Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өсімдіктер туралы мақал-мәтелдер

«Өсімдіктер» тақырыбындағы 49 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек.
  2. Адал мінез адамдар, Арттағыларға жол салып Із тастап өтеді. Арам мінез адамдар Арттағыларға тікен төгіп, Біз тастап өтеді.
  3. Адамның көңілі де көк сияқты қаулайды, семеді.
  4. Айыр пішен қасында, Кісені кереге басында.
  5. Аққу көкке, көбелек шөпке.
  6. Ақсақ қойдың аузына Жел айдаған қаңбақ түсер.
  7. Ақсақ түйенің аузына Жел айдаған қаңбақ түсер.
  8. Ақыл көптен шығады, Дәрі-дәрмек шөптен шығады.
  9. Ала тауық сабан шашар, Өз сырын өзі ашар.
  10. Алаботаға ат байлама.
  11. Алаботаға ат бекітпе.
  12. Алшын жеген мал: Не тойынады, не сойылады.
  13. Андыз болса, ат өлмес, Айыр болса, ер өлмес.
  14. Андыз болса, ат өлмес.
  15. Андызды жерде ат өлмейді, Иірлі жерде ер өлмейді.
  16. Аңызды жерде ат өлмейді, Үйірлі жерде ер өлмейді.
  17. Аңызды жерде ат өлмейді.
  18. Арам шөп егінді аздырады, Еріншектік ерді аздырады.
  19. Арам шөпті мал жейді, Арам асты ез жейді.
  20. Арғымақ атта сын болмас, Қиған қамыс құлақсыз. Азаматта сын болмас, Арты болса тұяқсыз.
  21. Аузыңды қу шөппен сүрте берме, Есектің к…н жу да, мал тап.
  22. Ауылға барсаң қона бар, қамысты көлде сона бар.
  23. Ауылда лақ туылса, Адырдың шөбі көгереді.
  24. Аяншақ көзге шөп түседі.
  25. Әрбір топырақ аяласаң, иеді, Әрбір жапырақ саяласаң, сүйеді.
  26. Бақыт кетсе қолыңнан, Әуелі досың менен құдаң кетер, Бидай еккен жеріңе тікен бітер. Бақыт, дәулет басыңа қайта қонса, Әр жерден дұшпандарың жылт-жылт етер.
  27. Балығы бар өзеннің балдырынан шошыма.
  28. Балықты көлде балдыр көп, Балдырды құртсаң, балық жоқ.
  29. Басқан шөбің – басыңа ем.
  30. Басын шалған шөптің тамыры қалады, Арлының малы кетеді, ары қалады.
  31. Батамен ер көгереді, Жаңбырмен жер көгереді.
  32. Батырды намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер.
  33. Бетегеден биік бол, Жусаннан аласа бол.
  34. Бетегеден биік, жусаннан аласа.
  35. Бидай арқасында бидайық су ішеді.
  36. Бидайдың арқасында қарамық су ішеді.
  37. Бидайықтың дәні болғанша, Бидайдың сабағы бол.
  38. Ботасы бар түйелер, Боздамай от жемейді.
  39. Бұланға ерген шөпке аунар, Доңызға ерген боққа аунар.
  40. Білім – бұлақ, Ақыл – жағалай өскен құрақ.
  41. Бірдің айында малға көлденең шөп ас болады.
  42. Бітуі жаман қамысты Су ішінде өрт алар. Жаман туған жігітті Түйе үстінен ит қабар.
  43. Бітуі жаман қамысты су ішінде өрт шалар.
  44. Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алады, Жетесі жаман жігітті ажалдан бұрын дерт алады.
  45. Гүл арасы тікенсіз болмайды, Тікен арасына да гүл бітеді.
  46. Гүл сүйген тікеннен қорықпайды.
  47. Гүл тікенсіз болмас.
  48. Гүлсіз жапырақ тұл, көксіз топырақ тұл.
  49. Гүлі бардың тікені бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ