Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 1-бет, барлығы 23 бет.
- Төңірегі тең көрініп, / Тегене жатыр төңкеріліп, / Жас та сиған, кәрі сиған, / Астына оның бәрі сиған.
- Күндіз беті таза, / Түнде бетін әжім басты.
- Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, / Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. / Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, / Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
- Бір түкті кілем, / Бірі түксіз кілем.
- Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек, / Заты бар бұтақ сайын жанға керек. / Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық- / Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп.
- Түбі көк дария, / Іші мұнара, / Отыз шешегі.
- Екі тері, / Екеуі де кең тері.
- Тең, тең, тең киіз, / Екі ортасы кең киіз.
- Бір қоян қайың тауды арқалаған, / Ертерек қоян еді марқалаған. / Жолында алтын гауһар толып жатыр, / Еш адам ала алмайды балталаған.
- Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, / Екеуі қызықтырған талайыңды. / Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, / Тұрады нұрға малып маңдайыңды.
- Су ішінде екі жайын, / Бірі кетсе, бірі дайын.
- Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз, / Шешуі қиын емес ескерсеңіз. / Болады бірі өткір, бірі өтпес, / Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.
- Тең, тең, тең киіз, / Екі ортасы кең киіз. / Арасында киіздің / Сайрандаған қос мүйіз.
- Біреудің бір ұлы бар және қызы, / Біледі ол екеуін дүние жүзі. / Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, / Жүргенде білінбейді басқан ізі.
- Алтын кетті, / Күміс келді.
- Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек, / Қанаты асты қара бір көбелек. / Жанады бір шаһардан сансыз шырақ, / Адамға қиын екен санап білмек.
- Бір анасы, бір атасы, / Бірнеше мың баласы.
- Көрінді ту алыстан көкше теңіз, / Тырнадан он бірі арық, бірі семіз, / Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып, / Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.
- Ай далада ақ шатыр, / Ақ шатырдың ішінде / Қызыл көзді шал жатыр.
- Табан, табан, табан ақ, / Табаны жалпақ қоян ақ. / Күлген көзі күмістен, / Келе жатыр қоян ақ.
- Ар жағында орманның, / Ар жағында таулардың, / Алтын кеспек домалар.
- Дүниеде бір алыпты көрдім күшті, / Бар салмақ дүниедегі соған түсті, / Құнарлы қуатынан тояттанып, / Әртүрлі жер бетінде жеміс пісті.
- Көк жиекті шай табақта / Алтын алма тербелер. / Кейде бүркер алма жүзін / Ұлпа мақта перделер.
- Қызыл күлше тау асады, / Ыстық нұрын шашады.
- Аспанда бір айна бар, / Әлемді көріп айналар.
- Ұзын-ұзын сырғанақ, / Ұшығына кім жетер? / Асыл бесік күйкентай, / Жұмыртқасын кім табар?
- Ақ сандығым ашылды, / Ішінен дүрлер шашылды.
- Ақ сандығым ашылды, / Қызарып жалын шашылды.
- Керегенің басында кепкен жаулық, / Кет десем де кетпейді, неткен жаулық?
- Көк жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады, / Көл бетіне қарасаң, төменде тұрады.
- Қарындасы қонаға / Ағасын іздеп келгенде, / Ағасы қашып кетеді, / Үйден шығып бір жерге.
- Ақырған айдаһардай арыстаным, / Айтысып тағы жұмбақ қалыспағын. / Екі өркеш, жеті башпай жұмбағым бар, / Осыны ойламай тап, данышпаным.
- Қонақтап күнде қонар су бетіне, / Сүйсінер барлық адам келбетіне. / Тұлғасы су ішінде көрінеді, / Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
- Төсек астында жарты нан.
- Жабық астында жарты күлше.
- Үй астында ақ тоқым.
- Көлде жүрген ақ үйрек, / Түнде бар да, күндіз жоқ.
- Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.
- Керегенің басында кепкен бауыр, / Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!
- Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар, / Қаһарлы қалыбына әркім құмар, / Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас, / Күнді көрсе, айдаһардың жүзі солар.
- Күндіз әйнегі сынады, / Түнде орнында тұрады.
- Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.
- Жабықта жарты нан.
- Көк көрпенің ішінде жарты нан.
- Қонақтап күнде келер су бетіне, / Пар келмес гауһар заты келбетіне. / Сәулесі су жүзінде дірілдейді, / Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
- Күндіз күннен таярмын, / Түнде әлемге аянмын.
- Кейде орта, кейде толы бір тегене, / Көрінер кейде күндіз, кейде түнде, / Бетіне ақ шағыдан перде тартқан, / Балалар, ойлап қара, бұл немене?
- Он төрт – он бес жасында / Адамның басындай. / Бір және отыз жасында / Адамның қасындай.
- Тап-тап, табан ақ, / Табаны жалпақ қоян-ақ, / Тайшыағардан су ішіп, / Туып тұрған дуадақ.
- Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.
- Қырда қылыш жарқырайды, / Ойда атан бұрқырайды.
- Тақырда тайдың ізі, / Айналасы қойдың ізі.
- Әуелі айтатыным асыл шөлмек, / Бір толып, бір азайып қайта келмек. / Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ, / Адамға оңай емес санап білмек.
- Тақырда Аймағамбет өліп жатыр, / Қасында есек жемі толып жатыр.
- Үй үстінде ұсақ тас.
- Үй үстінде алтын тас, / Алайын десем алынбас.
- Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, / Қарасам толып жатыр көзін ашып. / Үйіме сәулеленіп түссе жарық, / Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
- Біреуде отряд көп сан жетпейді, / Күндіз олар ешкімге көрінбейді. / Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп, / Тұруға бір орында ерінбейді.
- Етегім толы сөк, / Ерте тұрсам жоқ.
- Тақиям толған сөк, / Ерте тұрсам дым да жоқ.
- Шым-шытыр, / Шиедей қотыр.
- Біз, біз, біз едік, / Отыз арба қыз едік, / Бір тақтайға жиналдық, / Таң атқанда жоқ болдық.
- Таң атқанша тары шаштым.
- Бірталай тары шаштым там басына, / Әуре болып толтыра алмай қамбасына, / Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым, / Ойлағандар мәнісін аңдасында.
- Бір байдың мың қойы қоздайды екен, / Біреуі біреуінен озбайды екен. / Болғанмен алтын астау, күміс күндеу, / Болғанша қиямет қайым тозбайды екен.
- Атасы мен анасы, / Миллионнан көп баласы.
- Күндіз бәрі қашады, / Түнде аспанды басады.
- Көкте күлімдейді, / Қолға ілінбейді. / Бірінен бірінің / Қашықтығы білінбейді.
- Күн батқан соң жайылдық, / Таң атқанша тойындық. / Таң атып жарық түскен соң, / Тойынып алып жойылдық.
- Шым-шытыр, шиедей қотыр, / Оның ішінде әкем отыр.
- Қиырсыз бір теңіз бар ол немене, / Құбылып қалқиды алтын бір тегене, / Сансыз құс жүзеді ортасында, / Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене. / Оқшау жүр ақ шағала, көк шағала, / Теңіздің ортасында күміс кесе.
- Алтын бәкі, / Күміс сәкі, / Қырық қысырақ, / Бір сәуірік.
- Бір емен, жеті терек, алты қайың, / Бұтағы толып жатыр дайым, дайым, / Ішінде шынар терек, үш қарағай, / Өңгесін айта беріп не қылайын?
- Аспанда ұшып жүрген жеті торғай, / Барады бір-біріне қосыла алмай.
- Жеті ағам жерге түспейді.
- Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене, / Кейде орта, кейде толы сары тегене, / Тұнық пенен лайдың арасынан, / Бір аққу ұшып шықты қанат кере.
- Алты қоян қашады бұдан былай, / Жеті лашын қуады ұдай-ұдай. / Артынан екі бүркіт тағы кетті, / Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.
- Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа, / Бір сарай толып тұрған ақ күміске, / Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ, / Баршасы қорқады екен тоты құстан.
- Бап-бап, басы бар, / Алтын ердің қасы бар, / Бұны тапқан адамның / Жүз жиырма да жасы бар.
- Байладым бір қазыққа екі жылқы, / Екі жігіт ала алмай болды күлкі, / Жетеуі бір қызға ғашық болып, / Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.
- Туғанда алтау едім, / Өле-өле жетеу болдым.
- Аспанда ұшып жүрген алты торғай, / Өмірбақи жүреді жерге қонбай.
- Бар ма, жоқ па, анық білмейсің, / Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің.
- Бір нәрсе жер мен көктің арасында / Көрінбейді өзі түгіл қарасы да, / Білінбей жер үстінде жүрсе дағы, / Пайдалы адамзаттың баласына.
- Салмағың бар өлшесем, / Көрінбейсің көзге сен.
- Аппақ жолға қараймыз тамсанып, / Сүтін төгіп кеткен кім, жол салып?
- Сатайын десем ауыр кілем, / Сатпайын десем тәуір кілем.
- Өлшеусіз піштім, / Жіпсіз тіктім.
- Зер, зер кілем, зер кілем, / Көтерейін десем зор кілем.
- Қағар, қағар, қағар кілем, / Қағайын десе ауыр кілем.
- Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, / Қимылдар сол кісіден елдің тісі. / Талқандап беті, жүзін тырнасаң да, / Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі.
- Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын, / Жақсылық қып аямас сенен асын. / Күні-түні сонда да тепкілейсің, / Айтпайсың оған тәңір жарылқасын.
- Жаһанда бір алыпты көрдім күшті, / Барлық салмақ дүниеде соған түсті. / Қандайын дүниеде барлық жеміс, / Солардың атырабында құрап пісті.
- Көк жүнді бір өгіз бар еті қара, / Тілгіле өне бойын етіп пара. / Етін жеп жатсам дағы майын сорып, / Болмайды өлмек түгіл титтей жара.
- Көкторғын көрдім мен / Көп асыл қадаған. / Адам жоқ өмірде / Асылын санаған.
- Бір зат бар дүниеде құшағы кең, / Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. / Адамзат, жан-жануар арасында / Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
- Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың, / Ары жүрсең, қайтып келесің.
- Жайы-жайы, жай кілем, / Жайылып жатқан бір кілем, / Түр-түр кілем, / Төгіліп жатқан кір кілем.
- Аждаһа жерден шығып көкке өрлер, / Қысылып өзгелерден бұрын терлер. / Түрі бар аждаһаның неше түрлі, / Алады қолы жеткен мініскерлер.
- Жағалдайдың түйесі / Жар жағалап келеді. / Сауырында таңбасы / Күйіп-жанып келеді.