Тәрбие туралы мақал-мәтелдер
«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абада мал қалса, қатын қарар, Ниеті бар болса, жанын салар.
- Аға адасса, іні із кесер.
- Ағаға қарап іні өсер.
- Ағаға ықылас – іні парызы.
- Ағадан қалғанды іні киіп өседі, Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі, Көрмегендерін ойына түйіп өседі.
- Ағайын мен жекжат арасын, Майына мінген ат айырады, Немесе оқымаған бата айырады.
- Ағайынның көңілі сәл нәрседен қалады.
- Ағаш бір жерде өседі.
- Ағаштан ағаш рең алады.
- Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам тәлім алады.
- Адал бала – ырысың, Арам бала құрысын.
- Адал еңбек аздырмас, Сұмдық бойды жаздырмас.
- Адам әдет етеді, Әдет түпке жетеді.
- Адам баладан өседі, Сиыр танадан өседі.
- Адам жаманнан жиренбей, Жақсыны үйренбейді.
- Адам санасын ар түзейді.
- Адамды алдау – арыңның алдында күнә, Ағаны алдау – ананың алдында күнә.
- Адамнан адам тәлім алады.
- Адамның екінші табиғаты – әдет.
- Адамның құлқы түзелмей, Құлпы түзелмейді.
- Адамның үш қасиеті: қайтпас қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
- Азаматын көр де, ауылын таны.
- Айғырды неден салсаң, Атты содан аларсың.
- Айдан ұл, Күннен қыз тудырады.
- Айнаға үйір бойын түзейді, Халыққа үйір ойын түзейді.
- Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас.
- Ақсақ малдың ақырын бақ.
- Ақсақалды ауыл азбас.
- Ақсұңқардың баласы алдына қоймай ас жемес.
- Ақыл – жан қуаты.
- Ақыл – жүректің суаты.
- Ақылды кеңнен толғап ұғындырады, Шадыр мінез шап етіп суындырады.
- Ақылды қызға ана көп, Аяулы жанға пана көп.
- Ақылсыз адам айқайлай, Жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай-жай, Жан-жағын байқай келеді.
- Ақылы жоқ жаманға, Ауыл малы бұралқы.
- Ақымақтың аңқаулықпен дос, Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.
- Алғаның жаман болса, Қонағың кетеді. Ұлың жаман болса, Бақытың кетеді.
- Алдияр, «Алдияр» десең, дандияр.
- Алдыңғы арба қайдан жүрсе, Соңғы арба соңынан жүрер.
- Алдыңғы арбаның доңғалағы қайда жүрсе, Соңғы арбаның доңғалағы сонда жүреді.
- Алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе, Соңғы дөңгелек сонда жүреді.
- Алдыңғы тегершін қайда жүрсе, Артқы тегершін сонда жүрер.
- Алдырған албырт анасының қойнын ашар.
- Алма апаннан аланды, Таутан ұрар балаңды.
- Алты жыл аш болсаң да, Ата салтын ұмытпа.
- Алтыдағы бала атқа мінсе, Алпыстағы ата алдынан шығар.
- Алтыдағы бала ауылға келсе, Алпыстағы ата келіп сәлем берер.
- Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет.
- Ана болған дана болады.
- Ана сүтімен бітпеген қасиет Тана сүтімен сіңбейді.
- Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
- Ана тілегі балада, Бала тілегі далада.
- Ана тілін алмаған – арсыз.
- Ана тілін алмаған ұл, Аман болсын да, жүре берсін.
- Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
- Ананың ізін қыз басар, Әкенің ізін ұл басар.
- Анаңа рақым етпесең, Балаңнан рақым күтпе.
- Анасын сыйламаған адам Басқаны сыйлап жарытпас.
- Анасын сыйламағанды адал деме, Ұстазын сыйламағанды адам деме.
- Аңғырт аузындағысын алдырар, Аңқау абайсызда шалдырар.
- Апасы киген тонды сіңлісі де киеді.
- Ар-ұят пен ақыл – мінез сауыты.
- Арамнан алған түйеден Адалдан алған ешкі артық, Жаманнан алған сұлудан, Жаман да болса, текті артық.
- Арпа берсең, атқа бер, Күтірлетіп шайнасын; Қызды берсең, жасқа бер, Құшақтасып ойнасын.
- Арсыз болса, қыз жаман, Ақылсыз болса, ұл жаман.
- Артында бар оңалар, Арық түйе қом алар.
- Аруанадан туған кез өркеш, Арқасын төсер ауырға.
- Арудың әміршісі – ары.
- Арық деген жаман тай, Жазға шығып ат болар. Жамандығы сезілсе, Жақын кісі жат болар.
- Ас иесінің әлі біледі, Асатуды қолы біледі.
- Ас таңдасаң, аяғына қара, Қыз таңдасаң, анасына қара.
- Ас ішсең, аяғыңды жина.
- Асабасы жоқ асқа жарымайды, Қасабасы жоқ басқа жарымайды.
- Асай біл аш кезіңде, Сүйе біл жас кезіңде.
- Асау арудың арыны басылғанмен Ұрыншақ ұрғашының ұры желігі басылмайды.
- Асқа барсаң, аш бар, Тойға барсаң, тоқ бар.
- Асқаныма риза болмасаң да, Сасқаныма риза бол.
- Асыл – асылдан, нәсіл – нәсілден.
- Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады. Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады.
- Асырайтын жас болса, Өлетұғын кәрі жоқ.
- Ат – биеден, аруана – түйеден.
- Ат аунаған жерде түк қалады.
- Ат биеден, атан түйеден.
- Ат болатын құлынның, Мүшесінен белгілі.
- Ат ұстаған азабынан құтылар, Ер ұстаған бейнетінен құтылар.
- Ата даңқымен ұл өтер, Ана даңқымен қыз өтер.
- Ата дәулетті болса, Бала ғибратты.
- Ата дәулеті балаға сәулет болмайды.
- Ата өлсе де, кәде өлмейді.
- Ата өліп, бала қалса, Мұратына жетеді. Бала өліп, ата қалса, Арманы іште кетеді.
- Ата тұрып, ұлы сөйлегені ержеткені, Ана тұрып, қызы сөйлегені – бойжеткені.
- Ата ұлы аталықтың сөзін айтады.
- Ата ұлын күндеген, Атасына жаумен тең. Ата сөзін білмеген, Бұлағы жоқ таумен тең.
- Ата-ананы сыйлаған көп жасар, Сыйламаған жан қинар.
- Атаға бала жеттім десе де, Батпан ширек кем туады.
- Атадан бала туса игі, Ата жолын қуса игі. Балаңды жұрт мақтаса, Бәрінен де сол игі.
- Атадан бала, мойыннан жаға озбайды.
- Атадан баланың, ойы өзге.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің зоры болады. Атадан жаман ұл туса, Адам біткеннің қоры болады.
- Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан нашар ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ