Шындық-жалғандық туралы мақал-мәтелдер
«Шындық-жалғандық» тақырыбындағы 66 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адал сөз – әшекей емес, ақиқат.
- Адал сөзбен айтысады, Өсек сөзбен сыбырласады.
- Адам деген ат адамға лайық.
- Адам демек – ақиқат демек.
- Адамды сыбыс бұзады, Атты мініс бұзады.
- Адамдық адалдықта, Адалдық шындықта.
- Адамның әділдігі – шыншылдығында.
- Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.
- Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
- Ай жарқырап, Күн болмас, Өтірік жарқырап, шын болмас.
- Айрылғанның азары шын, Қосылғанның озары шын.
- Айт-арапада өтірік сөйлегеннің Намаз күні жүзі қара.
- Ақ пен қараны шындық айырар.
- Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
- Ақ сөз ақиқат болады.
- Ақ сөз ащы болады.
- Ақиқат аз сөйлейді.
- Ақиқат аяушылық тілемейді.
- Ақиқат жолында азап шеккен абырой.
- Ақиқат сөзге анттың керегі жоқ.
- Ақиқат сөзде алалық жоқ.
- Ақиқаттың алды ашық, Арамдықтың алды тұман.
- Ақиқатын айт – адамға жақпаса да, Аллаға жақсын.
- Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ.
- Ақылды өтірік шаршатады.
- Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтады.
- «Аламыз» деген алған, «Береміз» деген жалған.
- Алысар болсаң, шыныңды айт, Табысар болсаң, сырыңды айт.
- Анығын айтқан адаспас.
- Анығын айту адалдық, Ала сөйлеу арамдық.
- Арамза сұлу сөйлейді, Ақкөңіл шынын сөйлейді.
- Арлы адамның белгісі шындыққа жығылады, Арсыз адамның белгісі құр күлкіге ұрынады.
- Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі, Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың Туғанынан тумағаны игі, Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
- Ат жоқта есек жорға, Ақиқат жоқта өсек жорға.
- Аталы сөзге арсыз жауап қайырар, Ақ пен қараны шындық айырар.
- Атаңның құлы айтса да, Әділдікке басыңды и.
- Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса тіл ашар, түйін-түйін сырыңды, түбінде келіп шын ашар.
- Аузында сөз тұрмастың Бір жерде өзі тұрмас.
- Ауруда шаншу жаман, Сөзде қаңқу жаман.
- Ащы айтсаң да, әділ айтқан кезіңде, Ақылдылар шамданбайды сөзіңе.
- Әділ бидің өлгені – Сөзінің болса жалғаны, Құламаның өлгені – Болмаса тәлім алғаны.
- Әзәзілдің соңына ерме, Өтірікшінің сөзіне сенбе.
- Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.
- Әлем қанша кең болса, Ақиқат соған тең болар.
- Әр түйіннің өз шешуі бар.
- Әуелгі сөзі рас болса, соңғы сөзінің өтуіне жақсы.
- Әуелгі сөзің рас болса, Соңғы сөзіңнің өтуі жақсы.
- Әуелгі сөзің шын болса, Соңғы сөзіңе жол болады.
- Балықшы айтпайды расын, Сонда да алады бір асым.
- Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар, Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.
- Басыңа қылыш төнсе де, Шын сөзіңнен аума.
- Бәле әкелер рас сөзден жырақта, Берекелі жалған сөзге тұрақта.
- Бекерден Тәңірім безер.
- Бекершіден берекесіз сөз шығар.
- Бекершілден Құдай безер.
- Бекершінің өнері – өсек.
- Бүлікке бастар шындықтан, Салиқалы өтірік артық.
- Білімсізге шын сөз ащы көрінеді.
- Білімсізге шын сөз де парықсыз.
- Бір ауыз өсек ел өртейді, Бір шағым қу жер өртейді.
- Бір нақақты күйдіргеннен, Он қылмыстыны ағартқан артық.
- Бір сөзі өтіріктің бар сөзі өтірік.
- Бірді өзіңе жамандай келген, Мыңға өзіңді жамандай барады.
- Біреу шынымды айтам деп, Өзінің мінін айтады.
- Ғайбат істің өлшеуі – өкініште.
- Шындық, ақиқат, жалған, өтірік.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Ыдыс-аяқ