Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ат әбзелдері туралы мақал-мәтелдер

«Ат әбзелдері» тақырыбындағы 128 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш атқа жіп құйысқан.
  2. Ағаш қамшы көп болар, Аттанар күні жоқ болар.
  3. Адам алға баса алмас, Балалықты тастамай. Шалға бермес бала бар, Мінгенімен ашамай.
  4. Адам болатын бала, Қонақтың шылбырына оралады.
  5. Адам ғұмыры қамшы сабындай қысқа.
  6. Адамды азық арытады, Атты қазық арытады.
  7. Адамның тізгіні – ақылы.
  8. Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ, Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
  9. Азу тісі қаладай, Жабуы жамшыдай, Құйырығы қамшыдай, Бура сойған не сұмдық!
  10. Айқайдан шыққан ақ бөкен, Қашып қайда құтылар, – Құрулы қақпан жатқан соң? Жылқыдан шыққан қашаған, Қашып қайда құтылар, – Мойнына бұғау атқан соң?
  11. Айқас аяқталмай, атыңның ерін алма.
  12. Айрылайын деген дос Ердің артқы қасын сұрайды.
  13. Айтар сөзге тұшынғаның – Ноқтаға басты ұсынғаның.
  14. Айтқызып істеген істің іске сәндігі жоқ, Қамшылатып шапқан жүйріктің жүйрікке сәндігі жоқ.
  15. Айтсаң сөз өтпес, Айдасаң қамшы өтпес.
  16. Айттырған – жаманның ісі, Қамшылатқан – шабанның ісі.
  17. Айтып сөз өтпейді, Айдап қамшы өтпейді.
  18. Айыл болмаса, ер тұрмайды, Өрімші болмаса, тер тұрмайды.
  19. Айылын тарта алмағанға ат беріпті.
  20. Айылын тарта алмайтынға ат мінгізбе.
  21. Айылын тарта алмасқа ат берме.
  22. Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
  23. Айырылар тамыр ердің артқы қасын сұрайды.
  24. Айырылатын тамыр Ердің артқы қасын сұрайды.
  25. Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз асау.
  26. Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат.
  27. Ақылсыз жігіт аптығар, Арыс жауды жеңгендей. Айласыз келін шаптығар, Айғыр бол деп бергендей.
  28. Ақымаққа арқан көрсетсең, асылып өледі.
  29. Ақымақтан арқан бойы алыс жүр, Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.
  30. Ақымақтың тізгіні – құлағы, Ақылдының тізгіні – көңілі.
  31. Ақымақтың тізгіні – Құлағында болады. Ақылдының тізгіні – Кеудесінде болады.
  32. Ала арқан кеспей арылмас.
  33. Алғаш атыңды тұсаула, Кейін Құдайға тапсыр.
  34. Алдыңғы айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер.
  35. Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы қария тізгінін ұстар.
  36. Алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы.
  37. Алыпқашпа сөзде ауыздық болмас.
  38. Ант ұрғанның ер-тұрманы оңбас.
  39. Аңға айла, Жылқыға құрық.
  40. Арамдықтың арқаны қысқа.
  41. Арғымақ арыды деп жолға тастама, Құлыны жоқ деп ерді жерге тастама.
  42. Арғымаққа жел қамшы.
  43. Арқан бойы жолдың тұсау бойы төтелігі бар.
  44. Арқан жаман болса, ат қашады.
  45. Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.
  46. Арқандағы ат қазығына оралар.
  47. Арқандап баққан ат арық.
  48. Арқандаулы аттан, тұсаулы ат Су сұрамас болар.
  49. Арқандаулы атың – өз атың, Тұсаулы атың – бос атың.
  50. Арқанды ат қазығына оралар.
  51. Арқанның ұзыны жақсы, Әңгіменің қысқасы жақсы.
  52. Арқанның ұзыны жақсы, Сөздің қысқасы жақсы.
  53. Арқанның ұзыны, тұсаудың қысқасы жақсы.
  54. Арқансыз жылқышы – ерін жаяу арқалайды.
  55. Арқасына ер батқан ат аяңшыл келеді.
  56. Арпаң болса, атқа қамшының керегі не?
  57. Артқы айыл берік болса, Атың тулап нетеді.
  58. Артқы айылың мықты болса, Атың тулап не істейді?
  59. Артқы қастың батқанын Қаптал білмес, ат білер.
  60. Арыған ат ауыздығын да ауырсынар.
  61. Арық атқа қамшы ауыр.
  62. Арық атқа қамшы жау, Жыртық үйге тамшы жау.
  63. Арық атқа қамшы ойнар, Жыртық үйге тамшы ойнар.
  64. Арық атқа қамшы үйір, Жыртық үйге тамшы үйір.
  65. Асау атты таға тоқтатады.
  66. Асауға – тұсау.
  67. Асауға ноқта, Жүйрікке – тұмар.
  68. Ат айланып қазығын табар, Ер айланып жазығын табар.
  69. Ат айланып қазығын табар.
  70. Ат арқасына ер батса, аяңшыл болады.
  71. Ат аяғын тағалар.
  72. Ат басына күн туса, Айыл, тұрман садаға; Ер басына күн туса, Бастан құлақ садаға.
  73. Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер. Ер басына күн туса, Етігімен су кешер.
  74. Ат мінсең, еріңді сайла, Егін ексең, келіңді сайла.
  75. Ат өлсе – ер-тоқым үйіледі, Құс өлсе – тұғыры күйінеді.
  76. Ат тапсаң, еріңді сайла, Қысырақ салсаң, желіңді сайла.
  77. Ат тұсаусыз болмас, Адам дұспансыз болмас.
  78. Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. Ер үйірін сағынса, Айыл-тұрман тағынар.
  79. Атдорба түбін жаламай, Ат тойламайды.
  80. Атқа жаның ашыса, Артқы айылды қатты тарт.
  81. Аттан айрылсаң да, Ер-тоқымынан айрылма.
  82. Аттан бұрын ер тап.
  83. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
  84. Атты қамшымен айдама, Талмасын десең, жеммен айда.
  85. Атты қамшымен ұрып секірте алғаныңмен, Семірте алмайсың.
  86. Атты қамшыменен айдасаң, Жаяу қаларсың.
  87. Атты қамшыменен жүргізбе, баппен жүргіз.
  88. Атты тағаласаң, Есек аяғын көтереді.
  89. Аттың басын ноқталап байла.
  90. Атына қарай – тұрманы. Егініне қарай – қырманы.
  91. Атына қарай тұрманы, Еңбегіне қарай қырманы.
  92. Атың арық болса, жерден көрме, Атың жауыр болса, ерден көрме.
  93. Атың тайғақ болса, Ақ текенің мүйізімен тағала. Заманың тайғақ болса, Бір жақсыны сағала.
  94. Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.
  95. Атыңды тасқа арқандап, Тәңірге жыла.
  96. Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма. Қатыныңнан айрылсаң да, Қазан-ошағыңнан айрылма. Қазан-ошағыңнан айрылсаң да, Халқыңнан айрылма!
  97. Атыңнан айырылсаң да, еріңнен айырылма.
  98. Атыңның басын алыпсың да, Жорғасы қалып па? Атыңның жемін таусыпсың да, Дорбасы қалып па?
  99. Аузың өкпеде болсын, Қолың ноқтада болсын.
  100. Ауылыңда қария болса, Жазулы хатпен тең. Айналаңда төбе болса, Ерттеулі атпен тең.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ