Дене мүшелері туралы мақал-мәтелдер
«Дене мүшелері» тақырыбындағы 207 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адал ақынның ауызы бал, Арамза ақынның ауызы дал.
- Адам баласы үрілген мес сияқты, Аузын ашса, босап қоя береді.
- Адам денесінде қолдан басқа арам жоқ.
- Адам құлақтан азады, Ат тұяқтан азады.
- Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.
- Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады.
- Адам өз қолын өзі кеспейді.
- Адам ішіп тоймайды, К. т ойнассыз болмайды.
- Адамға арақ ас болмас, Ішкен адамда бас болмас.
- Адамның көзі алдында, міні артында.
- Адамның қолы – гүл, Маңдайдағы тері – нұр.
- Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.
- Ажалды киіктің аяғы тыныш таппайды.
- Аз беремін дегеннің Көп бергенін көргенмін. Көптің тілін алмағанның Аузын қойдай кергенін көргенмін.
- Азат басың болсын құл.
- Азу тісі ақсиған, Ат басына күн туар. Сұлу мұртын ширатқан, Ер басына күн туар.
- Ай десе – аузы бар, күн десе – көзі бар.
- Ай десе – аузы, Күн десе – көзі.
- Ай толса, қолмен көрсетпес болар.
- Айға бойымыз жетсе, Күнге қолымыз жетеді.
- Айқай, көкірек! Не демейді сұм жүрек.
- Айла білген кісілер Көзіңді байлап алдайды.
- Айтып-айтпай немене, Құлағына мақта тыққанға.
- Айырылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен.
- Айырылғанды атты мен жаяу да ұрады, Қосылғанға қол қусырып тұрады.
- Ақ – көздің құрты.
- Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.
- Ақсақ десе, өзіме тиеді, Соқыр десе, көзіме тиеді.
- Ақыл айт ұққанға, айтып-айтпай не керек, құлағына мақта тыққанға.
- Ақыл бастайды, Аяқ тастайды.
- Ақылды адамның тілін алсаң, Хош иісті гүлін аласың.
- Ақылды азаматтың: қолы – қару, Басы – сандық, тілі – кілт.
- Ақылды ақпа құлаққа айтпа, Құйма құлаққа айт.
- Ақылсыз бас аяқтың әлегі.
- Ақылсыз бас, аяқты тыңда, Ақылды болсаң, жарқылда.
- Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді.
- Ақылы көрдің – көзі көр.
- Ақымақ бас аяқтың соры.
- Ақымақ бастан ақыл шықпас, Ақыл шықса да, мақұл шықпас.
- Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы жүрегінде.
- Ақымақтың қолы ұзын болар.
- Ал балық, аузына сал балық.
- Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.
- Алдыңа ас қойдым, Қолыңды бос қойдым.
- Алымсыз басқа білім жұқпас.
- Аналы баланың өзі артық, Анасыз баланың көзі артық.
- Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ.
- Ананың алақаны – балаға аялы қоныс.
- Ананың бір қолы бесікті, бір қолы дүниені тербетеді.
- Анаң бір қолымен ұрар, Бір қолымен сылар.
- Аң – көздің құрты.
- Арғымақтың алымы аяқ алысынан танылады.
- Арқа еті арша, Борбай еті борша болды.
- Арқалап отын тасыған, арқасы терге сасыған.
- Арқасы бүтін ат семіз.
- Арқасы сау атқа арықшылық жоқ.
- Арық қойда төстік жоқ.
- Арықтың жілігі татымас.
- Арыстан айға шапса, Артқы аяғы сынады.
- Арыстан ақырса, ат аяғы қалтырайды.
- Арыстан ауыздағысын алдырмас.
- Арыстан тісін «мамықтай жұмсақ» деме.
- Ат аттан қалса, құлағын кеседі, Байтал байталдан қалса, шұнағын кеседі.
- Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.
- Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер.
- Ат болатын құлынның бауыры жазық келер, Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
- Ат болатын құлынның мүшесінен, Адам болар баланың кісесінен.
- Ат ерінді, ер мұрынды келер.
- Ат жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа.
- Ат құйрығын таранса, қиналады, Есесіне сыйланады.
- Ат тұяғын тай басар.
- Ата баласының ат маңдайындай белгісі болсын.
- Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.
- Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрны жоқ болсын.
- Атамда болғанша, Алақанымда болсын.
- Атаңда болғанша, Алақаныңда болсын.
- Атасыз ұлдың ауызы үлкен.
- Аттың аты үлкен, Түйенің табаны үлкен.
- Аты бардың қанаты бар, Ұлы бардың дәулеті бар.
- Атын алдырған Ерін жоқтамайды. Басын алдырған Сақалын жоқтамайды.
- Аузы дәм білмегеннің, Мұрны иіс білмейді.
- Аузы кепкен дәмелі астан құр қалады.
- Аузы күйген үрлеп ішер.
- Аузы құлып сандықты Тіс ашпаса, тіл ашар.
- Аузы тынбағанның аяғы тынбас.
- Аузымен айды алады, Қолымен қосаяқ соғады.
- Аузымен орақ орған.
- Аузын аш, Тісі болса қаш.
- Аузына ие болмағанның Қолында ұяты бар.
- Аузынан ана сүті кеппеген, Белінен бесік табы кетпеген.
- Аузынан ішеді, Артынан түседі.
- Аузың бір болса, аспандағыны аласың, Аузың ала болса, алақандағыны алдырасың.
- Аузыңмен алыстағы аттан оздың.
- Ауы атқа қарығанның ерні аққа жариды.
- Ауыз айғақ, Тіл тайғақ.
- Ауыз асағанда, көз ұялады.
- Ауыз баққан, ауылдасқа жаққан.
- Ауызыңа май, астыңа тай.
- Ауылдағының аузы сасық.
- Аш құлақтан, тиыш құлақ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ