Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер
«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- «А, Құдай! А, Құдай!» – Сыйынғанның белгісі. «Тек!», «Тәйт!», «Шәйт!» – Бұйырғанның белгісі.
- Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
- Абайлап сөзіңді, Қабырғаның да құлағы бар.
- Абайлап сөйле сөзіңді, Қабырғаның да құлағы бар.
- Ағаштың жаманы – қисық, Сөздің жаманы – қырсық.
- Адал сөз айнымайды.
- Адам аласынан сөз аласы жаман, Ой шаласынан сөз шаласы жаман.
- Адам аласынан сөз аласы жаман, От шаласынан сөз шаласы жаман.
- Адам аласынан сөз аласы жаман, Оттың шаласына сөз таласы жаман.
- Адам аласынан сөз аласы жаман.
- Адам болатын баланы сөзінен біл, Ат болатын құлынды көзінен біл.
- Адам болатын баланың сөзіне қара, Ат болатын құлынның көзіне қара.
- Адам бір сөйлескенде – жылан, Екі сөйлескенде – құлан, Үшінші сөйлескенде – адам.
- Адам деген ардақты сөз.
- Адам жақсысын лебізінен танисың, Ат жақсысын семізінен танисың.
- Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.
- Адам құрсақтан арымайды, Құлақтан ариды.
- Адам мен адамды сөзі мен көркі теңейді.
- Адам сөзге, ат жемге тоқтар.
- Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады.
- Адам сөйлескенше, Жылқы кісінескенше.
- Адам сөйлесіп танысады, Аю иіскесіп танысады.
- Адам тілден табады, Сиыр мүйізінен табады.
- Адам тілі тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.
- Адам тілінен байланар, Ат басынан байланар.
- Адам тілінен байланар, Мал басынан байланар.
- Адам тілінен жазады.
- Адам тілінен ұсталады, Ат тезегінен ұсталады.
- Адам тілінен, Ат аяғынан жазады.
- Адам уағдада тұрса, сөз қадірін білгені, Уағдада тұрмаса, ол адамның өлгені.
- Адамгершілік белгісі – иіліп сәлем бергені. Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
- Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
- Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
- Адамға тілінен, сиырға мүйізінен.
- Адамды – тілі, Атты жүгі асырайды.
- Адамды екі нәрсе қартайтпайды: Бірі – жақсы мінез, бірі – жақсы сөз.
- Адамды сөз бұзады, Қаңбақты жел бұзады.
- Адамзат бөз бермейді, сөз береді.
- Адамнан адамның несі артық? Бір-ақ ауыз сөзі артық; Малдан малдың несі артық? Бір-ақ асым еті артық.
- Адамның бір жақсысы көзінен, Бір жаманы сөзінен білінеді.
- Адамның жанын сақтайтын да, Құртатын да – тіл.
- Адамның жүзіне қарама, сөзіне қара.
- Адамның көркі – ақыл, Сөздің көркі – мақал.
- Адамның өзі жетпеген жерге Сөзі жетеді.
- Адамның өзі өледі, сөзі қалады.
- Адамның сөзі адам өлтірер.
- Ажал келмей жан шықпас, Қысыр сөзден мән шықпас.
- Ажалдан қашып құтылмайды, Жаманның сөзі тұтылмайды. Жақсыдан алған ғибрат Өле-өлгенше ұмытылмайды.
- Ажалсыз жан шықпайды, Құр сөзден май шықпайды.
- Аз сөз – ишарат, Көп сөз – кінәрат.
- Аз сөйле, көп тыңда.
- Аз сөйлеген – ақылды.
- Аз сөйлеген – даналық, Көп сөйлеген – надандық.
- Аз сөйлеп, көп ойла.
- Аз сөйлесең де, саз сөйле.
- Айбалта тәнді жаралар, Бейпіл сөз жанды жаралар.
- Айқай әділдіктің белгісі емес.
- Айқайы көптің айтары жоқ.
- Айлалыға амал жоқ, Сөз тапқанға қолқа жоқ.
- Айт сөзді ұққанға, Айтып-айтпа құлағына мақта тыққанға.
- Айт та, сөзіңе жет, Мінгес те, үйіңе жет.
- Айта берме сөз біткеннің бәрін де, Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.
- Айта берсең сөздерді, балшық басар көздерді.
- Айта білген сөз маржан, Қосылмасын сөз арзан.
- Айта білмесең, Мақалдың мәні болмайды. Жасай білмесең, Астың дәмі болмайды.
- Айтар ақылы жоқтың, Табар ақылы жоқ.
- Айтар нақылы жоқтың, Табар ақылы жоқ.
- Айтар сөзді айт, Айтпас сөзден қайт.
- Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
- Айтар сөзін білмесе Адамдықтан не пайда. Артқан жүгін тартпаса Атандықтан не пайда.
- Айтарың болмаса, ауыз ашпаған айып емес.
- Айтатын сөзіңді айтып қал, Айтпайтын болсаң, қайтып ал.
- Айтқан ауыз, жылаған көз жаман.
- Айтқан екен жайған адам атағын, Сабыр еткен түзер істің шатағын.
- Айтқан сөз – атқан оқ.
- Айтқан сөз атылған оқпен тең.
- Айтқан сөз, атқан оқ – қайтпайды.
- Айтқаны өтіп, айтқаны жетіп.
- Айтқаныңды қайталама, Алуаны да бір-ақ рет жейді.
- Айтқызған жаманның ісі, Қамшылатқан шабанның ісі.
- Айтқыштың сөзі – атқыштың оғы.
- Айтпай білмес, Ашпай көрмес.
- Айтпайын десем аузым бар, Көрмейін десем көзім бар.
- Айтпақ бар да, қайтпақ жоқ.
- Айтпас жерде аузыңды жап.
- Айтпас жерде тілің тарт.
- Айтпас жерде тіліңді тарт, атпас жерде қолыңды тарт.
- Айтпас жерде тіліңді тарт, Ашуың келсе, қолың тарт.
- Айтпаса білмейді, ашпаса көрмейді.
- Айтпаса, кім білер, Ашпаса, кім көрер?
- Айтпасаң, білмейді, Ашпасаң, көрмейді.
- Айтса болар ұққанға, Айтып-айтпай немене Құлағына мақта тыққанға.
- Айтса болар, ақылды алып ұққанға, Айтып-айтпай немене, Екі құлағын мақтамен тыққанға.
- Айтсам – ұят, айтпасам – қиянат.
- Айтсам тілім күйеді, Айтпасам дінім күйеді.
- Айтсам, тілім күйеді, Айтпасам, ділім күйеді.
- Айтсаң сөзіңе жет, Мінгес те, үйіңе жет.
- Айтсаң ұғар кереңге, Не айтайын береңге.
- Айтсаң ұғар тереңге, не айтайын кереңге.
- Айтсаң, сөзіңде тұр.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ