеннен – сыралғы.
  31. Би болар жігіттің, Төбеде болар жұмысы. Мерген болар жігіттің Жебеде болар жұмысы.
  32. Болымсыздан өнер шықпас, Көңілсізден күлкі шықпас.
  33. Ботаның көзіндей, шешеннің сөзіндей.
  34. Білім – іштегі нұр, Өнер – сырттағы гүл.
  35. Білім көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
  36. Білім таппай баптанба, Өнер таппай мақтанба.
  37. Білім таппай мақтанба, Өнер таппай баптанба.
  38. Білімді өлсе, қағазда аты қалады, Ұста өлсе, артында заты қалады.
  39. Бір де болса, бірегей.
  40. Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойғыза алмады.
  41. Біреуден күнә іздегенше, өнер ізде, Баққа кірсең тікен тергенше, гүл жина.
  42. Гүл патшасы – раушангүл.
  43. Ғақылы қысқа қатынның Қарай қойшы өнерін. Білмей айтар бұ шіркін, Кімнің бұрын өлерін.
  44. Ғалым болсаң, өр болма, Өнерлі болсаң, кер болма.
  45. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы.
  46. Егін ексең, тыңға ек, Онан өнер өнім көп.
  47. Екі иығына екі үкі, басына бір үкі қадаған.
  48. Екі сауыншы кездессе, Шелегі мен қаймағын айтады. Екі ұста кездессе, Балғасы мен салмағын айтады. Екі ұры кездессе, Қайдағы мен жайдағыны айтады.
  49. Ел іші – өнер кеніші.
  50. Елден безген ер болмас, Өнерлі құл қор болмас.
  51. Еңбек етем десең ерінбе, Өнер үйренемін десең жерінбе.
  52. Епсіздің еңбегі еш.
  53. Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы.
  54. Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер.
  55. Ер өнерімен мақтансын.
  56. Ерінбеген етікші болады.
  57. Жақсының аты өлмейді, Жазушының хаты өлмейді.
  58. Жалақ кісі тілінен жазар, Таз кісі қолынан жазар.
  59. Жалғыз өркешті түйенің бәрі – нар, Дегенмен, нардың да нары бар.
  60. Жаман ұста жанынан.
  61. Жаман ұста суын таппайды.
  62. Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
  63. Желген атқа жел жаңғырық.
  64. Жолаушыны жол, Шеберді қол асырайды.
  65. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар.
  66. Жүйрік жүлдесін алмай қоймайды.
  67. Жүйріктен жүйрік озады жарыстырса, Сұлудан сұлу озады салыстырса.
  68. Жігіт көркі – өнер.
  69. Жігітке жетпіс өнер де аз.
  70. Жігітке жеті өнер аз, Жетпіс өнер көп емес.
  71. Жігітке өнер де – өнер, Өлең де – өнер.
  72. Зер қадірін зергер білер.
  73. Зергер білімді болса зейнет, Білімсіз болса бейнет береді.
  74. Зергердің пірі – Дәуіт пайғамбар.
  75. Зергердің түбі – зейнет, Делдалдың түбі – бейнет.
  76. Ителгінің қызығына берілсең, Қаршығаңды қамшы етерсің.
  77. Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап тұрар жолыңда.
  78. Келісті сөз – күміс, Жемісті жұмыс – алтын.
  79. Кепшіксіз бақсы болмас.
  80. Көп көрген – нұсқа, Көп істеген – ұста.
  81. Күріштің дәмін май келтірер.
  82. Қазаншының еркі бар, Қайдан құлақ шығарса.
  83. Қазының қазынасы – білігі, Байдың қазынасы – түлігі.
  84. Қайғы шеккен жігіттің шерін, Не бала сүю, не лашын шүю тарқатады.
  85. Қайратты ерге мал тұрар, Өнерлі ерге бақ тұрар.
  86. Қалпақ абзалы – мұрақ, Көрпе абзалы – құрақ.
  87. Қара мойынға қара моншақ.
  88. Қас жүйрікте сын болмас, Қас сұлуда мін болмас.
  89. Қиялдың сахары кең.
  90. Қожамен көрші болдым: «Бер», «Бер!» деді. Шебермен көрші болдым: «Көр!», «Көр!» деді.
  91. Қол өнері кілемде, Сөз өнері өлеңде.
  92. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
  93. Қорқыттың қобызы түгіл, Қияғы да сөйлейді.
  94. Қурай тартсаң, күй шығар, Ағаш тартсаң, үй шығар.
  95. Құланның құлағында ойнап.
  96. Құралайды көзден атқан мерген.
  97. Құс төресі – бидайық, Ит төресі – құмайық.
  98. Құстың алғанынан салғаны қызық.
  99. Қыз – халықтың гүлі, Өлең – сауықтың гүлі.
  100. Қыз еркем – кестесімен көркем, Ұл еркем – өнерімен көркем.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ