Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (9-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке Өлшеуі жоқ бай заман.
  2. Мың «сіз, бізден» бір шыж-быж артық.
  3. Мың мәрте тыңда, Бір рет сөйле.
  4. Мысқылдың түбі – мүшкіл.
  5. Найзадан түскен жарақат Сөз жарақатынан тез жазылар.
  6. Найзалассаң найзалас, Тіл найзаңмен түйреме, Тіл найзаңа түйреп ап, Олай-бұлай сүйреме.
  7. Нақыл – ақыл.
  8. Нарқын таппаған сөз құлазиды.
  9. Некесіздің малы арам, Тілсіздің дауы арам.
  10. Ойлы сөз – ұтқыр, Ойсыз сөз – жұтқыр.
  11. Оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады.
  12. Ойы шолақтың сөзі олақ.
  13. Оқ жарасы бітер, Сөз жарасы бітпес.
  14. Оқу алды – қызыл тіл, Бірден соңғы мергеншіл.
  15. Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда.
  16. Олақтың сөзі – Орынсыз жамау тәрізді.
  17. Олақтың сөзі орынсыз жамау сияқты.
  18. Он пәленің тоғызы – тілден.
  19. Оңбаған – өсекшіл.
  20. Орақ ауызды, от тілді.
  21. Орақты ора білмесең, Қолыңды кесерсің, Сөзіңді сөйлей білмесең, Жолыңды кесерсің.
  22. Орынды айтылған сөз – Орнына қағылған шеге сияқты.
  23. Орынды айтылған сөз – Орнына қағылған шеге.
  24. Орынды мысқыл оқтан да өткір.
  25. Орынды сөз – өрең, Орынсыз сөз – керең.
  26. Орынсыз сөз орға жығады.
  27. От ауызды, орақ тілді шешен.
  28. От ауызды, орақ тілді.
  29. Отқа барған әйелдің – отыз ауыз сөзі бар.
  30. Отқа барған қатынның Отыз ауыз сөзі бар.
  31. Отқа келген келіннің Отыз ауыз сөзі бар.
  32. Оттың шаласы, сөздің аласы жаман.
  33. Отыз тістен шыққан сөз Отыз рулы елге тарайды.
  34. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды.
  35. Өз аузына өзі ие бола алмаған: астындағы түйесінен айырылар, жетегіндегі биесінен айырылар.
  36. Өз бетін аямаған, Кісі бетін шиедей етеді.
  37. Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін.
  38. Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін.
  39. Өзі өтірікші Өзгенің шын сөзіне сенбейді.
  40. Өзі шынашақтай, сөзі келсаптай.
  41. Өзін жамандаған жатқа қор болар.
  42. Өзіңді сөзіңмен кем көрсетпе.
  43. Өлеңді қосылып айтқан жақсы, Сөзді тосып айтқан жақсы.
  44. Өлі – тірінің азығы, Бір сөз – мың сөздің қазығы.
  45. Өсек сөз өгізді де өлтіреді.
  46. Өсекке керең бол, Ойға терең бол.
  47. Өсектің өртінен дерті жаман.
  48. Өсектің уыты уақытында.
  49. Өсекшінің аузын бассаң, Арты жыбырлайды.
  50. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
  51. Өткір пышақ жанға керек, қынға қас, Өткір сөз дауға керек, жанға қас.
  52. Өткір пышақ қынға қас, Өтірік сөз жанға қас.
  53. Өткір тіл – дарын, Ұзын тіл – жауың.
  54. Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.
  55. Өтірік – шындықтың келіні.
  56. Өтірік айтқан жерде көп тұрма.
  57. Өтірік пен шындық арасы – екі елі.
  58. Өтірік ұшы – екеу, шындықтікі – төртеу.
  59. Өтірік ұят, шындық – зият.
  60. Өтірікті шындай, Шынды Құдай ұрғандай етіп айтады.
  61. Өтірікші бел асырғанмен ел асырмайды.
  62. Өтірікші мен өсекші егіз.
  63. Өтірікші өз сөзіне сенбейді.
  64. Өтірікші өлген кісіні куә етеді.
  65. Өтірікші түске дейін өзіне де сенбейді.
  66. Өтірікшінің куәсі қасында.
  67. Өтірікшінің сөзіне нанба, қисынына нан.
  68. Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.
  69. Өтірікшінің шын сөзі зая.
  70. Пайдасыз сөзге елікпе, Пайдалы сөзден зерікпе.
  71. Патшаң соқыр болса, көзіңді қысып сөйле.
  72. Пұшыққа айна ұсынсаң, ашуландырасың.
  73. Пышағыңды қайрап жүр, Не соярыңды білмесең. Жауабыңды сайлап жүр, Не сұрап, не айтарыңды білмесең.
  74. Пышағыңды мұқалтпа, Не кеспесті біліпсің? Сырын білмей сыр айтпа, Не деспесті біліпсің?
  75. Пышағыңды өткір қайра, Не кесеріңді білмесең. Көрінгенге сырыңды айтпа, Не десеріңді білмесең.
  76. Пышақ жетесінен сынады, Сөз келтесінен тынады.
  77. Пышақтың өткірі, сөздің қысқасы жақсы.
  78. Піл көтермегенді тіл көтереді.
  79. Піл күшті, Піл күшті емес, тіл күшті.
  80. Пілден тіл күшті.
  81. Сақина – сәнге жатпас, Айқай – әнге жатпас.
  82. Салымды ауыз сақтағанды жейді.
  83. Санасызға айтқан сөз – Тасқа тамған тамшыдай. Саналыға айтқан сөз – Қолға ұстатқан қамшыдай.
  84. Санаулы сөз салмақты.
  85. Саңырау бас десе, құлақ дейді.
  86. Саңырауға сәлем берсең, «Атаңның басы», – дейді.
  87. Саралап тарап сақалды, Көрілер айтар мақалды.
  88. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың.
  89. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
  90. Саудагерде иман жоқ, арын сатады, Өтірікшіде иман жоқ, жанын сатады.
  91. Саудада достың жоқ, Сәлемде борыштық жоқ.
  92. Сәлем – сөздің анасы.
  93. Сәлемнің де сәті бар.
  94. Сәлемсіз кісі жоқ.
  95. Сәлемі жараспағанның – Сөзі де жанаспайды.
  96. Сәлеміне қарай жауабы.
  97. Сегіз тұтам сар садақ, Секірген аңды сұлатар. Сегіз қырлы өткір сөз, Ақырған ерді құлатар.
  98. Сегіз тұтам сар садақ, Секірген аңды сұлатар. Сегіз қырлы өткір сөз, Сойылдай ерді құлатар.
  99. Сенімен қосыла жамандасқан Сені сыртыңнан да жамандайды.
  100. Сойыл жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ